Сурет-2. «Алдын ала көру» құралдар тақтасы
«Алдын ала көру» құралдар тақтасының батырмалары:
Баспаға шығару- «Баспаға шығару» сұхбат терезесінде анықталған опцияларға сәйкес құжатты қағазға басуға жібереді;
Үлкейту- Үлкейту/Кішірейту (тышқан курсоры үлкейтілген әйнекке айналады) режимдерін алма- кезек ауыстыруды іске асырады;
Бір бет-Құжаттың жалғыз бетінің мазмұнын көруді іске асырады;
Бірнеше беттер- Бір уақытта құжаттың бірнеше беттерін қарап шығуды іске асырады;
Масштаб- Құжат бейнесінің масштабын экранда өзгертеді
Сызық-Көлденең жылжу белдеу сызықтарын бейнелеп көрсетеді немесе жасырады;
Беттерді қиыстырып келтіру- Құжатты жан- жағынан ығыстырады. Беттің соңғы жағындағы кішігірім көлемдегі мәтінді құраған жағдайда тиімді.
Толық экранға- Экраннан тақталар мен басқа элементтерді көрсетпей, есебінен құжаттың мазмұнын көруге арналған аймақты максималды үлкейтеді;
Жабу- Алдын ала көру режимінен шығуды іске асырады.
Алдын ала көру режимінде басқа беттерге көшу үшін Page Up және Page Down пернелерін қолдануға болады.
Құжатты көру масштабын тағайындау
Құжат масштабын толық бейнені алу үшін үлкейтуге болады немесе құжаттың үлкен бөлігін көру үшін немесе бірнеше беттерді көру үшін кішірейтуге болады. Ол үшін
Стандартты құралдар тақтасындағы Масштаб батырмасына шертіп, қажет масштабты таңдауға болады.
Масштаб батырмасының үшбұрышты бөлігіне шерткен кезде Сурет-3-те көрсетілгендей терезе ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |