Мазмұны
Дәрістер
Практикалық сабақтар
Зертханалық сабақтар
Студенттің өздік жұмысы
1. Дәрістер
1-Дәріс. ИНФОРМАТИКА ЖӘНЕ АҚПАРАТ
Дәріс сабағының мазмұны:
Информатиканың негізгі ұғымдары. Информатика құрамы. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар. Ақпараттық технология ұғымы Санау жүйесі
Информатика – ақпаратты зерттеу, оның қасиеттерін білу, өлшеу жөніндегі ғылым саласы. Сонымен қатар, ол – ақпаратты сақтаудың, тасымалдаудың, іздеудің жеңіл және тиімді түрлерін қарастыратын, ақпараттық құрылымын, жалпы қасиеттерін зерттейтін де ғылым.
ХХ ғасырдағы ғылым мен өндірістің жедел өркендеп дамуы адамға керекті ақпараттың тез артуына әкелді. Бұдан ақпаратты кластарға, тақырыптық топтарға бөліп, оларды сақтау, қажет кезінде шапшаң іздеп таба білу және ақпараттың өзгеру заңдылықтарын зерттеу қажеттігі туды. Осы мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттейтін техника саласын алдымен кибернетика, ал кейіннен информатика деп атады. Бұл сөз француз тіліндегі «Informatigue» деген ұғым атауынан шыққан, ал ағылшын тілінде сөйлейтін елдердегі «Computer science» деп аталатын ғылым саласы да осы информатика сөзінің баламасы болып табылады.
Сонымен, ақпараттың түрлену жолдарын зерттейтін ғылымды информатика дейміз. Оның негізгі аппараты электрондық есептеуіш машинасы болып саналады. Сол себепті ЭЕМ-ді зерттеу ілімдерін де информатика деп түсінген жөн. Информатикада 1.1-суретте көрсетілген үш бөліктен тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |