Кім қанша өмір сүреді?
Ұзақ жасаудың рекордшылары – тасбақалар, олар 300 жыл өмір сүреді. Тиіндер мен қояндар 10 жылдай, ал құндыз – олардан 3-4 есе артық өмір сүреді. Қасқыр 15 жыл, түлкі 12-13 жыл жасайды. Бұғы мен бұлан – 20 жыл, ал піл 80 жыл жасайды. Үй жануарларының ішндегі ең ұзақ ғұмыр кешетін – есек – 50 жылға дейін . Түйелер мен жылқылар 30 жылға жуық, иттер 15 жыл жасайды. Құстардың ішінде қаздар басқалардан көп өмір сүреді, 40 жылдай. Балықтар арасында – шортандар, олар 200 жылға дейін өмір сүреді.
С деңгейі
Өз отбасыларың туралы әңгіме дайындаңдар. Оны WordPad мәтіндік редакторында теріңдер.
Өз ата-аналарың мен туыстарыңның суреттерін дайындаңдар.
Ерекшелеу→Еркін аймақ сайманын пайдаланып Paint графикалық редакторында суреттерді қырқыңдар.
Суреттерді рамкалаға (мысалы, мынандай виньеткаға) орналастырыңдар.
Графикалық редактордан көшіріп, мәтіндегі есімдердің жанына суреттер кірістіріңдер.
Мәтіннің алдына « Менің отбасым» тақырыбын қосыңдар. Оны өз қалауларың бойынша безендіріңдер.
Жұмысты өз бумаларыңда сақтаңдар және мұғалімге көрсетіңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |