Ары қарай батырмасын басқаннан кейін соңғы қадам терезесі ашылады (Сурет 21). Соңғы сұхбат терезеде,ары қарай кестемен не істейтініңізді таңдауға болады. Кестелер конструкторы режиміне бару үшін Кестеның құрылымын өзгертуді таңдаймыз. Дайын (Готово) батырмасын шертеміз.
Осы кезде кестені конструктор режимінде ашады. Ал осы сұхбат терезеде екінші ауыстырып қосқышты таңдасақ, бірден кестеге мәліметтер енгізуге болады. Содай-ақ форма көмегімен де мәлімет енгізуге болады. Біз бірінші жағдайды таңдап, кестені конструктор режимінде құрып аяқтаймыз.
Сурет 21. Кесте құрудың соңғы қадамы.
Келесі Терезе ашылады (Сурет 22). Бұл терезеде жоғарыда таңдаған өрістеріміздің типтерін өзгертуге болады. Осы жерде мән беретін ерекшелік жүйе өзі кілттік өріс ретінде Есептеуіш (Счетчик) өрісін құрған.