Информатика


эссе жаз. ______________________________________________________________________ №10



бет19/119
Дата03.02.2017
өлшемі17,37 Mb.
#8600
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119

Сабақтың мақсатына қалай қол жеткізгендігің туралы эссе жаз.

______________________________________________________________________



10 сабақ

МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ




Тақырыбы: Алгоритм қасиеттері

Күтілетін нәтиже:

Білімдік

Білім

  • Алгоритмнің түсініктілік, дискреттілік, дәл өрнектелу, нәтижелік, жалпылық немесе ортақтылық қасиеттерін анықтайды. Әрқайсысын сипаттайды.

Түсінік

  • Құрылған амалдар тізбегі алгоритмге жатпайтын жағдайларды түсіндіреді.

Құзырлылық

Қолданыс

  • Берілген әрекеттер тізбегіне сәйкес нәтижені анықтау және керісінше нәтижені біле отырып сәйкес алгоритм жазу арқылы әрекет етеді. Осы әрекеттерді алгоритм қасиеттерін байқау үшін қолданады.

Анализ

  • Математикалық амалдарды қолдану арқылы әрекеттерді бөлшектеп қарастырады.

  • Алгоритмнің қасиеттерін дәлелдеп көрсетеді, талдайды.

Синтез

  • Алгоритм қасиеттерінің әрқайсысына мысал беру арқылы алгоритм жазудың шарттары мен алгоритм қасиеттері арасындағы байланысты анықтайды.

Құнды-лық

Баға

  • Алгоримтнің іс жүзінде орындалуы үшін алгоритм қасиеттерінің бәрінің бар болуының маңыздылығын түсіндіреді.

Сабақ құрылымы:




І. Ақпарат алмасу ( 15 мин.).

ІІ. Алғашқы бекіту ( 5 мин.).

ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (10 мин.).

ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).

V. Бағамдау-бағалау (5 мин.).

Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру

Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивті, топтық

Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:



  • Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру

  • Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету

  • Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.

  • Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру

Негізгі ұғымдар мен терминдер:




  • Алгоритм қасиеті, түсініктілік, дискреттілік қасиеті, дәл өрнектеу, нәтижелік, жалпылық немесе ортақтылық

Оқушыда дағды қалыптастыру:

  • Жаңа өткен тақырыпты толық игеру

  • Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау

  • Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау

Ақпарат көздері:

1. Б.Бөрібаев, Б.Нақысбеков, Г.Мадиярова.2005. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы: Мектеп.

2. Алгоритмы. Ақпарат көзі: https://docs.google.com/a/nu.edu.kz/presentation/d/1M2BjjcaOOEAJv8H3NiiIadUj7KDkBFHJpdz_Ft-p2h8/preview#slide=id.p7



3. С. Яковлев. Что такое алгоритм.... Ақпарат көзі:
http://school10-rasskazovo.narod.ru/INFO/site-alg/algoritm.htm

4. К. Сухова. 2013. Алгоритм. Понятие алгоритма. Свойства алгоритмов. Формы представления алгоритмов. Ақпарат көзі: http://festival.1september.ru/articles/639331/

5. И.В. Лобачева. Тестовые задания по теме «Алгоритм. Свойства алгоритмов». Ақпарат көзі: http://www.stsosh.ru/doc/metodkopilka/lobacheva/lobacheva-1.php

6. Л. Л. Босова. Алгоритмы и исполнители. Ақпарат көзі: http://metodist.lbz.ru/authors/informatika/3/ppt9kl.php



Оқушы жетістігін бағалау:




  • Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы орындау қажет.

Үй тапсырмасы:




• Келесі сабаққа дайындық тапсырмасы

Алгоритм қасиеттерін жаттап алу.

“Ұялы байланыс төлемдерін қабылдайтын терминалды

қолдану” алгоритімін жазу. Құрылған алгоритмнің

қасиеттерін көрсету.





• Бонус-балл тапсырмасы

Күнделікті өмірден бір алгоритм мысалын тауып, оның қасиеттерін табу және талдау.






САБАҚ БЛОКТАРЫ







і. аҚПАРАТ алмасу




Тақырып жоспары:

  1. Алгоритмнің негізгі қасиеттерімен танысу.

  2. Әрбір қасиетіне сипаттама.

  3. Мысалдар. Алгоритм қасиеттерімен байланыстырып талдау.

Слайдтар:

1-слайд (титул)




2-слайд Сабақтың мақсаты




3-слайд Тақырып жоспары




4-слайд Алгоритмнің негізгі қасиеттері







5-слайд Түсініктілік қасиеті

  • Орындаушының алгоритмді қалай жүзеге асыру керек екені туралы толық түсінігі болуы керек.

  • Демек, алгоритм орындаушының жүйесіне кіретін командалардан ғана құралуы керек.




6-слайд Дискреттілік қасиеті

  • Алгоритмнің жеке қадамдарға бөлініп, бірінен кейін бірі орындалуын оның дискреттілік немесе үзіктілік қасиеті деп атайды

  • (от жағу – әрекеттердің орнын ауыстыруға болмайды)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет