6-слайд Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы бойынша:
Мына кітап өте қызық екен!
|
7-слайд Аймақтық таралуы бойынша
Жергілікті желі (LAN)
Қалалық желі (MAN)
Ғаламдық (аумақтық) желі (WAN)
|
8-слайд LAN – Local Area Network
(Жергілікті Ауданды қамтитын Желі)
Жергілікті желі –бір-бірінен қашық емес орналасқан компьютерлердің байланысы.Әдетте, мұндай желілер жақын орналасқан бір немесе бірнеше ғимараттардағы(50 –1000 метр) компьютерлерді айланыстырады.
|
9-слайд MAN - Metropolitan Area Network
(Қалалық Ауданды қамтитын Желі)
Қалалық желі –аймақтық деңгейдегі мәселелерді шешу үшін компьютерлердің және жергілікті желілердің бірігуі.
|
10-слайд WAN – Wide Area Network
(Кең Ауданды қамтитын Желі)
Ғаламдық(аумақтық) желі –бүкіл Жер планетасын қамтитын байланыс желісі.
|
11-слайд Ғаламдық желілер
Қазіргі кезде 200-ден астам ғаламдық желілер тіркелген.
Ғаламдық желілер жергілікті желілер сияқты өзара байланыс каналдарымен жалғасқан компьютерлерден тұрады.
Әлемнің барлық ғаламдық желілері Интернет арқылы байланысқан.
INTERNET – International Network (Халықаралық Желі)
|
12-слайд Ақпаратты тасымалдау ортасы бойынша
Сым арқылы Сымсыз
|
13-слайд Компьютерлердің өзара байланысының ұйымдасуы бойынша:
Жалғызрангті желілер
Иерархиялық желілер
|
14-слайд Жалғызрангті желілер
Мұндай желідегі компьютерлердің барлығы бірдей құқыққа ие. Яғни, желінің кез келген қолданушысы желідегі кез келген компьютердегі ақпаратты пайдалана алады.
Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы бойынша
|
15-слайд Иерархиялық желілер
Иерархиялық желіде ақпаратты тасымалдау үшін арнайы компьютер немесе компьютерлер тобы бөлінеді.
Мұндай компьютер сервер деп аталады.
Сервер қызметін пайдалана алатын компьютер клиент деп аталады.
Сервердің өзі тек иерархияда өзінен жоғары тұрған сервердің клиенті
бола алады.
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Компьютерлік желі анықтамасы
|
Компьютерлік желілердің қлассификациясы
|
Әрбір категориядағы компьютерлік желі түрлері
|
|
|
|
Қорытынды:___________________________________________________________
|
ііі. құзырлылық қалыптастыру
|
|
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Компьютерлердің байланысу жүйесі қалай аталады?
Компьютерлік желілерді классификациялау дегенді қалай түсінесің?
Компьютерлік желілерді қандай категориялар бойынща классификациялауға болады?
Ақпаратты тасымалдау жылдамдығы бойынша желілер қандай түрлерге бөлінеді?
Ақпаратты тасымалдау ортасы бойынша желілер қандай түрлерге бөлінеді?
ІІ деңгей тапсырмалары
Аймақтық таралуы бойынша желілер қандай түрлерге бөлінеді? Әрқайсысына сипаттама бер. Бір-бірінен айырмашылықтарын көрсет.
Жалғызрангті және иерархиялық желілердің бір-бірінен айырмашылығы қандай?
ІІІ деңгей тапсырмалары
Ғаламдық желілер тұрғысынан қарағанда Интернет терминін қалай түсіндіруге болады?
Топтық жұмыс.
Сынып 3 топқа бөлінуі керек. Әр топ өз тапсырмасын орындайды.
1-топ: Сервер, клиент терминдері нені білдіреді?
2-топ: Интернет-провайдер және интернет-трафик дегенді қалай түсінесіңдер? (слайдтағы контексттен қараңдар)
3-топ: LAN, MAN, WAN қысқартылған сөздерінің мағынасын түсіндіріңдер.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
№32 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Интернет. Интернетте ақпаратты іздеу. Электрондық пошта.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Білім
|
•Интернет ұғымын біледі.
•Интернет ұсынатын қызметтерді таниды.
•Электронды пошта ұғымын анықтайды.
|
|
Түсінік
|
• Интернетте ақпарат іздеу жолдарын айырып таниды.
•Электронды пошта адресінің дұрыс жазылу ережесін түсінеді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
|
•Интернетте ақпарат іздеу жолдарын дұрыс қолдануды және ақпарат іздеу ережелерін танытады.
•Электронды поштаның жұмыс істеу принципін көрсетеді.
|
|
Анализ
|
•Электронды пошта ашу процессін суреттейді.
|
|
Синтез
|
•Спамның зиянын, іздеу жүйелерінің жұмыс нәтижелерін және электронды пошта ерекшеліктерін түсіндіреді.
|
|
ұнды-лық
|
Баға
|
•Интернетте ақпарат іздеу және электронды пошта жайлы білімдерін түйіндейді.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (15 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (3 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (2 мин.).
|
|
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Интернет, интернетте ақпарат іздеу, іздеу жүйелері, электронды пошта, жлектронды пошта адресі, спам
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
Жаңа өткен тақырыпты толық игеру
Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
|
|
Ақпарат көздері:
|
|
|
1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова.2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.
2. Что такое спам? Ақпарат көзі:http://www.securelist.com
3. Электронная почта. Ақпарат көзі: gebl-ou.edusite.ru
4. Поиск информации в Интернете. Ақпарат көзі: http://www.5byte.ru
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
Анықтамаларды жаттау
Интернет желісін пайдаланып келесі сұраққа жауап бер:
Google іздеу жүйесінде ақпарат іздеу нәтижелерін жақсарту үшін қадай айла-әрекеттерді қолдануға болады?
|
Тақырып жоспары:
1. Интернет және ол ұсынатын қызметтер
2. Интернетте ақпарат іздеу жолдары
3. Электронды пошта
Слайдтар:
4-слайд Интернет дегеніміз не?
Интернет - бүкіл әлем бойынша компьютерлермен ақпарат алмасу мүмкіндігін беретін бүкіләлемдік компьютерлік желілер жүйесі.
|
5-слайд Интернет ұсынатын қызметтер
Интернет жүйесіне кіру
Интернетте ақпарат іздеу
Электрондық пошта
|
6-слайд
Интернет жүйесі өте үлкен қарқынмен өсіп келеді. Осыған байланысты, керекті ақпаратты табу қиындап барады.
|
7-слайд Интернетте ақпарат іздеу жолдары
Веб-парақшаның адресатын көрсету. Бұл іздеудің ең тез жолы. Алайда, бұл жолды қолдану үшін парақшаның адресатын білу керек.
Гиперсілтеме бойынша. Бұл жол ыңғайсыздау болып келеді. Оны тек қарап отырған құжатыңыздың мағынасына жақын құжаттарды іздеу кезінде ғана қолдануға болады.
Іздеу жүйелерін қолдану. Бұл – ақпаратты іздеудің ең тиімді жолы.
|
8-слайд Іздеу жүйелері
және т. б.
|
9-слайд
2011 жылдың қарашасындағы Net Applications компаниясының мәліметтері бойынша іздеу жүйелерін қолданудың проценттік қатынастары келесідей болды:
Google — 83,87 %;
Yahoo! — 6,20 %;
Baidu — 4,22 %;
Bing — 3,69 %;
Yandex — 1,7 %;
Ask — 0,57 %;
AOL — 0,36 %.
|
10-слайд
Іздеу нәтижелерін жақсарту үшін қарапайым ережелерді есте сақтаған жөн:
Ақпаратты тек жалғыз кілт сөз бойынша іздемеу (синонимдерді қолдану).
Кілт сөздерді бас әріптермен жазбаған абзал. Себебі сол сөздің кіші әріппен жазылғандағы нәтижелері шықпай қалуы ықтимал. Бұл ереженің орындалуы іздеу жүйесінің түріне байланысты.
Орфографиялық қателердің болмауын қадағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |