ьтб
«Информатика»
пәнінен тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған
спецификация
6-сынып
МАЗМҰНЫ
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАҚСАТЫ 4
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫҢ МАЗМҰНЫН АНЫҚТАЙТЫН ҚҰЖАТТАР 4
«ИНФОРМАТИКА», 6 СЫНЫП БОЙЫНША КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР 4
ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІ 5
ТОҚСАНДАРҒА ОЙЛАУ ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ ДЕҢГЕЙІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТЕКСЕРІЛЕТІН МАҚСАТТАРДЫ БӨЛУ 6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУДЫ ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 6
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 7
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 13
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 20
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ 30
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Информатика» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
«Информатика», 6 сынып бойынша күтілетін нәтижелер
Біледі:
есептеу техникасының даму тарихын;
операциялық жүйенің негізгі функцияларын;
алгоритмнің негізгі түрлерін.
Түсінеді:
ақпараттың екілік код түрінде ұсынылуын;
кезеңмен есепті шешуді;
«авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын.
Қолданады:
компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысын;
мәтіндік ақпаратты кодтауды;
векторлық бейнені құру және өңдеу дағдыларын;
блок-схема түріндегі алгоритмді;
гиперсілтемелерді, мазмұндарды, атауларды, нұсқамаларды.
Талдайды:
ойын бағдарламалау ортасында жүзеге асырылатын сценарийлерді;
компьютерлік ойынның концепциясын;
компьютерлік ойынның программалық кодын.
Сараптайды:
түрлі әдістер қолданылған есептердің шешімін.
Бағалайды:
растрлық және векторлық бейнелерді.
Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Ұсынылатын тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
«авторлық құқық», «плагиат» ұғымдарын анықтайды;
есептеу техникасының даму тарихы мен перспективасын түсіндіреді;
ақпаратты ұсынуға арналған байланыс каналдарына, ақпаратты беруші және қабылдаушы арналарына мысалдар көрсетеді;
компьютер үшін барлық ақпарат екілік код түрінде берілетінін түсінеді;
әр түрлі алгоритмдердің анықтамаларын атайды;
операциялық жүйенің негізгі қызметтерін көрсетеді.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Қолдану
|
компьютердің негізгі құрылғыларын қолданады;
сымсыз байланысты қолданады;
мәтіндік ақпаратты кодтайды және кері кодтайды;
векторлық бейнені құрады және өңдейді;
блок-схема түріндегі алгоритмді қолданады;
құжатты рәсімдеуде гиперсілтемелерді, мазмұндарды, атауларды, нұсқамаларды қолданады.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
|
Жоғары ретті дағдылар
|
ойын бағдарламалау ортасында сценарийлерді құрады және жүзеге асырады;
бағдарламадағы түзетуді қажет ететін қателіктерді талдайды;
жобалық қызмет кезеңдерінің реттілігін құрастырады;
есептерді шешудің түрлі тәсілдерін ұсынады;
растрлық және векторлық графиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалайды.
|
Деңгейін тексеру үшін қысқа жауапты (ҚЖ) немесе толық жауапты (ТЖ) қажет ететін тапсырмалар қолдану ұсынылады
| Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
I
|
40%
|
60%
|
0%
|
II
|
40%
|
40%
|
20%
|
III
|
0%
|
60%
|
40%
|
IV
|
25%
|
75%
|
0%
|
Барлығы
|
26%
|
59%
|
15%
|
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын нұсқаулық оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН СПЕЦИФИКАЦИЯ
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны – 20 балл
Тапсырма түрлері:
КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ – Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ – Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Бұл нұсқада бірнеше жауаптан таңдауды қажет ететін, қысқа және толық жауапты қажет ететін 10 тапсырма бар.
Бірнеше жауабы бар тапсырмада оқушы берілген жауаптар нұсқасынан тек біреуін таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы жауапты сандық мән түрінде, сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады.
Толық жауапты қажет ететін тапсырмаларда оқушы максималды балл жинау үшін тапсырмадағы тізекті әрекеттерді орындай отырып, шешімін табады. Оқушының таңдау және математикалық контекст тізбегіндегі математикалық тәсілдерді қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырмаларда бірнеше құрылымдық бөлімдер/сұрақтар болуы мүмкін.
ЖОБА
Достарыңызбен бөлісу: |