Информатика мұғалімдері мен it мамандарын дайындау білім беру бағдарламалары


Жалпы орта білім беретін орта мектепте информатиканы жаңартылған мазмұн бойынша оқыту құрылымы



бет9/59
Дата17.11.2023
өлшемі367,08 Kb.
#191740
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
современные проблемы мпи умкд 2023- (1) (3)

3. Жалпы орта білім беретін орта мектепте информатиканы жаңартылған мазмұн бойынша оқыту құрылымы
Мектеп информатикасының құрылымы үш кезеңге бөлінеді. Жаңартылған білім мазмұнына көшпес бұрын информатика екі кезенде оқытылды. Мазмұн сызықтық тәсілмен құрылды. Мәселен, 7-сыныпта жүйелік және қолданбалы бағдарламалар қарастырылса, 8-сыныпта алгоритмдеу мен бағдарламалау, 9-сыныпта компьютерлік желілер бөлімдері қамтылды.
I кезең 5-9 сыныптар аралығында оқылатын базалық курс, ол информатика пәні бойынша оқушыларды міндетті жалпы біліммен каруландыруға бағытталған. Бұл кезеңде оқушылар компьютердің архитектурасы және ақпараттық технологиямен жұмыс істеу тәсілдерін үйрене отырып, оқу үдерісінде компьютерді тиімді пайдалана отырып, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастырды. Базалық курсты оқытуда ақпараттың мәні, ақпараттық үдерістердің жалпы заңдылыктары және жүйелік, қолданбалы бағдарламалармен жұмыс жасау, компьютерлік желі арқылы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу тәсілдері туралы түсініктер қалыптасты. Оқушылар алгоритмдеу мен бағдарламалау мүмкіндіктерін, жолдарын есептер шығаруда пайдалану жөнінде мағлұматтар алды.
II кезең 10-11(12) сыныптарда кәсіби-бағдарлы курс ретінде жүреді. Ол оқушылардың сұранысына, қабілетіне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріледі. Мысалы, жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша жоғары деңгейдегі немесе нысанды-бағдарлы бағдарламалау тілі; бағдарламалау және графика негіздері; қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Дербес компьютерді пайдаланушы», «Іс қағаздарын компьютерде жүргізу»; т.б. оқытылады.
Жалпы, базалық курсты оқытуға жылына 34 сағат бөлінсе, 10-11 сыныптарда базистік оқу жоспарындағы таңдау бөлігінің есебінен жылына 68 сағат (аптасына 2-4 сағат) бөлінген.

Информатика курсын мектепте оқыту тәжірибелерін талдау, информатиканы оқыту мақсатының ақпараттық құзыреттілікке ауысуы оқыту кезеңдерін өзгерту қажеттілігін көрсетті. Мұнда оқыту үш кезеңге ауысты. Мазмұн спиралдық тәсілмен құрылды. Мұнда алгоритмдеу мен бағдарламалау бастауы 1 сыныптан бастап, жыл сайын деңгейлеп оқытылатын болды. Мәселен, Scrath → C/C++→ Python → Java тілдеріне ауысып отырады.


Бірінші кезең саналатын 1-4 сыныптарда пропедевтикалық курс окылады. Бұл кезеңде оқушылар компьютермен алғаш рет танысады. Матеметика, орыс тілі және басқа сабақтарда қарапайым компьютерлік жаттықтырғыш, оқыту, ойын бағдарламаларын пайдалану үдерісінде ақпараттық мәдениеттің алғашқы элементтері қалыптасады.
Екінші кезеңде, 5-9 сыныптарда, оқушыларға міндетті жалпы информатикадан базалық білім мазмұны беріледі. Ол оқушыларға акпараттық технология құралдары мен әдістерін пайдаланып, есептер шығару, алдымен оқу іс-әрекетінде, кейін кәсіби салада компьютерді пайдаланушы ретінде саналы да, тиімді пайдалану дағдысын қалыптастыруға бағытталған.
Үшінші кезең (10-11 сыныптар) кәсіби-бағдарлы курс ретінде информатика бойынша білім беруді жалғастырады.
Мектеп информатикасы негізінен теориялық информатика, цифрландыру құралдары, ақпараттық мәдениет, әлеуметтік информатика бөлімдерінен жасақталады.
Курс мазмұны төрт бағытқа сай анықталады. (Кесте 1)

Кесте 1. Информатика курсының мазмұндық бағыттары





Бағыт

Кілттік сөз

Нәтиже

Дүниетанымдық

Ақпарат, компьютерлік графика, ақпараттық қауіпсіздік.

Ақпарат, ақпараттық үдеріс ұғымдары қарастырылады. Курс соңында әлемнің ақпараттық бейнесін түсініп, ақпараттық үдерістерді анықтап, талдау білімдері мен икемділіктері қалыптасады.

Практикалық

Компьютер, компьютерлік желі, робототехника



Компьютерді әмбебап ретінде таниды. Компьютердің қолданылуы туралы түсінік беріледі. Ақпараттық технология жабдықтарымен жұмыс жасау негіздерін үйренеді.

Алгоритмдік

Алгоритм, атқарушы, бағдарламалау

Жоғары деңгейдегі бағдарламалау тілдері оқылады. Алгоритмдеу тәсілдерін, есеп шығару сатыларын меңгереді.

Зерттеушілік

Шығармашылық, жоба

Кез келген түрде берілген ақпараттарды түрлендіру жолдарын үйренеді. Тапсырмаларды, нысандарды шығармашылық тұрғыдан қарап өңдеу икемділігі қалыптасады.



Информатиканы жаңартылған мазмұн бойынша оқыту құрылымы әр кезеңде жалғасушы, дамушы сипатқа ауысады.

4. Мәселелер:


– 1-сыныптың 3 тоқсанында өтетін Scratch программасында жоба құру кезіндегі тапсырмалардың физиологиялық деңгейлеріне сай болмауына байланысты күрделі саналуы.
– 1-сыныптың 4 тоқсанында өтетін роботтармен танысу сабағы кезінде жас ерекшеліктеріне, білім деңгейлеріне сай емес терминдердің болуы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет