Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


-дәріс: Информатика пәні. Информатиканың фундаменталды ұғымдары. Мақсаты



бет11/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

4-дәріс: Информатика пәні. Информатиканың фундаменталды ұғымдары.
Мақсаты: информатика пәні туралы түсінік беру және информатиканың фундаменталды ұғымдарын меңгерту.

Қарастырылатын негізгі сұрақтар:


1. Информатика пәні.
2. Информатиканың фундаменталды ұғымдары.


1. Информатика пәні
Информатика – ақпаратпен жұмыс істеу заңдылықтары, есептеуіш техниканың құралдарымен ақпаратты түрлендіру, сақтау және жіберу туралы, сонымен қатар есептеуіш техниканың құралдарының жұмыс істеу қағидалары мен оларды басқару әдістері туралы ғылым және оқу пәні.
«Информатика» оқу пәні ретінде өзінің қалыптасу деңгейінде: компьютерлік технология өзгерген сайын оны меңгерудің жолдары да өзгеруде. Информатиканың зерттейтін объектілері:

  • Ақпарат;

  • Ақпараттық қорлар;

Зерттейтін мәселесі — ақпаратты өңдеудің әдістері, технологиясы және құралдары.
Информатиканың анықтамасынан оның технологияға өте жақын екендігін байқалады, сондықтан оны ақпараттық технология деп те атайды.
Информатика пәні келесі ұғымдарды қамтиды:

  • Есептеуіш техника құралдарының аппараттық жабдықтамасы (Hardware);

  • Есептеуіш техника құралдарының бағдарламалық жабдықтамасы (Software);

  • Аппараттық және бағдарламалық құралдардың өзара іс-әрекеттері (байланыстары);

  • Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен іс-әрекеттері (байланыстары);

Бұл тізімнен информатикада өзара әректтесу (байланыс жасау) мәселесіне көп көңіл бөлінетіндігі байқалады. Ол үшін тіпті арнайы ұғым енгізілген –интерфейс. Адамның аппараттық және бағдарламалық құралдармен байланыс жасау құралдары мен әдістері пайдаланушының интерфейсі деп аталады. Сәйкесінше аппараттық интерфейс, бағдарламалық интерфейс және аппаратты-бағдарламалық интерфейстер болады.
Информатиканың негізгі мәселесі есептеу техникасының аппараттық және бағдарламалық құралдармен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерін бір жүйеге келтіру. Жүйеге келтіру мақсаты қазіргі кездегі тиімді технологияны бөліп алу, енгізу және дамыту; деректермен жұмыс істеуді автоматтандыру; жаңа технологиялық зерттеулерді әдістемелік жабдықтандыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет