7- слайд Видеоны кірістіру
Видео батырмасын басқанда екі түрлі таңдау шығады: Видео из файла (өзіңізде сақтаулы видеофайлдарды кірістіруге болады) немесе Видео из организатора клипов (интернеттен немесе Clip Gallery дан таңдау жасайды).
Презентацияға Windows Media (.asf кеңейтуіндегі), Windows Video (.avi кеңейтуіндегі), Quick Time (.qt кеңейтуіндегі), Windows Media Video (.wmv кеңейтуіндегі), Movie (.mpg пен .mpeg кеңейтулеріндегі) форматтарындағы видеоларды кірістіруге болады.
|
8- слайд Дыбыс кірістіру
*Звук батырмасын басқанда 3 түрлі таңдау шығады: Звук из файла (өзіңізде сақтаулы дыбысты кірістіруге болады), Звук из организатора клипов (интернеттен немесе Clip Gallery дан таңдау жасайды) немесе Записать звук (микрофоннан жазып алады).
*Презентацияға Windows Media (.wma кеңейтуінде), WAV (.wav кеңейтуінде), MP3 (.mp3 кеңейтуінде), AU (. au кеңейтуінде) және MID (.mid пен .midi кеңейтулерінде) форматтарындағы дыбыстарды кірістіруге болады.
*Записать звук командасын таңдағанда Звукозапись терезесі пайда болады.
|
|
|
іі. алғашқы бекіту
|
|
Мына кестені толтыра отырып сабақтың мазмұны бойынша қорытынды шығар.
Кестелерді кірістіру
|
Суреттер мен бейнелерді кірістіру
|
Видеоны және дыбысты кірістіру
|
Слайдқа кесте кірістіру үшін Енгізу командасының ішінен Таблица батырмасын басыңыз. Сонда:
Вставить таблицу командасын таңдап, керек бағандар мен жолдар нөмірін теріңіз.
Немесе Нарисовать таблицу командасы арқылы қолдан жасаңыз.
Басқа жолы- Excel кестесін кірістіру.
|
Суреттер мен бейнелер кірістіру командалар тізбегі:
Всавка→ Рисунок/ Картинка/ Снимок/ Фотоальбом/ Фигуры/ SmartArt/ Диаграмма
Таңдау жасау үшін тек бір рет керек сурет не бейне түрі бейнеленген батырманы басу керек.
|
Енгізу менюі Мультимедиа қосымшасынан керек видео не дыбысты енгізуге болады.
Слайд бетінен берілген тізімнен видеоның белгісін шерту арқылы кірістіруге болады.
|
Қорытынды:___________________________________________________________
Деңгейлік тапсырмалар:
І деңгей тапсырмалары
Кесте кірістіру командаларын ата.
Кесте кірістіру жолдарын ата.
Суреттер мен бейнелерді кірістіру командаларын ата.
SmartArt кірістіру командалары.
Видеоны және дыбысты кірістіру жолдары.
Видео кірістіру командалары.
Дыбыс кірістіру командалары.
Презентацияға кірістіруге болатын дыбыс форматтары.
Презентацияға кірістіруге болатын видео форматтары.
ІІ деңгей тапсырмалары
Microsoft PowerPoint- та презентация ашыңыз. Кесте мен сурет кірістірілген презентация әзірлеңіз.
ІІІ деңгей тапсырмалары
Презентацияға бейне мен видео кірістіріңіз.
Топтық жұмыс.
4 топқа бөлініп, әр топ әр жыл мезгілі жайлы презентация даярлау керек. Презентацияда бейне, сурет пен видео қолдануға болады.
Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.
______________________________________________________________________
№30 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
Тақырыбы: Анимация әсерлерін баптау, презентацияларды көрсету
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Білім
|
Презентацияда пайдаланылатын әсер түрлерін анықтайды.
Анимациялар әсері мен слайдтар арасындағы ауысуды жүзеге асыратын командаларды біледі.
Қозғалысты таңдау үшін пайдаланылатын командаларды біледі.
Әсерлерді қосу жолдарын анықтайды.
Анимациялық әсер типтерін біледі.
Қозғалыстарды реттеу жолдарын анықтайды.
Настройка действия терезесін сипаттайды.
Презентация көрсету жолдарын атап шығады.
Презентацияны сақтауды біледі.
|
|
Түсінік
|
Слайдтар арасындағы ауысу жолдарын түсінеді.
Анимация әсерлерімен жұмыс істеудің негізгі қағидаларын түсінеді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданыс
|
Анимациялар мен қозғалыстарды пайдалана отырып, презентация әзірлейді.
|
|
Анализ
|
Презентация көрсету мен сақтау жолдарын бөлшектеп қарастырады.
|
|
Синтез
|
Анимациялық әсерлер пайдаланып презентация жасайды.
|
|
Құнды-лық
|
Баға
|
Анимация әсерлерін кірістіру жолдарын сипаттайды.
Әсер қолдану командаларын түсіндіреді.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (10 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. қалыптастыру (10 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (15 мин.).
V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).
|
|
Сабақ типі: Жаңа материалды меңгеру
|
|
Оқыту әдісі: Түсіндіру, иллюстративті, репродуктивті
|
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Мұғалім материалды қабылдауға көмектеседі, оны оқушылар
түсініп, естерінде қалдырады.
• Оқушылардың тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалап,
көмек қажет жағдайда нұсқаулар береді.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Анимация, әсер, презентация
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Жаңа өткен тақырыпты зейінмен тыңдап, түсіну.
• Тақырып бойынша берілген тапсырмаларды өз бетімен орындау.
• Топтық тапсырмаларды орындауда өз үлесін қосып, сабақ
барысында белсенділік таныту.
|
|
Оқушы жетістігін бағалау:
|
|
|
• Оқушыға негізгі баға деңгейлік тапсырмаларды орындауына
байланысты қойылады.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
Қалаған тақырыпта анимация әсерлері бар презентация даярлау.
|
Тақырып жоспары:
Әсерлерді реттеу
Слайдтар арасындағы ауысу
Анимациялық әсер мен қозғалыстар
Презентацияны көрсету мен сақтау.
Слайдтар:
1- слайд Әсерлерді реттеу
Жай презентациялар қозғалыссыз слайдтардың жиынынан тұрады, бір слайдтан екінші слайдқа көшкенде тек слайдтар бір- бірінің орнын ауыстырады.
Бірақ, слайд- фильмді тірілтіп, серпіндірек етіп жасауға болады. Ол үшін пайдаланылатын әсерлер:
Анимация;
Слайдтар арасындағы ауысу;
Қозғалыстар.
|
2- слайд Әсерлерді реттеу
Анимациялар әсері мен слайдтар арасындағы ауысуды жүзеге асыратын командалар:
Анимация→ Анимация группасы
Көшу → Осы слайдтқа көшу группасы
Енгізу→ Сілтемелер → Әрекет
|
Достарыңызбен бөлісу: |