«Информатика» пәнінен оқу-әдістемелік кешені



бет7/8
Дата17.02.2017
өлшемі1,6 Mb.
#9440
1   2   3   4   5   6   7   8

Жұмыс құжаттарымен жұмыс істеуге арналған процедураларды қарастырайық. Жұмыс парақтарын кестелер құру, стстистикалық бағалауларды есептеу, мәліметтер қорын басқару, диаграммаларды дайындау үшін қолданады. Оладың әрқайсысы үшін EXCEL программасы жеке құжат құрып, дискіде файл түрінде сақтайды.


Файл өзара байланысқан жұмыс парақтарынан тұрады, олар 3 өлшемді құжатты құрайды (блокнот, жұмыс папкасы) 3 өлшемді құжаттардың көмегімен пайдаланушы бірмезгілде бірнеше кестелермен, диаграммаларды тікелей пайдаланып, олармен жұмыс істеу тиімділігін арттырады.

Жаңа үшөлшемді құжат әзірлеу. Жаңа құжат құру үшін меню қатарынан File –New директивасын шақырамыз. Экранға Book –2 құжаты шығады:

EXCEL пограммасы жаңа құжаттарға Book атын және ағымдағы реттік номерді береді. Жаңа құжатты Құрал-саймандар тақтасындағы (Пиктографиялық тақта) 1-ші шарт белгісі арқылы құруға болады.



Жаңа жұмыс құжатын іске қосу

Дискіден жұмыс құжаты сақталған файлды іске қосу үшін меню қатарынан File – Open директивасын шақыру керек. Сол сияқты Құрал-саймандар тақтасындағы шартбелгіні пайдалануға болады. Екі жағдайда да файлды іске қосу үшін Сұхбаттық терезе ашылады. Бұл терезеге диск және файл орналасқан директория көрсетіледі. Егер таңдау дұрыс жүргізілсе, онда сол жақты файлдар тізімі көрсетіледі, сол жерден керек файл атын таңдайсыз. Файл атын белгілегенде ол File name – жолында пайда болады, бұдан соң сұхбаттық терезені ОК – батырмасы арқылы жабылады немесе ізделінген файл атында екі рет тышқан батырмасын шерту керек.



Құжатты сақтау

Дайындалған құжатты алғашқы сақтау кезінде меню қатарынан File –Save as... командалар тізбегін орындайды. Бұдан кейін ашылған сұхбаттық терезеде сақталатын файлдың атын, диск және орналасатын директорияны көрсету керек. Excel программасы үнсіздікпен стандартты файл атын ұсынады- Book[ рет номері], қолданушы бұл атты кез келген атпен ауыстыруына болады. Файл атында келесі таңбаларды қолдану қолайсыз - #, $, %, ^,& . Excel программасындағы файлдардың кеңейтілулері - . xls, бұны өзгертуге болмайды. Барлық енгізулер аяқталғаннан кейін Ок-батырмасы баслады.

Резервтік көшірмелерді әзірлеу

Резервтік көшірмені дайындау үшін, меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындап, ашылған диалогтік терезеде Options командалық батырмасын басып, келесі ашылған SaveOptions терезесінде Always Create Backup опциалық батырмасын басамыз. Сонымен енді файлды сақтау кезінде автоматты түрде резервтік көшірмелер жасалып отырады.



Құжатты автоматты түрде сақтау

Меню қатарынан Tools-Add-Ins командалар тізбегін орындап, Кеңейтілулер менеджерін шақырамыз. Ашылған терезеде AutoSave- опциясын іске қосамыз, содан Ок-батырмасы арқылы терезе жабылады.

Бұдан кейін меню қатарынан Tools командасын орындағанда AutoSave диалогтік терезесі ашылып, онда құжатты сақтау интервалдарын көрсетеміз.

Мәліметтерді қорғау

Пароль енгізу үшін меню қатарынан File –Save As командалар тізбегін орындаймыз. Ашылған сұхбаттық терезедегі Options командалық батырмасын пайдаланып, SaveOptions терезесі ашылады, бұл жердегі Protection Password-енгізу жолына жеке паролді көрсетуге болады, сонда файлды іске қосу кезінде осы пароль сұралады.

SaveOptions терезесін жапқаннан кейін, Confirm Password терезесі ашылады, бұл жерде енгізілген пароль рассталады. Егер паролді Write Reservation Password – енгізу жолына жазсақ, файлды ашу кезінде осы паролді сұрайтын сұхбаттық терезе ашылады, бұл жерде паролді енгізіп н/е ReadOnly батырмасын шертеміз. Соғңы жағдайда файлды тек қана оқуға болады, дискіге сол атпен көшіруге болмайды.

Кестелік есептеулер

Формулалар мен функцияларды қолдану мүмкіндігі электрондық кестелермен жұмыс істеудің негізгі қасиеттерінің бірі. Бұл кестедегі сандық мәндерге статистикалық талдаулар жасауға мүмкіндік береді.

Формулаларды енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Ұяшықтарға енгізілетін формула “=” белгісінен басталып, ары қарай математикалық теңдіктер жазылады, олар аргументтерден, арифметикалық операциялардан және функциялардан тұрады. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа С1+Ғ5 формуласын енгізу үшін оны =С1+Ғ5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз С1 ұяшығындағы мәліметтерге Ғ5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Формулалардағы аргументтер ретінде сандар және ұяшық адрестері пайдаланылады. Арифметикалық операциялар үшін келесі белгілер пайдаланылады: +; - ; * ; / .

Формулада сонымен қатар басқа жұмыс беттеріндегі ұяшықтарға немесе басқа файлдағы кестелерге сілтемелер кездесуі мүмкін. Орнатылған формулалар Менеджері пайдаланушыға үлкен кестедегі қатені, қате сілтемелерді табуға көмектеседі. Формулаларды енгізуді жеңілдету үшін теңдік белгісінен кейін пайдаланылатын ұяшықтарды тышқан батырмасы арқылы нұсқауға болады.

Күрделі формулаларды пайдаланудың мысалы:

Жұмысты орындауға кеткен уақыт С-бағанында көрсетілген, D бағанында бір жұмыс сағаттының бағасы көрсетілген, Е бағанында осы жұмысқа төленетін ақы аралық соммасы көрсетілген. Е16 ұяшығында барлық жұмыстарының жалпы қосындысын көрсету керек. Бұл үшін келесі формуланы жазамыз: Е12+Е13+Е14. Шықан сомманы 0.15 көбейтеміз, қосылған бағаның салығын есептеу үшін Е17:=Е16*0.15 ұяшығында жазамыз.

Соңғы төлеуге арналған сомманы есптеу үшін аралық сомманы қосып аламыз сосын нәтижені 0.15 көбейтеміз. Сандарды қосау үшін SUM() фунцциясын қолдануға болады, онда формула мына түрде болады: Sum(E12:E14)*0.15.

Ұяшықты редакциялау үшін алдымен оны белгілейміз. Келесі қатарында Ғ2 батырмасын басып, редакциялау режимін қосу керек. Excel программасында ұяшыққа сілтеме жасау оңай. Сілтеме қойылғанан кейін ол автоматты түрде жаңарады.

Сәйкес ұяшықтың адресін жаңа жұмыс бетінде орналастыру керек, мысалы В3 ұяшығына қарау үшін Sheet2 жұмыс бетінде мына формуланы енгізу керек: Sheet2 !В3.Егер беттің аталуы арасында пробел болса, онда ол тырнақшаға алынады. Ұяшық адрестері латын әріптерімен жазылады. Екі ұяшықты ақпаратттарды байланыстыруды оңайлату үшін нақты ұяшықтары белгіні буферге көшіреміз және нәтиже шығатын ұяшықты белгілейміз. Paste Special дерективасын Edit менюінан диалогтар терезесінің Paste Link батырмасын басамыз.

Айталық, барлық ұяшықтар тобының соммасын есептеу керек болсын, бұл үшін барлық ұяшықтарды белгілеп алып әрқайсына формулалар жазу керек. Insert менюінда белгіленген ұяшықтар тобының атарын Name ішкі менюіна немесе Define дерективасына шақыру керек. Define Name диалогтар терезесінде осы тооптың атын енгізіңіз. Топтың аты әріптен басталу қажет және 255 символдан аспау қажет. Пробелдар пайдаланбайды. Топтың аты ұяшықтар адресімен бірдей болмау керек. Осы терезеде блокнотқа арналған топ атары тізімі көрсетілген.

Егер сіздің кестеңізде жолдар мен бағаналардың атары бар болса, онда бұл атарды осы аймақтардың аты ретінде алуға болады. Бұл үшін көрші жолдармен ұяшықтарды және жолдарды белгілеп алу керек, Insert Name менюіна Create дерективасын таңдау қажет. Ашылған диалог терезеден атардың орналасқан жері таңдап ОК кнопкасын басу керек.

Егер Define Name диалогтар терезесін шақырсақ, онда Excel программасы белгіленген жолдармен бағаналарға осы атарды бергенін көреміз.

Диаграммаларды құру және көркемдеу



  1. Графикалық диаграммалар кестедегі сандардың бос бағаналарын көркемдейді. Excel 5-ші версиясында жаңадан диаграммалар конструктары шыққан, онда «көрсетілімдік сапа» диаграммаларын құруға болады.

Әдемі үштік диаграмма тек қана көзге көрнеклікке ғана емес документ сапасының жақсаруына мүмкіндік жасайды. Диаграмманың кестенің жаңына орналастыруға болады немесе оны басқа жұмыс бетіне орналастыруға болады. Диаграммалар конструктары Excel программасында өте бір күшті құрылғы болып табылады.

Диаграмманы тұрғузы көмегімен бірнеше қадамдар жасауға болады. Конструкторға кестенің ортасы диаграмманың типі, жазбасы және түсі көрсетіледі. Конструктор диаграммасын шақыру үшін негізгі тақтада пиктограмма берілген.

Конструктор диаграммасы диаграмманың орналасқан жері туралы ақпаратты күтеді, сондықтан маус көрсеткіші пиктограмма формасын алады. Сіз диаграмма орналасатын жұмыс бетінің бос орында маус көрсеткіші көмегімен төртбұрыш қоюңыз қажет. Бұл үшін маустың сол батырмасын басып, жібермей, төртбұрыштың аймақтарын көрсетіп қоюмыз қажет. Егер диаграмманы бөлек бетте құру керек болса, онда Insert менюінің Chart ішкі менюін таңдап ондағы As New Sheet директивын таңдаңыз.

Осыдан кейін крнструктор диалогты терезе ашады, мұнда бес қадам арқылы диаграмма құру қажет. Бірақта алдымен диаграмма ненің негізінде құрылатынын, қай кестеден джеректер алу керек екенін және позициясын көрсету қажет. Бұл үшін бірінші қадамда маус көмегімен барлық жолдар мен бағаналарды және кестені белгілеп алу қажет.

Келесі екі қадамды орындау үшін, Next батырмасын басып, берілген типтің үлгілері мен диаграммалар түрінен сәйкес керегін таңдаңыз. Төртінші қадамда конструктор алдын ала диаграммаларды қарап шығу үшін мүмкіндік жасайды. Соңғы бесінші қадамда диаграмманың атын беру керек. Қорыта келе Finish батырмасын басыңыз, сонда жұмыс бетінің көрсетілген аймағында диаграмма пайда болады.

Тізімдерді өңдеу

Тізімдер біртекті деректер жиынмен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік жасайды. Тізім дегеніміз біртекті құрылғысы бар реттелген деректердің жиыны. Мысалы, абоненттердің фамилиясы және телефон номірі жазылған телефондық анықтама тізім болып табылады. Тізімнің әр элементті деректер бірнеше аландарға бөлінген бір жолда орналастырады. Excel программасында тізімдер кестенің өңдеу операциясының арнайы бір түрі болып табылады; тізімдер – дерекқордың ішкі, жолдары немесе алаңдары (бағаналары) болып табылады. Автоматты фильтрлар анықталған бір тапсырма орындалуы кезінде ғана тізімнің бөліктерін шығарады.

Техникалық асағынан алғанда тізімдер қарапайым кесте сияқты, бұлар үшін Excel программасы толықтырылған өңдеу операциясын жүргізеді. Мысалы, тауарлар тізімінің алаңдарын: артикул нөмңрң, тауар аты, бағасы және оның қоймада бар болуы сияқты деректер жазуға болады. Алаңдар атын Excel программадағы тізімде алаңды іздеуге және өңдеу үшін алады. Бұл атаулар кесте бағаналары атауымен сәйкес болады.

Жұмыс бетінің бірінші жолына тізімнің жеке бөлек алаңдарының атын енгізіңіз. Олардың арасында бос бағаналардың қалуын қадағалаңыз. Бұл жолды Excel программасы тізім тақырыбы жолы ретінде қарастырады. Келесі жолдан бастап өз деректеріңізді енгізіңіз.

Data менюінен Form директивасын шақырған соң диалогтік терезе ашылады, мұнда бірінші жолдың программа тізім тақырыбы туралы сұрайды. “ОК” батырманы дұрыстығы үшін басу керек.

Бұдан кейін деректер енгізу үшін диалогтік терезе ашылады, мұнда тізімнің әр алаңына енгізу алаңы сәйкес болады. Барлық алаңдар деректермен толтырылғаннан кейін, енгізілген элементті тізімге қосу үшін NEW батырмасын басыңыз. Содан кейін келесі деректер элементін енгізу керек. Қорытындыда Close батырмасын терезені жабу үшін қолданыңыз. Кез келген жаңа тізімді бөлек жұмыс бетіне құру керек.

Data менюінен Form директивасын шақырғаннан соң диалог терезесінде тізімнің бірінші элементі шығады. Іздеу режиміне ену үшін Criteria батырмасын басыңыз. Диалог терезесінің түрі өзгереді, Criteria батырмасы Form батырмасына өзгереді. Енгізілген белгі іздеу критериясының белгісі болады. Енгізу барысында алаңдар ретін өзгертпеңіз.

Енді Find Next командалық батырмасын басыңыз. Excel программасы тізімнің бірінші элементінен бастап, керек элементі іздеуді бастайды. Егер программа қажет элементті тапса, ол диалогты терезеге шығады. Егер іздеу шартын қанағаттандыратын тағы бір элементті табу керек болса, Find Next батырмасын басыңыз. Егер іздеуді кері бағытта жүргізу керек болса, Find Prev командалық батырмасына басыңыз. Іздеуде әртүрлі критерияларды араластыруға болады. Мысалы, кейбір алаңдар белгісі берілген саннан үлкен болса немесе берілген символдар тізбегінен сәйкес болса, іздеу элементтерін енгізуге болады.

Егер іздеу критериясын бірде-бір элемент қанағаттандырмаса, дауыс сигналы естіледі. Бірнеше іздеу критериялары берілсе, программа берілген шартты қанағаттандыратын элементті ғана табады.

Деректерді талдау

Excel программа үлкен тізімдерді талдау үшін арнай құралдар қарастырылған.

Деректерді талдау деп – кесте деректері бағынатын, белгілі бір заңдылықтар мен тенденцияларды түсінетін әдістерді айтамыз. Excel программасының версиясына енген (Pivot Table) тірек кестесі тізім деректерінің өзара қатынасын талдауға арналған. Тірек кестесі, кесте конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын интерактивті режимде алаңдар атын кестенің бір бөлігінен екінші бөлігіне ауыстыру арқылы өзгертуге болады.

Тірек кестелерінен басқа Excel программа деректерді жиын арқылы талдау әдісі бар. Теңдеуді шешуді іздеу директивасы өте пайдалы, мұнда анықталған қатынасты қанағаттандыратын берілген алаң белгісі арқылы басқа белгілер табылады.

Data менюінен Pivot Table директивасының диалог терезесінен тірек кестелерінің констуркторын ашыңыз. Бұл терезеде 4 қадам арқылы тірек кестесін құруға болады.

Бірінші қадамда деректер түсуінің алыну көзін көрсету керек. Егер алынатын деректер тізімде бар болса, MS Excel List or Database селекторлық батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз.

Екінші қадамда тізім орналасқан жұмыс бетінің ортасын көрсету қажет. Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің жарты бөлігін ғана беруге болады.

Үшінші қадамда (Layout) тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң жағында тізім атаулары орналасады, ал ортада – тірек кестесінің құрылымы ұсынылады. Бұл алаңда, жол, бағана дәне деректер алаңы бар болады. Кесте құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін маус көмегімен енгіземіз. Тірек кестесін құрғанда келесі ережелерді ұстаныңыз. Деректерге талдау жасалатын алаңдар аттарын Data деректер алаңына сүйретіп әкеліңіз. Жол аттары жазылады ROW-ға, және бағана аттары жазылатын Column-ға классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next батырмасын басыңыз. Төртінші қадамда кесте құруға арналған бірнеше опцияларды беруге болады. Pivot Table енгізу алаңына Starttng Cele адресі көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу алаңында кесте аты көрсетіледі.егер бақылау индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows енгізу қажет, сонда тірек кестесінің әрбір жолы мен әр бағанында жалпы соммалар есептелетін болады. Тірек кестесі мен алынатын тізімнің арасында статикалық байланыс бар, ол байланыс тек кесте құрғанда ғана бар болады. Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесті өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Қолданбалы программалық жабдықтың құрамы.

  2. Сериялы құжаттарды дайындау принциптері.

  3. Презентация өңдеу этаптары.

  4. Excel –де адресациялау түсінігі?

  5. Адресация типтері.

  6. Абсолюттік адресация дегеніміз не?

  7. Салыстырмалы адресация дегеніміз не?

  8. Диаграмма түрлері.

Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Microsoft Ехсеl 97. Шаг за шагом: пер. с анг. - М.: Эконом, 1998


13-Дәріс. MS Access мәліметтер қорын басқару жүйесі

Дәріс сабағының мазмұны:

Мәлiметтер базасы түсiнiгi.

МБ объектiлерi.

Объектпен жұмыс тәртiптерi.

Кестемен жұмыс.

Формамен жұмыс істеу.

Сұраныс құру және қолдану.

Есеп берудi өндеу.



Мәліметтер қоры

Кез келген ақпараттық жүйенің мақсаты – нақты өмірдің объектілері туралы мәліметтерді өңдеу. Мәліметтер қоры сөзін кеңінен алғанда – бұл қандайда бір пәндік облыста шынайы өмірдің нақты объектілері туралы мәліметтер жиынтығы. Пәндік облыс деп шынайы өмірдің бір бөлігі деп түсінуге болады.

Мәліметтер қорын құрған кезде пайдаланушы ақпаратты әр түрлі белгілер бойынша сұрыптауға және белгілердің дербес құрылымын таңдауды тез жүзеге асыруға ұмтылады.

Құрылымдылық (структурирование) – бұл мәліметтерді көрсету әдістері туралы келісімдерді енгізу. Құрылымдылық емес деп мысалы, текстік файлда жазылған мәліметтерді айтамыз.



Мысал 1. Суретте студенттер туралы мағлұматтар бар (жеке іс-қағазының нөмірі, фамилиясы, аты, отчествосы және туған жылы) құрылымдылық емес мәліметтерге мысал келтірілген. Құрылымдылық емес түрде сақталған қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру өте қиын, ал мұндай ақпаратты сұрыптау мүмкін емес.

Жеке іс қағаз №16562, Рамазанов Жасулан Рамазанұлы, туған жылы 1 ақпан 1985ж., Ж/қ №45621, Мустафина Динара Токтарқызы, туған жылы 12 маусым 1986ж., Ж/қ №78521, Жайлганова Меруерт Саттарқызы, туған жылы 15 қараша 1981 ж.

Осы ақпаратты іздеуді автоматтандыру және жүйелеу үшін мәліметтерді көрсету әдістері туралы қандайда бір келісімді анықтау қажет, яғни туған жылды әр студентке бірдей жазу керек, ол қалған ақпараттың ортасында бірдей ұзындық және орын алу керек. Бұл ескертулер қалған мәліметтерге де қатысты (жеке іс қағаздың нөмірі, фамилия, аты, отчествосы).

Мысал 2. 1 мысалда берілген ақпаратпен қарапайым құрылымын өзгерту кезінде мына суреттегідей түрге келеді.

Жеке іс қағаз №

Фамилия

Аты

Отчествосы

Туған жылы

16562

Рамазанов

Жасулан

Рамазанұлы

01.02.85

45621

Мустафина

Динара

Токтарқызы

12.06.86

78521

Жайлганова

Меруерт

Саттарқызы

15.11.81

Мәліметтер қорын пайдаланушылар болып әр түрлі қолданбалы программалар, программалық кешендер, сонымен қатар ақырғы пайдаланушылар (конечные пользователи) деп аталатын мәліметтерді пайдаланушылар рөлінде шығатын пәндік облыстың мамандары болуы мүмкін.

Мәліметтер қорының қазіргі технологиясында мәліметтер қорын құру, оны қолдау және оған пайдаланушылардың кіруін қамтамасыз ету арнайы программалық инструментарий – мәліметтер қорын басқару жүйесі көмегімен жүзеге асыруды болжайды.

Мәліметтер қоры (МҚ) – бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық мәліметтердің аталынған жиынтығы.

Мәліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) – бұл мәліметтер қорын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені.



Мәліметтер қорының құрылымдық элементтері

Мәліметтер қоры түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) сияқты құрылымдық элементтер түсінігімен тығыз байланысты.



Имя поля 1

Имя поля 2

Имя поля 3

Имя поля 4

Имя поля 5














































Өріс – ақпараттық бөлінбейтін өлшемі – реквизиттерге сәйкес келетін мәліметтерді логикалық ұйымдастырудың элементарлық бірлігі. Өрісті суреттеу үшін келесі сипаттамалар пайдаланылады:

-аты, мысалы, Фамилия, аты, отчествосы, туған жылы;

-тип, мысалы, символдық, сандық, күнтізбелік;

-ұзындық, мысалы, 15 байт, символдық максималды мүмкін санымен анықталады;

-сандық мәліметтер үшін нақтылық, мысалы, санның қалдық жағын суреттеуге арналған екі онсандық белгілер.

Жазба - өрістердің логикалық байланысқан жиынтығы. Жазбаның көшірмесі – оның өрістерінің нақты мәндері құрамына кіретін жазбаларды жеке өңдеу.

Файл (кесте) – бір құрылымның жазбалар көшірмесінің жиынтығы.

Файл жазбасының логикалық құрылымын суреттеу жазба өрістерінің орналасқан жерін және оның негізгі сипаттамаларын суреттен көруге болады.



Файл аты

Өріс

Кілт белгісі

Өрістің форматы

Аты (белгіленуі)

Толық аталуы

Типі

Ұзындығы

Нақтылығы (сандар үшін)

аты 1
















...
















аты n
















Файлды жазу құрылымында өрістің кілттер болып табылатын мәндері көрсетіледі. Олар: алғашқы кілттер (первичные ключи) - жазба көшірмесін идентификациялайды, екінші кілттер (вторичные ключи) – іздеушілік немесе топтастырушылық белгілер рөлін орындайды.

Мысал. Суретте СТУДЕНТ файлы (кестесі) жазбасының логикалық құрылымын суреттеу мысалы келтірілген. СТУДЕНТ файлы жазбасының құрылымы сызықтық. Жазбада өріс мәнінің қайталанатын топтары жоқ. Өріс мәніне қарау оның номері арқылы жүреді.

Файл аты: СТУДЕНТ

Өріс

Кілт белгісі

Өріс форматы

Белгіленуі

Атауы

типі

ұзындығы

нақтылығы

Номер

Жеке іс-қағазының№

*

Симв

5




Фамилия

Студент фамилиясы




Симв

15




Аты

Студент аты




Симв

10




Отчествосы

Студент отчествосы




Симв

15




Күні

Туған күні




Уақыт

8




Мәліметтер моделінің тұрлері

Мәліметтер моделі – мәліметтер құрылымы мен оларды өңдеу операциялары жиынтығы.

МҚБЖ иерархиялық, тораптық немесе реляциялық модельдерді пайдалануға негізделген. Мәліметтер моделінің негізгі үш типін қарастырайық: иерархиялық, тораптық және реляциялық.

Мәліметтердің иерархиялық моделі

Иерархиялық құрылым анықталған ережелер бойынша өзара байланысқан элементтер жиынтығы. Иерархиялық қатынастармен байланысқан объектілер қалыптанған графты құрады, оның жалпы түрі суретте көрсетілген.



Иерархиялық құрылымның негізгі түсініктеріне: деңгей, элемент (торап), байланыс жатады. Торап – қандайда бір объектіні суреттейтін мәліметтер атрибуттарынының жиынтығы. Иерархиялық тоғай схемасында тораптар граф төбесімен көрсетілген. Өте төменгі деңгейдегі әрбір торап одан жоғары деңгейде орналасқан бір тораппен ғана байланысқан. Иерархиялық тоғай ешқандай басқа төбеге бағынышты емес және ең жоғарғы деңгейде тұрған тек бір ғана төбесі (тоғай түбі) бар. Қатысты (бағынышты) тораптар екінші, үшінші және т.с.с. деңгейлерде орналасқан. Мәліметтер қорында тоғайлар саны түбірлік жазбалар санымен анықталады.

Мәліметтер қорының әрбір жазбасында түбірлік жазбана тек бір ғана жолы бар. Мысалы, суреттен С4 жазбасы үшін жол А мен В3 жазбалары арқылы өтетінін көреміз.

Мәліметтердің тораптық моделі

Тораптық құрылымда осы негізгі түсініктер (деңгей, торап, байланыс) арқылы әрбір элемент кез келген басқа элементпен байланысуы мүмкін.



Суретте мәліметтер қорының тораптық құрылымы граф түрінде көрсетілген.




Мәліметтердің реляциялық моделі

Реляциялық (ағыл. relation – қатынас) түсінігі Е.Коддтың мәліметтер қоры жүйесі облысында белгілі американдық маманның құрастыруымен байланысты.

Бұл модельдер мәліметтер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы және мәліметтерді өңдеуге арналған реляциялық есептеулерді жүргізу мүмкіндігімен сипатталады.

Реляциялық модель екіөлшемді кестелер түріндегі мәліметтерді ұйымдастыруға бағытталған. Әрбір реляциялық кесте екіөлшемді массивті көрсетеді және келесі құрамнан құрады:



  • әрбір кестенің элементі – мәліметтердің бір элементі;

  • кестедегі барлық бағандар бірдей, яғни бағандағы барлық элементтерде бірдей типі (сандық, символдық және т.б.) мен ұзындығы бар;

  • әрбір бағанның өзгеше аты бар;

  • кестеде бірдей жолдар жоқ;

  • жолдар мен бағандардың реті дербес болуы мүмкін.

Қатынастар кесте түрінде көрсетілген, жолдар жазбаларға, ал бағандар – қатынас атрибуттарына, домендерге, өрістерге сәйкес келеді.

Әрбір мәні сәйкес жазбамен анықталатын өріс қарапайым кілт (кілттік өріс) деп аталады. Егер жазбалар бірнеше өрістердің мәнімен анықталса, онда мәліметтер қорының мұндай кестесінің құрама кілті болады.

Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілті құрамына (кілттер бір-біріне сәйкес келуі мүмкін) енгізу қажет, кері жағдайда бірінші кесте құрылымына сыртқы кілт - екінші кестенің кілтін енгізу керек.

Мәліметтер қоры бірнеше байланысқан кестелерден тұруы мүмкін. Қатынастармен байланысқан кестелер келесі принцип бойынша іс-әрекет етеді: бастапқы және бағынышты. Бастапқы кестені ата-аналық (родительский) деп, ал бағыныштыны – аналық (дочерний) деп те атайды.

МҚ кестелері келесі принциптердің біреуімен қатынасады:


  • "один – к - одному";

  • "многие – к - одному";

  • "один – ко - многим";

  • "многие – ко - многим".

1. "Один – к - одному" байланысы

Мұндай байланыста ата-аналық кестедегі бір жазба аналық кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді.



2. "Один – ко – многим" байланысы

3. "Многие – к –одному" байланысы

"Один – ко – многим" ("многие – к – одному") байланысының екі түрін қарастырады:



  • бірінші жағдайда бастапқы кестедегі барлық жазбалар бағынышты кестедегі жазбалармен сәйкес келуі керек;

  • екінші жағдайда мұндай қатаң талаптар қойылмайды және бастапқы кестедегі кейбір жазбалар бағынышты кестедегі байланысқан жазбалары болмауы мүмкін.

4. "Многие – ко – многим" байланысы

Мәліметтер қорын кез келген "многие – ко – многим" байланысы "один – ко – многим" (многие – к – одному") байланысының бір немесе бірнешеуімен ауыстырылуы мүмкін болатындай құруға мүмкіндік береді.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:


  1. Құрылымдылық дегеніміз не?

  2. Мәліметтер қоры дегеніміз не?

  3. МҚБЖ дегеніміз не?

  4. Мәліметтер моделі дегеніміз не?

  5. Иерархиялық, тораптық және реляциялық мәліметтер модельдері нені көрсетеді?

  6. Өріс, жазба дегеніміз не?

  7. Кілттік өріс дегеніміз не?

  8. Байланыстың қандай түрін МҚ кестелері арасына орнатуға болады?

Ұсынылатын әдебиеттер :



негізгі Әдебиеттер

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000: Білім, 1995

Золотова С.И. Практикум по Ассеss, М.: Финансы и статистика, 2001.


14-Дәріс. Компьютерлік желілер және ИНТЕРНЕТ

Дәріс сабағының мазмұны:

Жүйелер туралы жалпы мәліметтер, компьютерлердің өзара жүйелі жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі.

Интернет.

Электронды почта.

Компьютерлік желілер ауқымды және жергілікті желілер болып бөлінетіні белгілі.

Жергілікті желілер – бір-бірімен қатар орналасқан компьютерді біріктіретін жүйелер. Мұндайда компьютерлерді байланыстыру осы мекеменің өздеріне бөлінген байланыс каналдары арқылы жүргізіледі. Жергілікті желілерде компьютер арасында ақпаратты жеткізу жылдамдығы өте жоғары болады, олар секундына 10, айта берсек 100 мегабитке де жетеді.

Компьютерді желіге қосу арнаулы желі адаптері арқылы орындалады. Желі адаптерлері қызмет істеу топологиясына қарай екі топқа бөлінеді. Қарапайым жергілікті желіде шиналық немесе жұлдыз тәрізді топология болады. Шоғырланған сымдар арқылы байланысатын шиналық топологияның негізгі кемшілігі – кабель үзілсе, желі түгелдей жұмыс істемей қалады.

Соңғы кездерде бір ғимаратқа орналасқан жергілікті радиоторапты желілер кең тарап келеді. Мұның артықшылығы – біріншіден, жалпы көрсеткіштері ойдағыдай болғанмен бағасы онша қымбат емес, екіншіден, жұмыс істеп тұрған кабельдік желілермен оңай байланысады.

Жергілікті желілерді пайдаланылатын программалық жабдықтарына қарай екіге бөлуге болады:

Біріншіден – арнаулы файл-серверлер бөлініп берілген желілер, бұлардың құрамындағы бір немесе бірнеше компьютерлерде арнаулы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі реурстарын пайдалануды қамтамасыз ету.

Екінші топ – бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайдаланылатын жеке компьютер болмайды. Кез келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді, құрылғыларын да ортақтастыру мүмкіндігі бар.

Ауқымды желі – олардың ара қашықтығына ешбір шек қойылмайды. Әр түрлі мемлекеттердегі, айта берсек, әр құрлықтарда орналасқан компьютерлерді бір-бірімен байланыстыратын ауқымды желілер бар. Ауқымды желілер жүйесінің компьютерлері арасындағы жылдамдық жергілікті желідегідей жоғары емес, телефон каналдарын пайдалану кезіндегі оның жылдамдығы секундына 2400-57600 биттер аралығында болады.

Егер басқа мекемеден мәліметтер алу жұмыстары жиі кездесетін болса, онда модем сатып алу, компьютердің ауқымды желілерінің біріне қосылу амалын қарастырған жөн.

Компьютерлерді ауқымды желімен байланыстыру үшін модем сатып алып, оны кез келген бір телефонға жалғау жеткілікті.

Дүние жүзінде көптеген ауқымды компьютерлік желілер бар, бірақ олардың арасында ең белгісі Internet есептеледі.

Ауқымды және жергілікті желілердің қолданылу мақсаттары әр түрлі, бұл екеуі де компьютерлік технологияның зор жетістіктері қатарына жатады.



Интернет (англ. Іnternet — жүйелер арасы) — дүние жүзіндегі ондаған мың жүйелерді біріктірген әлемдік алып компьютерлік жүйе. Оның қызметі – тілек білдірушіні кез-келген ақпаратпен үнемі қамтамасыз ету. Интернет шексіз ақпараттық ресурстар пайдалы мағлұмат, оқу, ойын ұсынады білетін адамдармен араласуға мүмкіндік туғызады, қашықтықтағы қызмет көрсетулерді, файлдарды электронды почта жіберуді және де басқа ақпараттық ресурстарды ұсынады. Интернет дүние жүзіндегі адамдарды бір-бірімен араласуы үшін жаңа, ешқайда баламасы жоқ тәсілдермен қамтамасыз етеді.  

Жүйенің арқасында (тегін немесе орынды ақы төлеу арқылы) орасан көп ақпараттар алуға болады. Сонымен, пайдаланушы кез-келген мемлекеттегі өзінің қызығушылығымен бөлісетін адаммен интернет арқылы байланыса алады немесе электронды кітапханадан құнды мәліметтер ала алады, тіпті егер олар әлемнің басқа шетінде болса да.

Қажетті ақпарат спутник, мұхит түбі, таулар мен теңіздер, кабельдер мен радио арқылы, аралық компьютердің ұзын тізбек жолдарынанөтіп санаулы секундта оның компьютерінде болады.

Интернет өкіметтер, ғылыми және ағарту мекемелері, комерциялық құрылымдар мен әлемнің барлық бөлігіндегі миллиондаған жеке адамдар есебінен қаржыландырылады, бірақ оның анық иесі болып ешкім есептелмейді. Жүйені шақырылған ерікті адамдардан құралған “Интернет архитектурасының Кеңесі” басқарады.

Жүйе 1984 жылы құрылған, қазір оны мөлшермен алғанда қырық миллиондай адам пайдаланады. Интернет уақыт сайын өзгеріп отырады, себебі өздері үшін бағдарлама жазып, одан кейін оны тілек білдірушілерге тарататын маман қолданушылары көп.

Жаңа серверлер үнемі пайда болады, ал бұрынғылары өз “репертуарларын” жаңартады. Ақпараттар легі үздіксіз өсуде.

Интернетпен байлансыудың ең кең тараған және арзан тәсілі – модем және телефон жүйесі арқылы байланысу. Осыған байланысты Интернетке қосудың қызмет көрсету көлемдері мен бағасы жағынан бір-бірінен өзгешеленетін үш түрі бар:


  1. почталық — кез-келген Интернетті қолданушымен тек электронды пчта арқылы алмасуға рұқсат береді, ең арзан түрі;

  2. on-lіne тәртібінде сеанстік (“тікелей байланыста”) — диалогтік тәртіптегі жұмыс — жүйесінің барлық мүмкіндігі сеанс уақытында;

  3. тура (жеке), ең қымбат тұратын — барлық мүмкіншілігі кез-келген уақытта.

Сеанс тәртібіндегі жұмыс кезінде Интернетке кіру көбінесе провайдерлерден (англ. provіde — рұқсат беру, қамтамасыз ету), Интернеттің кейбір бөліктеріне кіруге және оның пайдаланушыларына алуан түрлі қызметтерді жеткізіп беретін фирмалардан сатып алынады.

Интернеттің кейбір маршрутизаторлардың көмегімен өзара байланысатын учаскелерді әр түрлі архитектурадағы жүйелерді ұсынады. Жіберілетін мәліметтер, пакеттер деп аталатын кішігірім тиісті бөліктерге бөлінеді. Әрбір басқа пакеттерге қатысы жоқ пакет жүйе бойынша орналастырылады.

Интернеттегі жүйелер бір-бірімен шексіз байланыста болады, себебі мәлімет беруге қатысатын барлық компьютерлер TCP/ІP комуникациясының біркелкі протоколын пайдаланады.

Шындығында TCP/ІP протоколы — жүйедегі мәліметтерді жіберудіңәр түрлі аспектілерін анықтайтын әр басқа екі протокол.



  • TCP протоколы (Transmіssіon Control Protocol) — қателері бар пакеттерді автоматты түрде қайтадан жіберетін, мәліметтерді жіберетін басқару протоколы; бұл протокол жіберілген ақпараттарды пакеттерге бөлу, қабылдаушы пакеттеріндегі ақпараттардың дұрыс қалпына келтіруі үшін жауапты;

  • ІP протокол (Іnternet Protocol) — жүйеаралық өзара әрекеттердің протоколы. Ол паектті адресіне жіберу және қажет пунктіне беру жолында тұрған бірнеше жүйелерден өту мүмкіншілігін жасауға жауапты протокол.

TCP/ІP протоколы бойынша ақпараттарды жіберу схемасы мынадай: ТСР протоколы ақпаратты пакеттерге бөліп, оларды нөмірлейді; одан соң ІP протоколының көмегімен барлық пакеттер қабылдаушыға тапсырылады, сол жерде барлық пакеттердің қабылданғаны жайында ТСР протоколының көмегімен тексеріледі; барлық паекттер қабылданып болған соң ТСР протоколы оларды қажетті тәртіп бойынша орналастырады және бір тұтас етіп жинайды.

Әрбір Интернетке қосылған компьютерлердің бағалары бірдей, өте сирек кездесетін екі мекен-жайы: сандық ІP-мекен-жай (цифровой ІP-адрес) және символды домналық мекен-жайы (символический доменный адрес) бар. Мекен-жайды (адрестерді) тағайындау мынадай схема бойынша жүргізіледі: Жүйелі ақпараттық Орталық халықаралық ұйымы локальды жүйелердің қожалары (иелеріне) мекен-жайлардың топтамасын береді, ал қалғандары нақты мекен-жайларды өз еріктеріне бөледі.

ІP-компьютердің адресі, оның ұзындығы 4 байт. Әдетте бірінші және екінші байттар жиі адресін, ал үшінші байт жүйе бөлімшесінің мекен-жайын, ал төртіншісі – бөлімше жүйенің тармағының адресін анықтайды. ІP-ке ыңғайлы бөлу үшін адрес нүктелермен бөлініп 0-ден 255-ке дейінгі төрт таңбалы сандармен жазылады, мысалы: 145.37.5.150. Жүйне адресі — 145.37; адрес жүйе бөлімшесінің — 5; компьютердің жүйедегі адресі — 150.

Сандық адрестен домналық (англ. domaіn — област), адрестің айырмашылығы оның символикалығында және оны адам есте жақсы сақтайды. Домналық адрсетің мысалы, barsuk.les.nora.ru. бұл жердегі домна barsuk — компьютердің анық атауы, өз ІP-адресі бар, домна les — өзі компьютерге берілген топтың атауы, домна nora les — домнасына атау берген өте ірі топтың атауы, және т.с.с. Домналық адрес мәліметтер жіберу процессінде ІP-адресіне өзгереді.

Интернет жүйесінің негізгі сервиздері.

World Wіde Web (WWW, “Әлемдік өрмекші торы”) — гипертекстік, дәлірек айтқанда, Интернет ресурстарын іздеудің гипермедиалық ақпараттық жүйесі және оған кіру.



Гипертекст — компьютер экранында текст элементтері арасындағы мағыналық байланыстарды тауып көрсетіп отырып, бір элементтен екіншісіне оңай көшіруге жағдай жасайтын ақпараттық құрылым. Гипертекстағы тәжірбиеде кейбір сөздердің асты сызылады немесе басқа түрге боялады. Сөзді бөліп көрсету бұл сөзге қатысты тақырып кейбір құжаттармен қатысы бар екендігін және онда өте толық қаралатынын білдіреді.

Гипермедиа — егер гипертексті анықтауда “текст” сөзін кез-келген дыбыс графика бейнелеу деген ақпараттық түрлеріне ауыстырғанда не шықса, сол текстік ақпараттпен қатар басқа да кез-келген қос, мысалы, кодталған дыбыс немесе графиканы байланыстыруға болатындықтан мұндай гипермедиалық нұсқаулар болуы мүмкін. Егер бағдарлама дүние жұзілік картаны көрсетсе, компьютерді пайдаланушы мыщьтың (комп. тетігі) көмегімен картадан қандайда бір континенті таңдаса, бағдарлама сол мезетте ол туралы графикалық дыбыс және текстік ақпарат бере алады.

WWW жүйесі HTTP гипертекстің жіберетін протокол деп аталатын мәліметтер жіберетін арнайы протоколда ұйымдастырылған (құрылған). HTTP “эйч-ти-ти-пи”, деп оқылады, HyperText Transfer Protocol).

Барлық WWW жүйесінің ішіндегілері саит (англ. sіte — участке) деп аталатын. WWW-беттерден тұрады.

WWW-беттері (cайттар) — World Wіde Web жүйесінің гипермедиалық құжаттары. Олар HTML (Hypertext markup language) гипертекстік таңбаларының тілінің көмегімен жасалады.

HTML тілі құжаттар текстіне арнайы бұйрықтық фрагментер— тэги (англ. tag — "этикетка, ярлык") қосуға құқсат береді, осылайша бұл құжаттармен басқа текстерді, графика, дыбыс, бейнелі байланыстыруға мүмкіндік болады, әртүрлі дәрежедегі тақырып аттарына тапсырма беруге, текстерді абзайтарға бөлуге кестелер сызуға болады және т.б. мысалы, құжаттық тақырыбы мынадай түрде болуы мүмкін: Шабдалымы жақсы көретіндер клубы

Бір WWW – бетіне бір серверде орналасқан, сілтемелерінің қатынасы түптелегн және мағынасы байланысты гипермедиялық құжаттардың жиынынан құрайды (мысалы, қандайда бір музей немесе оқу орындарының ақпараттары ). Беттің әрбір құжаты өз қатарында, бірнеше мәтіннің экрандық бетін және бейнесін орналастырады (құрайды). Әрбір WWW – біттің өзінің (англ. “homepage”) “бастапқы парағы” – гипермедиялық құжат болады, беттің бастапқы құрылған бөліктерінің құрамындағы сілтемелер. “Бастапқы парақтың” адрестері Интернетке беттің адресі ретінде тарайды.



Жеке дербес беттер – бұлар WWW-беттер формаларына болмаса ұйымдарға жатпайды, бұл жеке адамға арналған. Бұндай беттердің мазмұны және безендірілуі тек автордың өзіне байланысты.

WWW-жүйесімен жұмыс жасау барысында қолданушы программа – клиент жүйесімен жұмыс жасай алады, бұл браузерлер деп аталады.

Браузерлер (англ. browse — парақтау, қарастыру) — программалары көмегімен WWW жүйесімен диалог құрады: WWW беттерін қарастырады, WWW-cерверлері мен Интернет ресурстары арасында қарым қатынас жасайды.  

Жүздеген браузер – программалары бар. Ең көп тараған браузерлер: Netscape Navіgator және Mіcrosoft Explorer.

WWW браузерлері кез – келген сервер типтерімен олардың протоколдарын қолдана отырып қарым – қатынаста бола алады. Кез – келген серверден алған ақпаратты WWW браузер бейнелеу үшін оңай, стандартты түрде экран бетіне шығарып бере алады. Бұлкезде протоколдар арасындағы ауысулар пайдаланушыға білінбейді.

Telnet – алыстатылған қатынас программасы. TELNET протоколының көмегімен Интернетте жұмыс істейтін басқа есептеу жүйесіне шығуға мүмкіндік беретін программа. Бұл программа екі компоненттен тұрады: клиент-компьютерінде орындалатын клиент - программасы, және сервер –компьютерінде орындалатын сервер - программасы.

Клиент - программасы функциялары:


  • сервермен байланыс орнату;

  • абоненттен кіріс деректерді алу, оларды стандартты форматқа келтіріп серверге жіберу;

  • сұраныс нәтижесін стандартты форматта серверден алу және пайдаланушыға ыңғайлы форматта оны қайта форматтау.

Сервер - программасы функциялары:

  • Стардартты түрде сұранысты күту;

  • Осы сұранысқа қызмет көрсету;

  • Клиент – программасына нәтижені жіберу.

Telnet — Интернетпен байланыстың қарапайым және әмбебаб құралы болып табылады.

Ftp файлдарды жіберу программасы. FTP (Fіle Transfer Protocol — “файлов жіберу протоколы”) протоколының көмегімен Интернеттегі файлдардың көшірмесін бір жерден екінші жерге ауыстырады. Жалпы пайдалану файлдары бар компьютерлерді, FTP-серверлер деп атайды. Интернетте 10 Терабайттан артық тегін файлдар мен программалар бар.

Электрондық пошта (Electronіc maіl, англ. maіl — пошта, қысқ. E-maіl, “и-мэйл” деп оқылады). Электронды пошта желілері мен Интернет ішіндегі мәтіндік хабарламаларды жеткізу үшін арналған. Қәзіргі кездегі электрондық пошталардың мәтінінің ішіне графикалық және дыбыстық файлдарды, сондай – ақ екілік файл – программаларында қосып жіберуге болады.

Электронды поштаны қолданатын әрбір абонентке өзіндік дербес пошталық адрес беріледі. Оның форматы келесі түрде болады: <пайдаланушы аты> @ < пошталық сервер аты>. Мысалы: earth@space.com, мұндағы earth — пайдаланушы аты, space.com — компьютер аты, @ — “коммерциялық эт ” бөлуші символ.

E-Maіl арқылы түсетін хабарламалар , компьютерде арнайы “пошталық” алушыға бөлінген дискілік аймақ жадысында сақталады (оның “пошталық жәшігі”), оны ол арнайы клиент – программасының көмегімен оқы алады.

Ал хабар жіберу үшін абоненттің электрондық адресін білу керек. Сапалы түрде жіберген жағдайда электронды хат дүние жүзінің кез – келген жеріне жетеді.

Usenet (от Users Network) телеконференция жүйесі. Бұл жүйе әртүрлі бағытта колективті талқылаулар жүргізу үшін қолданылады. Usenet –тің қәзіргі кезде мыңдаған дискуссиялық топтары(NewsGroups) бар, олардың әрқайсысының тақырыптары болады. Яғни телеконференциялар бірнеше топтарға бөлінеді:


  • news — телеконференция жүйесіне қатысты сұрақтар;

  • comp — компьютерлер және программлық қамтама;

  • rec — сауықтар, хобби және өнер;

  • scі — ғылыми - зерттеу қызтеті және қосымшалар;

  • soc — әлеументтік сұрақтар;

  • talk — әртүрлі талас жүргізілетін сұрақтар дебаты;

  • mіsc —барлық қалғандары.

Интернет желісіндегі ақпаратты іздеу жүйесі

Интернетте кез – келген тақырыптағы ақпараттар көрсетіледі. Бірақ одан ақпаратты табу оңай жұмыс емес. Содықтан Интернеттен жаңа ақпаратты тез алу үшін ақпаратты іздей жүйесі өңделген.

Интернеттен ақпаратты іздеу жүйесінің барлығы арнайы бөлінген компьютерлердегі мықты жабдықталған каналдармен жабдықталуы керек. Олар бір минут ішінде тегін мыңдаған клиенттерге қызмет көрсетеді.

Іздеу жүйелерін екі топқа бөлуге болады:



  • адам – редакторлармен қалыптастырылатын пәндік каталогтар;

  • адам көмегінсіз компьютердің арнайы программаларымен қалыптастырылатын автоматты индекстер.

Пәндік каталогқа негізделген жүйелер. Деректер қорын қолданатын, ақпаратты таңдайтын, деректер қорымен байланыс жасайтын, сілтемелерді әлтүрлі іздеу категорияларымен ұйымдастыратын және қамтамасыз ететін арнайы редактор-мамандармен қалыптастырылатын. Пәндік каталогы бар компаниялар WWW-cерверлер мен басқа да желілік ресурстарды каталогтарға орналастыра алады және дүние жүзіне тарата алады. Мұның арқасында клиент ақпараттарын жаңалай отырып өзінің каталогтар тармағын құра алады. Ол тармақтың жоғарғы деңгейінде “бизнес”, “ғылым”, “өнер”сияқты элементтер болуы мүмкін. Осындай жұмыстың барысында олар үлкен көлемдегі деректер қорымен жұмыс істей алады.

Автоматты индекстер. Оларды айта кетпеуге болмайды. Кілттік сөз арқылы бір деректер қорынан бірнеше секунд ішінде Интернет желісінің WWW- парақтарының барлығын қарап шығуға, іздеу жүргізуге мүмкіндік береді.

Автоматты индекс үш бөліктен тұрады:


  • робот - программалары;

  • осы роботпен жиналатын деректер қоры;

  • пайдаланушы жұмыс істейтін осы базадағы іздеу интерфейсі.

Бұл барлық компоненттер адам көмегінсіз жұмыс жасайды.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:



  1. Компьютераралық байланыстың қызметі қандай?

  2. "клиент–сервер" технологиясын суреттеп беріңіздер.

  3. Компьютер жүйесіндегі интерфейстердің сәйкессіздік мәселесі қалай шешіледі?

  4. Коммуникация протоколы деген не?

  5. Мәліметтер неге пакеттердің көмегімен жіберіледі?

  6. Жүйелік топологияның негізгі түрлерін сипаттаңыздар.

  7. Кең тараған жүйелік архитектураның сипаттамасын атаңыздар.

  8. Арнайы жүйелі жабдықтың қысқаша сипаттамасын беріңіздер.

  9. Локальды жүйелер қай облыстарда және қандай мақсаттарда қолданылады?

  10. Интернет жүйесінің негізгі қызмет көрсетуін (сервисін) атап беріңіздер.

  11. ІP-адрес дегеніміз не?

  12. WWW жүйесі пайдаланушыларға қандай қызмет көсетеді?

  13. Интернет желісінде ақпаратты іздеу жүйесі қалай ұйымдастырылған?

  14. Гипермәтіннің гипермедиадан ерекшелігі неде?

  15. Браузер дегеніміз не?

  16. Электронды пошта қалай жұмыс істейді?

Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS

WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004



15-Дәріс. Ақпатарттық ортадағы электронды үкімет мемлекеттік басқару концепциясы ретінде

Дәріс сабағының мазмұны:

Электронды үкіметтің анықтамасы.

Электронды үкіметтің құрылымы.

Электронды үкіметтің ақпаттық ортаның басқа компоненттерімен байланысы.

Электронды үкімет және мемлекет қауіпсіздігі.

Электронды үкіметтің анықтамасы. Мамандар электронды үкіметтің анықтамасын түрлі принциптер бойынша құрады. Кей авторлар электронды үкіметтің енуәнәі арқасында қоғамда және оның жеке құрылымында болып жатқан түрлендіруді сипаттау арқылы анықтама беруді жөн көреді. Ал енді біреулері электронды үкіметтің қолданбалы аспектіcін таңдайды да, олардың жеке құралдарының әртүрлі қолдануын көрсетеді. Қолданбалы технологиялық шешімдеге және арнайыланған программалық өнімдерге назар аударатын техникалық анықтамалар да бар.

Сондай-ақ мемлекетті басқарудың максималды тиімділігіне негізделген экономикалық анықтамалар бар. Бұл принциптердің барлығы электронды үкіметтің белгілі бір аспектісін функионалдайтын болғандықтан барлық принцип дұрыс болып саналады. Сондықтан электронды үкіметке келесідей анықтамалар береміз:

Мемлекетті басқаруды электронды өңдеу, жіберу және ақпаратты тарату, барлық басқару органдарына, барлық азаматтар категорияларына (пенсионерлерге, жұмысшыларға, бизнесмендерге, мемлекет жұмысшыларына және т.б) электронды құралдар көмегімен мемлекеттік органдардың қызметін көрсету, сол құралдардың көмегімен азаматтарды мемлекеттік органдардың жұмысын ақпараттандыру негізінде ұйымдастыру .

Электронды үкіметтің құрылымы.

Сөйтіп, электронды үкімет– ақпараттық ортаға тән мемлекетті басқаруды жүзеге асыру концепциясы. Ол ақпаратты-телекоммукационды технологиялар мүмкіндігі мен ашық азаматтар қоғамының құндылықтарына негізделген. Азаматтардың тұтынушылығына бағытталуымен, экономикалық тиімділігімен, қоғамдық бақылауымен сипатталады. Электронды үкімет үш негізгі модульден тұрады: G2G, government to government, үкімет үкіметке, G2B, government to business, үкімет бизнеске, G2C, government to citizens, үкімет азаматтарға. Біріңғай порталда азаматтар мен бизнес үшін он-лайн сервистерін қосады. Үкіметтік және парламенттік құрылымдағы электронды құжат айналымда, әртүрлі үкіметтік құрылымдардың мәлімет қорындағы ақпаратты қайталаудың және қосымша шығын шығарудың алдын - алады. Көп жағдайда ақпаратты-телекоммуникационды инфроқұрылымдарға тармақталған ішкі үкімет трансакциялары(мысалы, Govnet) үшін арналанған жабық ақпаратты желінде (интранет) криптография жүйелері және ақпаратты қорғаудың басқа түрлері, сонымен қатар персоналды берілгендер,сандық жазылым, электронды кілт, смарт-карталар, ақпаратқа рұқсат алудың және олармен жүргізілетін операциялардың алдын алу шараларын қарастырады.


Электронды үкіметтің ақпаттық ортаның басқа компоненттерімен байланысы.
Электронды үкімет электронды банкинг, әмбебап рұқсат алу, білім беру, компьютелендіру, компьютерлік сауаттылық сияқты ақпаратты қоғамның компоненттерімен тығыз байланысты.

Ақпаратты қоғамның басқа компоненттері сияқты электронды үкіметті түрлендіру мен жетілдіру ынтасы үш қоғамдық секторға жатады- бизнестік, қоғамдық және үкіметтік. Экономикалық және қоғамдық- саяси жайды арнайыландыру ИТ негізіндегі әлеуметтік трансформация процесі кезіндегі мемлекеттің көзқарасының басым екенін алдын ала анықтайды. Сонымен қатар, электронды үкіметтің енуі үкіметтік құрылымның жауапкершілігіне жатады.

Электронды үкіметті қаржыландырудың негізгі көзі мемлекеттік бюджет болып табылады. Қосымша қаржы отандық және ұлттық бизнестен, халықаралық құрылымдағы үкіметтік емес мекемелер мен ұйымдардан түсуі де мүмкін.

Отандық өндірушілердің желілік құралдары мен компьютерлік техникаларды программалық қамсыздандыруларын қолдну тиімді, пайдалы және қауіпсіз болып табылады. Кадр мәселелерін отандық мамандар шешеді.


Электронды үкімет және мемлекет қауіпсіздігі.
Мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігі әртүрлі әдіспен жүзеге асуы мүмкін: компьютерлік қылмыскерлер үшін заңды жауапкершілік құру; желідегі қылмыстың алдын алу және соған қарсы әрекет көрсету үшін қолданушылардың белсенділіктерін арттыру, ИТ мәселелері бойынша арнайыланған құқық қорғау құрылымындағы органдарын, арнайыланған сот органдарын, арнайыланған қауіпсіздік қызмет бөлімшелерін құру құру; компьютерлік білімнің заңнама бөлімдеріне сәйкес желі этикасын програмалаудың қалған негіздеріне мүмкіндігінше кең енуі;отандық ИТ секторы мен программалық қамсыздандырудың дамуына көмек көрсету; заң бұзушылардың жеке ресурстарға рұқсат алуын тежеу арқылы,желідегі қылмыскерді жою арқылы желінің өзцензурасын қолдау; күдіктіге немесе желі қатысушысына назар аудару үшін портал администраторлары мен қолданушылар арасындағы ынтымақтастықты белсенді ету;

Әйткенмен, желіге ішкі цензураны енгізуге рұқсат етілмеген, желі мониторингінің аппараттық және программалық құралдарын қолдану интернет-провайдерлерінің заңды міндеті,қолданушылады аңду олардың рұқсатынсыз олар туралы мәлімет жинау немесе олардың мәліметтерін алып тастауға рұқсат берілмеген .

Ақпарат қауіпсіздігі облысындағы шетелдік, еуропалық, халықаралық заңнамалар Украина үшін көшіру объектісі емес тек қана бағыт болып қалуы керек деген приципті ұстану қажет. Жағдайларды,нақты мүмкіндіктерді, сондай-ақ жағдайлардың өзгеруін және сәйкесінше, уақыт өтуіне қарай сәйкес заңнамалық актілерді қанағаттандыратын қолданулардың ара қатынасын міндетті түрде айқындау керек.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Электронды үкіметті айқындайтын жолдар қандай?

2. Электронды үкіметтің мақсаты.

3. Электронды үкіметтің енуін қандай әлеуметтік топ көбірек қолдайды?
Ұсынылатын әдебиеттер :
Ұсынылатын әдебиеттер :

Жаңа информациялық технологиялар: Информатикадан 30 сабақ/ Балапанов Е. Қ., Бөрібаев Б. Б., Дәулетқұлов А.Б.- Алматы:ЖТИ.2004

Информатика: оқу құралы/ Байжұманов Қ. М., Жапсарбаев Л. Қ. – Астана 2004

Ермеков Н., Информатика: Алматы, Жазушы, 2002

Бөрібаев Б., Информатика және компьютер. Алматы: Білім, 1995

Исаев С.Ә., Компьютерлік технология негіздері курсына арналған практикум: Әдістемелік оқу құралы. Алматы: Абай атындағы АМУ. 2000

Тусупова С. А., Основы профессиональной работы на ПК под управлением MS

WINDOWS 9x: Учебный курс-Алматы, 2001

Информатика Физика Математика журналы: Алматы, 1998-2004




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет