Әсемпазболма әрнеге, Өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан,- дей келе ойынға қатысушыларды қол соғып қошеметтеп ортаға шақырамыз.
Ойыншыларымызға өздерінің әділ бағаларын беретін әділқазыларымызды сайлап алайық. Әділқазылар: Есқұлова Ж, Махметова Г
Ал енді көптен күткен ойынымызға кезек бере отырып,ойыншыларымызға сәттілік тілейік.
Ойынның кезеңдерін таныстырып өтейін:
1 кезең БӘЙГЕ
2 кезең ПОЛИГЛОТ
3 кезең ҒАЖАЙЫП ТӨРТТІК
4 кезең ЖОРҒА Ойын шарты мынадай:
1 кезеңБәйгеде сұрақтар берілген оған оқушылар бірінші болып тетікті басқан оқушы жауап береді. Егер де ал жауап бере алмаса келесі тетікті басқан оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 баллдан есептеледі. Ұпайы аз бір оқушы ойыннан шығарылады.
2 кезең«Полиглотта» әртүрлі сұрақтар берілген оған оқушылар қазақ-орыс-ағылшын тілінде жауап беруге тиіс. Қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір балдан беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 балл беріледі. Толық жауапқа 5 бал. 1 кезеңде балы аз бір оқушы келесі 2 кезеңге өте алмайды.
3 кезең«Ғажайып төрттікте» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егерде жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі. 2 кезеңде қалған 3 оқушыдан балы аз біреуі ойыннан шығады.
4 кезең«Жорғада» балы жоғары 2 оқушы қалып сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке сұрақтарға жауап беруге тиіс.
Ойынның шарты түсінікті, олай ойынға кезекті береміз.
1-кезең Бәйге. 1 кезең бойынша ұпай санын есептеу үшін, сөз кезегі әділқазыларымызға беріледі. Ұпайы аз 1 ойыншымызды ойынымыздан шығарып саламыз.