«информатика»


Сурет-3. Масштабтау мәзірі



бет18/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93

Сурет-3. Масштабтау мәзірі
Пайызбен берілген сандар масштабтауды қанша проценке дейін жүргізетімізді білдіреді. Мысалы, 100%- қарапайым режмде бейне қандай болса, сол күйін сақтап қалады, 50%- екі есе кіші болады және т.с.с. По ширине страницы- Ерекшелеу құжаттың ені бойынша жүргізіледі, яғни барлық ені бүкіл терезені алып тұратын болады. Страница целиком-Экранда бір бет көрініп тұрады және т.с.с. Егер тізімде сізге керек мән жоқ болса, онда оны пернетақтаның көмегімен ерекшелеуге болады. Масштабты мәзірдің көмегімен де тағайындауға болады. Ол үшін Вид->Масштаб командасын орындаймыз. Сол кезде Масштаб сұхбат терезесі ашылады.
Тапсырма:

Әдістемелік нұсқауды ретімен орындаңыз, жұмысты орындап болғаннан кейін оқытушыға тексертіңіз.


Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:

  1. Қосымша №5-те көрсетілген мәтінді теріңіз.

  2. Құжаттың параметрлерін Меню->Файл->Параметры страницы командасы арқылы жөңдеңіз. Келесі параметрлерді тағайындаңыз:

Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.

Сол жақтан шегініс– 3 см.

Оң жақтан шегініс– 1 см.

Парақ түрі– книжная.



  1. Алдын ала көру режиміне көшіп, оның неше беттен тұратын құжат екенін анықтаңыз.

  2. Алдын ала көру режимінен шығыңыз

  3. Құжатты Кәдімгі режимінен Веб- құжат, Құрылым, Бетті белгілеу режимдеріне ауыстырыңыз, қандай өзгерістер болғанын мұғалімге түсіндіріңіз.

  4. Терезедегі көлденең және тік сызғыштарды алып тастаңыз және қайта экранға шығарыңыз. Өзгерістерді оқытушыға.

  5. Мәтіннің көрсетілу масштабын Вид->Масштаб командасы арқылы 75%, сонан кейін 100% етіп өзгертіңіз. Сол команданы орындау барысында Произвольный деген өрісті тышқанмен шертіп, оған 110 санын енгізіңіз. Қандай өзгерістер болғанын түсіндіріңіз.

  6. Құжаттың параметрлерін өзгертіңіз. Оларға төмендегі параметрлерді тағайындаңыз: Жоғарғы, Төменгі, Оң жақ және Сол жақ өрістерінің мәнін 2,5 деп, ал түптеуді жоғарғыжағынан деп, мәнің 1,5 деп тағайындаңыз. Беттің бағытын книжный деп тағайындаңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

    1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

    2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

    3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

    4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

    5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

    7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

    8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Көру режимдерінің түрлерін, айырмашылығын айтыңыз?

  2. Бір көру режимінен екінші режимге пернелердің көмегімен көшуге бола ма? Қалай?

  3. Құжат параметрлерін қалай тағайындауға болады?

  4. Алдын ала көру режимі не үшін қажет?

  5. Құжаттық мәтінді көру режимдерінің қандай түрлері бар?



Зертханалық жұмыс №12.4
Тақырыбы: Шрифтермен жұмыс: өлшемі, көркемделуі, анимациясы, интевалы, видеоөзгеруі, масштаб
Мақсаты: Мәтіннің шрифтің тағайындау, шрифт өлшемін тағайындау, қаріптің кескінделуін тағайындау, мәтін символдарының интервалын тағайындау, шрифтің видеоөзгерулерімен жұмыс
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:

Мәтіннің шрифтің тағайындау

Шрифтерді форматтау құралдар тақтасындағы батырмалардың көмегімен іске асыруға болады.Щрифт типі символдар жиынының жазылу ерекшеліктерін анықтайды. Шрифті таңдау оқырманға беретін ақпаратқа сай болу керек.



1-сурет. Форматтау құралдар тақтасындағы шрифті форматтауға арналған батырмалар.
Мәтін шрифтінің типін тағайндау үшін, ең алдымен сол мәтінді ерекшелеп, ФОРМАТТАУ құралдар тақтасындағы Шрифт түрі батырмасына шертіп, ашылған тізімнен қажетті шрифт түрін таңдауға болады. Немесе Формат->Шрифт командасын немесе жанама менюдегі Шрифт командасын таңдағанда ашылған сұқбат терезесінің көмегімен орындалады.
Шрифт өлшемін тағайындау

Шрифт өлшемі немесе кегль- бұл пунктерде(1 пункт 0,376 мм-ге тең) өзгеретін вертикаль өлшем. Формат->Шрифт->Размер командасы арқылы немесе құралдар тақтасындағы Шрифт өлшемі батырмасы арқылы тағайындалады. Көптеген құжаттар үшін 10-12 пункті шрифтер қолданылады, ал газет жолақтарында 8-пункті шрифт қолданылады.Әртүрлі типтегі, бірақ бір өлшемдегі шрифтер шамасы бойынша бірдей болу міндетті емес. Мысалы, 1 – пунктілі Times New Roman Сyr 1 –пунктілі Courier New Cyr типіне қарағанда вертикаль өлшемі үлкен.


Шрифтің кескінделуі

Шрифтің кескінделуіне оның қарайтылған, курсив, асты сызылып жазылуын жатқызады Оларды Формат->Шрифт командасы арқылы немесе Форматтау құралдар тақтасындағы сәйкес батырмаларды таңдау арқылы жүзеге асыруға болады. Немесе пернелердің көмегімен де орындауға боалды. Ол үшін, ең алдымен керек мәтінді ерекшелеп, келесі пернелер комбинациясының бірін таңдау керек (кесте-1):



Кесте-1. Шрифтің кескінделуін тағайындайтын пернелер комбинациясы

Кескінделу типі


Пернелер комбинациясы

Қарайтылған

CTRL+B

Курсив

CTRL+I

Асты сызылған


CTRL+U


Мәтін символдарының интервалын тағайындау

Мәтін символдарының арасындағы интервалды тағайындау үшін Формат-Шрифт- Интервал командасы арқылы орындалады. Келісім бойынша мәтін символдарының арасындағы интервал Обычный типінде қолданылады. Интервалдың негізгі үш түрі бар: Обычный, Разреженный, Уплотненный. Егер Разреженный түрін таңдайтын болсақ, онда символдар горизонталь бойынша бір бірінен алшақтайды. Және мұнын мәнін өзгертуге болады. Ол пункт бойынша өзгереді. Егер Уплотненный таңдасақ, онда символдар аралығы бір біріне ығысады. Смещение қасиеті арқылы символдардың төмен немесе жоғары жылжытылуын тағайындауға болады. Масштаб қасиеті арқылы әріптердің аралық өлшемін (% түрінде) тағайындауға болады.


Шрифтің видеоөзгерулерімен жұмыс

Астын сызу(Подчеркивание) мыналардан тұрады:

    • Жоқ- мәтіннің асты сызылмайды;

    • Кәдімгі- мәтіннің астын тұтас сызықпен сызу;

    • Тек сөздер- тек сөздердің асты сызылып, бос орындар асты сызылмайды;

    • Қоссызық- сөздердің астын қоссызықпен сызу;

    • Пунктирлік- үзбе сызықпен астын сызу;

    • Түс- мәтінді бояйтын мүмкін түстер.

Видеоөзгерулер құрамы:

    • Сызылған(зачеркнутый)- мәтін үстінен тұтас түзу сызықпен сызу(түзету кезінде пайдаланылады);

    • Жоғарғы индекс- мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен жоғары көтеріледі;

    • Төменгі индекс- мәтін символы негізгі жол сызығы деңгейінен төмен түсіріледі;

    • Жасырын- мәтін баспаға берілген кезде көрінбейді;

    • Кішірейтілген үлкен әріптер(Малые прописные)- мәтін әріптері кіші әріптердің мөлшеріндей үлкен әріптермен жазылады;

    • Көлеңкемен (с тенью) – мәтін символдарына көлеңке қойылып жазылады;

    • Контур- мәтін символдары контурмен жазылады;


Алдын ала келісім бойынша (По умолчанию)- бұл батырманы бассақ, «Шрифт»терезесіндегі тағайындалған параметрлер бұдан былай осы нұсқамен даярланып, барлық құжаттарға келісі бойынша пайдаланылады.
Анимация

Формат-Шрифт сұхбат терезесінің Анимация астарлы бетінің көмегімен мәтіннің көркемделу түрін берілген тізімнен белгілеп, үлгісін көріп отырып, ұнағанын таңдау мүмкіндігі бар


Тапсырма:

1

Word мәтіндік редакторын жүктеп, Қосымша №6-де берілген мәтінді теріңіз. Мәтіннің шрифті төмендегідей болсын:


    • Шрифт түрі- ARIAL

    • Шрифт өлшемі- 14

    • Бірінші абзацтағы «Информация» сөзін пернетақтаның көмегімен кескінделуі- қоюлатылған, видеоөзгеруі- контур, интервал- разрежынный- 1пт, анимациялық эффектісін- красные муравьи деп тағайындаңыз.

Екінші абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз.

Шрифт түрін- Times New Roman, шрифт түрін -14 деп тағайындаңыз. Екінші абзацтағы телеграфтың, телефонның,радионың сөздерінің кескінделуі - курсив, видеоөзгеруі-малые прописные,астын сызу- только слова, интервал- разреженный-1 пт деп тағайындаңыз. Анимация-Черные муравьи деп тағайындаңыз.

Құжатты TEXT5.doc деген атпен өз папкаңызға сақтаңыз

2

Жаңа құжат құрып, оған өз өмірбаяныңызды жазыңыз.

Орындау технологиясы: Шрифті – Arial

Мәтін көлемі – 12

Мәтін кескінделуі – Курсив

Құжатты Биография деген атпен өз папкаңызға сақтаңыз.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау


  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Қосымша№6-да көрсетілген мәтінді теріңіз

  3. Бірінші абзацты тышқанның көмегімен ерекшелеңіз (зертханалық жұмыс №15)

  4. Меню->Формат->Шрифт командасы арқылы ШРИФТЕР сұхбат терезесін ашыңыз. Тапсырмада көрсетілген параметрлерді тағайындаңыз

  5. Екінші абзацты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз(Зертханалық жұмыс №15). Форматтау құралдар тақтасындағы сәйкес батырмаларды таңдау арқылы тапсымада көрсетілген параметрелерді тағайындаңыз. Форматтау құраладар тақтасында жоқ параметрлерді менюдің көмегімен тағайындаңыз

  6. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды TEXT5.doc деген атпен сақтаңыз

2 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау



  1. Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз:
    Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см.
    Сол жақтан шегініс– 3 см.
    Оң жақтан шегініс– 1 см.
    Парақ түрі– книжная.

  2. Өзөмірбаяныңыз туралы мәтінді теріңіз

  3. Бүкіл құжатты пернетақтаның көмегімен ерекшелеңіз (Зертханалық жұмыс№15)

  4. Меню->Формат->Шрифт командасы арқылы ШРИФТЕР сұхбат терезесін ашыңыз. Тапсырмада көрсетілген параметрлерді тағайындаңыз

  5. Меню->Файл->Сохранить командасының көмегімен файлды Биография.doc деген атпен сақтаңыз. Құжатты жабыңыз.


Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, Питер, 2001 г.

  2. Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ под ред. Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002

  3. Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. Алматы: Жағамбек, 1999

  4. Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г.

  5. Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  6. Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. корпорация Microsoft, 2004

  7. Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы и статистика»

  8. Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. А., М., ВШ, 2003


Бекіту сұрақтары:

  1. Шрифт форматы дегеніміз не?

  2. Шрифті қалай форматтауға болады?

  3. Шрифтің видеоөзгеруінің құрамын айтыңыз?

  4. Шрифтің кескінделуін пернетақтаның көмегімен өзгертуге бола ма? Қалай?

  5. Құралдар тақтасындағы Форматтау батырмаларының қызметін түсіндіріңіз


Зертханалық жұмыс №12.5
Тақырыбы: Абзацтармен жұмыс: шегініс, алға ұмтылу, туралау, жоларалық интервал
Мақсаты: Парақ шетіндегі өрістер мен абзацтарды форматтау, қатар арасындағы интервал, абзац аралығы, кестелеу позицияларының орналасуы, сол жақ және оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру, жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазу
Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар:

Компьютер, Word мәтіндік редакторы


Теориялық түсініктеме:
Абзац пен парақтың оң және сол жақ өрісінін туралауды шатастырмау керек. Парақ шетіндегі өрістер дегеніміз- мәтінмен парақ шетінің аралығы. Ал, абзац дегеніміз- парақ шетінен мәтіннің сол жағына дейінгі аралық.

Абзацты форматтау кезінде қолданылатын параметрлер:



    • Мәтінді оң жақ шетке, сол жақ шетке, ортаға жылжыту және ені бойынша туралау;

    • Қатарлар аралығын өзгерту;

    • Абзацтар аралығын өзгерту;

    • Кестелеудің позициялары, яғни кесте бағаналарының позициялары нөмірлерін белгілеу;

    • Абзацтар алдындағы шегініс (отступ) мөлшері және тізімдерді нөмірлеу, маркерлеу кезіндегі сол жақ шетке ұмтылыс(выступ) мөлшері;

    • Мәтін жиектерін ерекшелеу және олардың түсін өзгерту (границы и заливки)

    • Бет нөмірлерінің форматтары және олардың орналасуы;

    • Бетке бөлу кезінде мәтіннің ауысу параметрлері.

Мәтінді туралау тәртібі қолданылу мақсатына байланысты төрт түрлі болады:

    • сол жақ шетке туралау- жәй мәтін тергенде қолданылады;

    • Оң жақ шетке қарай туралау- колонтитулдарда, яғни бөлім тақырыптарын беттердің жоғарғы жағына тұрақты күйде жазу кезінде кездеседі;

    • қатар ортасына қарай туралау- тақырыптарды жазғанда пайдаланылады;

    • екі жақ шетті де туралау- іс қағаздарын, баспахана материалдарын даярлау кезінде қолданылады

Құралдар тақтасындағы төрт батырманың көмегімен мәтінді сол жақ, орта, оң жақ және ені бойынша туралау мүмкіндігі бар.

Бір ғана абзацтағы мәтінді туралау үшін оны белгілемей- ақ курсор сол абзацтың ішінде тұрғанда қалаған режим батырмасын басу жеткілікті.

Абзацты форматтау амалын Формат-Абзац... немесе құжаттың жанама менюіндегі Абзац... командасы таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің (Сурет-1) көмегімен орындауға болады.

Абзац сұхбат терезесі екі астарлы беттен тұрады:

Шегіністер мен аралықтар- парақ өрістерін туралау, жол, қатар, абзац аралығын қалаған шамада өзгерту мүмкіндігіміз бар;

Парақтағы орналасуы- параққа сыймайтын жолдарды болдырмау, абзацтарға бөлмеу, келесіден ажыратпау, жаңа беттен бастау,, жолдарды номерлеуді және сөздерді автоматты түрде көшіруді болдырмау режимдерін таңдау мүмкіндігі бар.

Екі астарлы беттің көмегімен де Кестелеу сұхбат терезесін ашуға болады.





Сурет1. «Абзац» сұхбат терезесі
Жоларалық интервалды орнату

Жоларалық интервалды орнату үшін, ең алдымен мәтіндік фрагментті ерекшелеп алып, Формат – Абзац – Межстрочный командасын пайдаланыңыз.

Бір аралықты(Одинарный)- қатар арасындағы интервал сол қатардағы ең үлкен символ биіктігіндей. Бір аралықты интервал символ мөлшерінен сәл- пәл үлкендеу болады.

Бір жарым аралықты(Полуторный)- интервал бір аралықтан бір жарым есе артық болады, мысалы символ мөлшері 10 пункт болса, аралық 15 пункт шамасында болады;

Екі аралықты(Двойной)- бір аралықты интервалдан екі есе артық қашықтық;

Минимум- WORD редакторында мүмкін болатын ең кіші интервал мәні, ол әртүрлі жағдайларды есепке ала отырып орнатылады;

Дәлме- дәл(Точно)- Қатар аралығы бүкіл текст үшін бірдей болады, егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту керек;

Көбейткіш(Множитель)- көрсетілген шамасына еселенген интервал, Мәні(Значение) деген өріс қатарына қажет мәнді енгіземіз (келісім бойынша 3).



Абзац аралығы

    • Формат- Абзац командасын таңдау қажет

    • «Абзац» сұхбат терезесінің «Шегіністер мен интервалдар» астарлы бетін ашу керек;

    • Алдында(Перед) және Артында(После) деген өріс қатарларына керекті сандық мәндер енгізу қажет немесе тышқанның оң жақ батырмасын басып, шыққан сандар тізімінен керектісін таңдап аламыз. Алдын ала келісім бойынша аралықтар мәні пунктпен беріледі, оң жақтағы батырманы бір басу оны 6 пунктіге үлкейтеді.


Кестелеу позицияларының орналасуы

  1. Кестелеу позицияларын орналастыратын абзацтарды ерекшелеу қажет;

  2. Көлденең белдеудің(сызғыштың) сол жағында орналасқан кестелеу белгісі қажетті белгінің ((сол жағы бойынша),(оң жағы бойынша), (центрі бойынша),(бөлгіш бойынша)) біріне өзгергенше тышқанды шертеміз.

  3. Кестелеу орналасуғы тиісті жерге сөйкес сызғьштың үстіне тышқанды шертеміз


Кестелеу аралығын белгілермен толықтыру


  1. Кестелеу аралығьна белгілер қойылуға тиісті абзацтарды белгілейміз.

  2. Формат=>Кестелеу (табуляция) немесе Абзац... сұхбат терезесіндегі Кестелеу... командасын таңдаймыз (Сурет-2).



Сурет 2. «Кестелеу» сұхбат терезесі

  1. Кестелеудің орналасуы (Позиции табу-
    ляции) тобынан қажетті шаманы енгіземіз немесе тізімнен таңдаймыз.

  2. Туралау (Выравнивания) тобьнан кестелеу аралығы енгізіліп отырған мәтін үшін қажетті түзетудің бірін таңдаймыз.

  3. Толтыру (Заполнитель) тобынан қажетті толтыру элементін таңдағаннан кейін Орналастыру(Установить) батырмасында тышқанды шертеміз.

Ескерту: Абзацты белгілеп алғаннан кейін, қойылған кестелеуді алып тастау қажет болса, сызғыштағы кестелеу белгілерін тышқанның көмегімен сызғыштың бойынан алып тастаймыз немесе Кестелеу сұхбат терезесіндегі Өшіру комаңдасын таңдаймыз. Ал жылжыту қажет болса, сызғыш бойыңдағы кестелеудің белгілерін тышқанның көмегімен кажетті орынға тасымалдаймыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет