«информатика»


Дербес компьютердің ішкі құрылғылары



бет2/93
Дата20.06.2018
өлшемі10,94 Mb.
#44078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93

Дербес компьютердің ішкі құрылғылары:

Жүйелік блоктың ішіндегі құрылғылар компьютердің ішкі құрылғылары.



Микропроцессор – компьютердің негізгі микросхемасы. Онда барлық есептеулер жүргізіледі. Процессордың негізгі сипаттамасы – тактілік жиілік (МГц). Тактілік жиілік неғұрлым көп болса, соғұрлым процессордың жұмыс өнімділігі жоғары болады. Мысалы, процессордың тактілік жиілігі 500МГц болса, процессор өзінің қалпын 500млн. рет өзгертеді.

Оперативті жады – компьютер іске қосылып тұрған кездегі көп ұяшықтарда берілгендер мен командалар сақталып тұратын ұяшықтар массиві.

Процессор оперативті жадымен бірге жұмыс істейді. Берілгендер процессордың регистрларына (процессор ұяшықтарына) көшіріледі де, берілген команда бойынша өзгертіледі. Оперативті жадының өлшем бірлігі – байт, Мбайт.

Байт – адресі бар берілгендерді сақтаудың ең кіші бірлігі. Ол өзінен кіші 8 бірлік – биттерден тұрады. Бит 2 күйде болады: қосулы/өшулі.

Процессор кез-келген уақытта байтқа, яғни оперативті жадының ұяшығына адресі бойынша бара алады. Бұл кезде процессор кез-келген биттің күйін өзгерте алады. Ол үшін:



  1. Ұяшықтың ішіндегісін процессордың бір регистріне көшіреді;

  2. Кез-келген битті немесе биттер тобын өзгертеді;

  3. Регистрден кері оперативті жадыға көшіреді;

Аналық плата - ДК ең үлкен платасы. Онда процессор мен оперативті жадыны жалғастыратын шиналар орналасқан: берілгендер шинасы, адрестер шинасы, командалар шинасы. Аналық платаның шиналарына басқа да ішкі құрылғылар жалғанады. Чипсет – аналық платаның жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы.

Видеадаптер – аналық платаға жалғанатын ішкі құрылғы. Компьютердің графикалық мүмкіндіктерін жасайды. Бұл құрылғының өзінің видео процессоры бар. Видеоадаптердің үш өлшемді кеңістікті бейнелеуде рөлі зор. Кей модельдерде видеоадаптердің функциясын чипсеттің микросхемасы орындайды. Бұл жағдайда видеоадаптер аналық платамен интегралданған деп аталады. Егер видеоадаптер жеке құрылғы болса, онда оны видеокарта деп атайды. Видеокартаның разъемдары жүйелік блоктың артқы жағынан шығарылған. Оған монитор жалғанады.

Дыбыстық адаптер – компьютерде дыбыс шығару үшін аналық платаға орнатылған ішкі құрылғы. Ол чипсетте аналық платамен интегралданған болуы мүмкін немесе жеке құрылғы дыбыстық карта болуы мүмкін. Дыбыстық картаның разъемдары жүйелік блоктың артқы жағынан шығарылған, оған микрофон, колонка, наушник жалғанады.

Бекіту сұрақтары:

  1. Компьютер құрылымының негізгі логикалық принциптері қандай және олар қандай негізгі құрылғыларды анықтайды?

  2. Басқару құрылғысы (УУ) және арифметика-логикалық құрылғы (АЛУ) туралы не айта аласың?

  3. Жады функциясын айтып бер?

  4. Процессор функциясын айтып бер?

  5. Регистр деген не?

  6. Регистрлардың қандай түрлері бар?

  7. Аппараттық конфигурация деген не?

  8. Базалық аппараттық конфигурация деген не?

  9. Базалық аппараттық конфигурацияға кіретін құрылғыларды ата?

  10. Компьютердің сырқы құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады?

  11. Компьютердің ішкі құрылғыларын ата және олар қандай қызмет атқарады?

  12. Микропроцессорды сипаттайтын шама қандай?

  13. Жадыны сипаттайтын негізгі шама қандай?


5-дәріс. Сыртқы құрылғылар: Ақпаратты сақтау құрылғысы. Жады түрлері. Жады құрылысы. Ішкі жады құрылысы. Сыртқы жады құрылысы. Енгізу-шығару құрылғысы.
Мақсаты: Сыртқы құрылғылар және олардың жұмыс принциптерімен таныстыру.
Қатты диск - программалар мен берілгендерді ұзақ сақтайтын құрылғы. Қатты диск дегеніміз – бір-бірімен байланысқан бірнеше дискіден тұратын батарея. Дисктердің беттері концентрациялық жолдарға, ал жолдар секторларға бөлінген. Берілгендер адресі бет нөмірі, жол нөмірі және сектор нөмірімен белгіленеді. Қатты диск өте нәзік құрылғы. Оны ұқыптылықпен бір блоктан екінші блокқа ауыстыру керек.

Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз – компьютердің аппараттық құрылғыларының жиынтығы. Дербес компьютердің базистік аппараттық конфигурациясы деп – компьютердің жұмыс істеуіне қажет ең аз аппараттық комплектісін айтады.

Қазіргі ДК базалық аппараттық конфигурациясына: жүйелік блок, монитор, пернетақта, тышқан кіреді.

Жүйелік блок – компьютерлік жүйенің негізгі блогы. Онда ішкі құрылғылар орналасқан. Жүйелік блокқа сырттан қосылатын құрылғыларды сыртқы құрылғылар немесе перифериялы құрылғылар деп атайды.

Монитор – символдық және графикалық информацияны бейнелеуге арналған құрылғы.

Пернетақта – компьютермен жұмысты басқару және информацияны енгізуге арналған құрылғы.

Тышқан – «графиктік» басқару құрылғысы. Пернетақтадан айырмашылығы тышқан үшін аппараттық қамсыздану жеткіліксіз, арнайы бағдарлама қажет.

Компьютердің сыртқы қосымша құрылғыларына принтер, сканер, плоттер, колонка, микрофон және т.б. жатады.



Жедел жад - бүл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) - ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше. Егер компьютерді өшірсе, онда жедел жадтағы барлық ақпарат жойылады (өшеді). Жедел жадта Қазіргі кезде орындалып жатқан барлық бағдарламалар болады. Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылгы ТЖҚ — бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады, компьютерді іске қосқанда, алдымен ақпарат ТЖҚ-дан алынады, ал содан соң компьютерге орнатылған операциялық жүйе іске қосылады.

Жедел (оперативті) жадтайтын құрылғы ЖЖҚ — ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ-дан акпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.



ТЖҚ (ПЗУ): тұрақты жадтайтын құрылғы.

ЖЖҚ (ОЗУ): жедел жадтайтын құрылғы.

Ақпаратты тұрақты сақтауға арналған жад.

Ақпаратты уакытша сақтауға арналған жад.

Компьютерді өшіргенде, ТЖҚ-дағы ақпарат бұзылмайды.

Компьютерді өшіргенде, ЖЖҚ-дағы ақпарат бұзылады.

Мұнда сақталған командаларды тек оқиды, бірақ жаңа ақпарат жазуға болмайды.

Мұнда жазылған командаларды оқуға да әрі жаңа командалар, ақпарат жазуға болады.

Жедел жадтың негізгі сипаттамасы — оның сыйымдылығы мен жылдам әрекеттілігі. Процессор мен ЖЖҚ — ЭЕМ-ның негізгі құрылгылары. Компьютер жұмыс істеу үшін, бұлардың өзі-ақ жеткілікті.

Егер компьютердің тек жедел жады ғана болса, онда бір де бір компьютер ойдағыдай жұмыс істей алмас еді. Себебі онда сақталатын ақпарат көлемі өте аз болады, оған қоса, компьютерді өшіргенде, ондағы ақпарат толығымен жоғалады. Сондықтан компьютердің өшірілген кезде де жазылған ақпаратты сақтайтын басқа жады болуы керек. Сыртқы жад ретінде магнитті диск пайдаланылады. Дискілер қазіргі дербес компьютерлерде негізгі ақпарат тасуыш болып табылады, олар ақпаратты тұрақты түрде сақтауға арналған.

Магнитті дискілердің екі типі болады. Бірінші типке иілгіш, алмалы-салмалы дискілер немесе дискеттер жатады. Оларда көлемі онша үлкен емес, қажет ақпаратты жазып алып, тұрақты түрде сақтауға болады. Олар компьютерлер арасында бағдарламалар мен мәліметтер алмасу үшін және құжаттар мен бағдарламалардың көшірмесін сақтау үшін пайдаланылады.
Бекіту сұрақтары


  1. Дербес компьютердің аппараттық конфигурациясы дегеніміз не?

  2. Компьютер жадының қандай түрлерін білесіздер?

  3. Тұрақты жад пен жедел жадтың айырмашылықтарын атаңыздар?

  4. Жадтың сыртқы тасушыларын сипаттаңыздар.


6-дәріс. Информатиканың арифметикалық негіздері. Ақпараттың берілу формалары. Санау жүйелері. Әртүрлі санау жүйелеріндегі әрекеттер
Мақсаты: Информатиканың арифметикалық негіздері және ақпараттың берілу формаларымен, санау жүйелері, ондағы әртүрлі санау жүйелеріндегі әрекеттермен таныстыру.

Санау жүйесі дегеніміз – сандарды санаудың, жазудың ережелері. Кез-келген санау жүйесінде жазу үшін символдар таңдалып алынады. Оларды сол жүйенің базистік сандары деп атайды. Басқа сандар базистік сандарға амалдар қолдану арқылы алынады. Санау жүйелері позициялық және позициялық емес болып екіге бөлінеді. Позициялық емес санау жүйелеріне римдік санау жүйелері жатады.

Позициялық санау жүйесі дегеніміз – санның жазылуындағы цифрлардың орын ауыстыруына байланысты санның мәніне әсер ететін санау жүйесін . Мысалы: 21 санында 2 цифр ондықты білдірсе, 12 санында дәл осы цифр (2) бірлікті білдіреді.

Позициялық санау жүйелеріне ондық, он алтылық, екілік, сегіздік санау жүйелері жатады.

Ондық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;}

Он алтылық санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; 8; 9;A; B; C; D; E; F;}

Сегіздік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1; 2; 3; 4; 5; 6; 7; }

Екілік санау жүйесінің алфавиті: {0; 1;}

Екілік санау жүйесі компьютерде барлық есептеу, өңдеу амалдарын жүргізгенде қолданылады. Кез-келген санау жүйесінен санды басқа санау жүйесіне көшіруге болады.

Ондық санды екілік жүйеге көшіру үшін санды екіге бөліп, қалдығын белгілеп қоямыз. Қалдықтары: 0, 1. Шыққан бүтін бөлікті тағы 2-ге бөліп, қалдығын белгілейміз. Осы амалды бүтін бөлігі 2-ден кіші болғанша қайталаймыз. Қалдықтарды кері ретпен тізбектеп жазамыз. Нәтижесінде екілік сан алынады.



23

2

 

 

 
2310=101112


22

11

2




 

1

10

5

2

 

 

1

4

2

2

 




1

2

1

 

 

 

0

 

Кез-келген ондық санды келесі полином (көпмүше) түрінде түрінде жазуға болады:

Х=an*10n+ an-1*10n-1+…+ a0*100+ a-1*10-1+ a-2*10-2+…+ a-m*10-m

Мұндағы, an, an-1, …, a0 – ондық санның бүтін бөлігін құрайтын базистік сандар.

a-1, a-2, …, a-m – санның бөлшек бөлігін құрайтын базистік сандар.

Ондық санау жүйесінің негізі - 10 саны.

Мысалы: 327,0351 саны. Мұндағы 327 – a2a1a0, ал 0351 – a-1a-2a-3a-4;

Х=3*102+2*101+7*100+0*10-1+3*10-2+5*10-3+5*10-4=327,0351;

Осы полиномды 2-лік санау жүйесіне қолдануға болады:

Х=an*2n+ an-1*2n-1+…+ a0*20+ a-1*2-1+ a-2*2-2+…+ a-m*2-m;

Мысалы: 2310=101112 , Осы 2-лік санын полиномға қойып тексереміз:

101112=1*24+0*23+1*22+1*21+1*20=16+0+4+2+1=2310;


Бекіту сұрақтары:

  1. Информация терминіне анықтама бер?

  2. Сигнал деген не?

  3. Электрлік түрде берілген сигналдардың артықшылықтары.

  4. Информацияның қасиеттері.

  5. Информацияның үздіксіз жіне дискеретті формасы.

  6. Информацияның өлшем бірліктерін ата.

  7. Санау жүйесі деген не?

  8. Позициялық және позицилық емес санау жүйелеріне анықтама бер және мысалдар келтір.

  9. Санау жүйесінің негізі деген не? Санау жүйесінің базистік цифрларына мысал келтір.

  10. Сандарды бір санау жүйесінен екінші санау жүйесіне қалай аударамыз.

7-дәріс. Информатиканың логикалық негіздері. Алгебра логикасы. Логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер. Логикалық амалдар. Логикалық схемалар және логикалық машиналар
Мақсаты: Информатиканың логикалық негіздері, алгебра логикасы, логикалық байланыстар, мәндер, сөйлемдер, логикалық амалдар, логикалық схемалар және логикалық машиналар, Буль алгебрасы түсініктерімен таныстыру.
ЭЕМ қатысуымен шешілетін есептердің ішінде, әдетте логикалық деп аталатын есептер де аз емес.

Логика — бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, онын ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым.

Ғылыми пән ретінде логиканың бірнеше нұскалары дараланады: формалъды логика, математикалық логика, ықтималдықты логика, диалектикалық логика және т.б. Адам әр түрлі кесте құрғанда, бір-біріне кайшы келетін куәлар жауаптарының дұрысын анықтағанда және басқа көптеген жағдайларда логиканың көмегіне жүгінеді.

Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты.

Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған объектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді.

Математикалық. логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оны басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет XIX ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл — дәстүрлі логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі), информатикада жақсы меңгерілген.

Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауға өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі екілік санау жүйесі болып табылады, онда екі цифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалык айнымалылардың мәндері де екі: "0" және "1". Бұл компьютердің бір ғана құрылғылары екілік санау жүйесінде ұсынылған сандық ақпаратты да, логикалық айнымалыларды да өндеу және сактау үшін қолданыла алады дегенді білдіреді. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары, схемаларының жұмысы айтарлықтай жеңілденеді және карапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Компьютердің негізгі тораптары ондаған мың осындай логикалық элементтерден тұрады

Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейті бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.

Пікір дегеніміз — жалған немесе ақиқат болуы мүмкін кандай да бір пайымдау.

Мысалы, "Қар — ақ", "2 • 2 = 4" деген ақиқат, ал "Тау тегіс", "2 • 2 = 5" деген — жалған пікірлер. Әдетте, біз бақылайтын фактілер ақиқат ретінде қабылданады. Жалған пайымдаулар, көбінесе, пайымдаулар мен ұйғарымдардағы қателерден немесе сондай болса екен деген тілегімізді шындық ретінде көрсетуге тырысудан пайда болады.



Шкірлер: жалпы және жеке болып бөлінеді. Жеке пікір нақты фактілерді көрсетеді, мысалы, "3 + 3 < 7", "Бүгін күн шуақты болды".

Жалпы пікірлер объектілер немесе құбылыстар тобының қасиеттерін сипаттайды, мысалы, "Егер жаңбыр жауған болса, онда көше су болып жатыр", "Кез келген квадрат параллелограмм болып табылады" және т.с.с.

Жалпы пікір объектілердің қандай да бір бөлігі үшін ақиқат, ал басқа объектілер үшін жалған болуы мүмкін. Мысалы, "Иттер мысықтарды жақсы көрмейді" пікірі иттердің көпшілігі үшін рас, бірақ барлығы үшін емес "х-у>0" пікірі х=1 және у=1 үшін акиқат және сонымен катар у кез келген болғанда, х = 0 үшін жалған.

Егер пікір айтылған ой объектілерінің кез келгені үшін рас болсап, онда жалпы пікір тепе-тең ақиқат деп аталады. Мысалы, "Иттің төрт аяғы бар" пікірі кез келген ит үшін рас.

Тепе-тең ақиқат пікірлер заттардың заңды байланыстарын көрсеткенде ерекше пайдалы. Мысалы, "a + b = b + а" пайымдауы кез келген нақты сандар үшін орынды және ол "Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді" деген арифметиканың заңын көрсетеді.

Күрделі жағдайларда сұрактардың жауабы ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық жалғаулыктарын пайдаланып, құрамды пікірлер арқылы беріледі. Мысалы, "Бұл оқушы ақылды және зерек" пікірі қарапайым "Бұл окушы ақылды" және "Бұл оқушы зерек" деген пікірлерден тұратын құрамды пікір болып табылады.

Логикалық жалғаулықтардың көмегімен басқа пікірлерден құрастырылған пікірлерді құрамды деп атайды. Құрамды емес пікірлерді қарапайым немесе элементпар деп атайды.

Логикалық жалғаулықтар математикада күрделі айтылымдарды сипаттайтын логикалық операциялар болып табылады.

Логикалық айтылымдармен жұмыс істеу үшін оларға ат қояды. "Айдар жазда теңізге барады" айтылымы А арқылы белгіленсін, ал В арқылы — "Айдар жазда тауға барады" айтылымы белгіленсін. Сонда "Айдар жазда теңізге де, тауға да барады" құрамды айтылымын А және В түрінде қысқаша жазуға болады. Мұндағы "және" — логикалық жалғаулық, А, В — логикалық айнымалылар, олар тек екі мәнде болады: "ақиқат" немесе "жалған", сәйкесінше олар "0" не "1" арқылы белгіленеді.



Әрбір логикалық жалғаулық логикалық айтылымдармен орындалатын операция ретінде қарастырылады және олардың өз аты мен белгіленуі болады.

Математикалық логикада ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС логикалық операциялары ақиқаттық мәндер кестесімен анықталады.

Ақиқаттық кестесі — бұл логикалық операцияның кестелік түрде ұсынылуы, онда кірістік операндалардың (айтылымдардың) ақиқаттық мәндерінің барлық мүмкін терулері осы терулердің әрқайсысына арналған операциянын шығыстық нәтижесінің ақиқаттық мәнімен бірге аталған.

Негізгі логикальщ операцияларды карастырайық.



Логикалық көбейту

ЖӘНЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым екі А мен В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалық көбейту немесе конъюнкция (латынша conjunctio — біріктіру), ал операцияның нәтижесі — логикалық көбейтінді деп аталады.

ЖӘНЕ операциясы "." нүктемен белгіленеді (& белгісіменде белгіленуі мүмкін).

ЖӘНЕ (конъюнкция) логикалык операциясының ақиқаттық кестесі:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Жоқ

Жоқ

Иә

Жоқ

Жоқ

жоқ

Жоқ

Ақиқаттық кестесінен:

  • Пікірдің екеуі де акиқат болғанда, А жөне В конъюнкциясы
    ақиқат.

  • А немесе В пікірлерінің бірі немесе екеуі де жалған болса, онда
    А және В конъюнкциясы жалған болады.

Логикалық қосу

Біріктіруші мағынада қолданылатын НЕМЕСЕ жалғаулығының көмегімен қарапайым А және В айтылымдарының бір кұрамдасқа бірігуі логикалың қосу немесе дизъюнкция (латынша disjunctio бөлу), ал операцияның нәтижесі — логикалык қосынды деп аталады.



НЕМЕСЕ логикалық операциясы белгісімен (кейде + белгісімен) белгіленеді.

НЕМЕСЕ логикалық операциясының акикаттық кестесі төмендегідей болады:

А

В

А және В

Иә

Иә

Иә

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Иә

жоқ

жоқ

Жоқ

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер А да, В да иә мәніне ие болса, не тек қана А, не тек қана В иә мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы иә мәніне ие болатындығы көрінеді. Және керісінше, егер А да, В да жоқ мәніне ие болса, онда "А немесе В" пайымдауы жоқ мәніне ие болады.

  • А немесе В пікірлерінің ең болмағанда біреуі акиқат болғанда, А немесе В дизъюнкциясы ақиқат.

  • А және В пікірлерінің екеуі де жалған болғанда, А және В
    дизъюнкциясы жалған.

Логикалық терістеу

Қарапайым А айтылымына ЕМЕС шылауын қосу логикалық терістеу операциясы деп аталады, операцияны орындау нәтижесінде жаңа айтылым пайда болады.

ЕМЕС операциясы айтылымның үстіне сызықша салумен белгіленеді.

ЕМЕС (терістеу) операциясының ақиқаттық кестесі:

А

А емес

Иә

Жоқ

Жоқ

Иә

Мұндағы А қандай да бір кез келген айтылым.

Мысалы, "Бүгін күн ыстық" айтылымы үшін "Бүгін күн ыстық емес" айтылымы терістеу болады.



Кейбір кездерде барлық айтылым "... жалған" сөзін колдануға болады. Сонда "Сен жақсы баға алдың" айтылымын терістеу "Сенің жақсы баға алғаның жалған" айтылымы болады.

Бұл операцияның ақиқаттық кестесінен, егер бастапқы А айтылымы жалған болса, онда А емес (А ақиқагп емес), теріске шығаруы иә мәніне ие болатынын көреміз. Және, керісінше, егер бастапқы А айтылымы ақиқат болса, А емес, жоқ мәніне ие болады.

  • Бастапқы пікір жалған болғанда, терістеу- ақиқат.

  • Бастапқы пікір ақиқат болғанда, терістеу- жалған.



Бекіту сұрақтары

  1. Пікір дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.

  2. Қандай пікірлер жалпы деп аталады? Жалпы жөне жеке пікірлерге мысал келтіріңдер.

  3. Әдеттегі және математикалық пікірлердегі жалғаулардың рөлі қандай?

  4. ЖӘНЕ жалғаулығымен мысал келтір.

  5. НЕМЕСЕ жалғаулығымен бөлуші рөлде, біріктіруші рөлде мысал келтіріңіз.

  6. Пайымдауларды теріске шығаруға мысалдар келтіріңіз.

  7. Логикалық көбейту дегеніміз не? Мысал

  8. Дизъюнкция дегеніміз не? Мысал

  9. Логикалық терістеу деп нені айтады? Мысал.

8-дәріс. Информатиканың алгоритмдік негіздері. Алгоритм ұғымы. Алгоритмдік құрылым. Алгоритмнің қасиеттері және оларды сипаттаудың әдістері

Мақсаты: Алгоритм және оның түрлері, алгоритмдерді ұсыну әдістері, алгоритмдік құрылым ұғымдарын енгізу.

«Алгоритм» сөзі ортағасырлық шығыс ғалымы Абдулжафар Ибн Муса Әл-Хорезми атымен байланысты. Европалық ғалымдардың көп орынды сандарға ондық арифметикалық амалдарды алғаш қолданған ғалымның атына байланысты «алгорифм» және «алгоритм» сөздерін термин ретінде енгізген.

Алгоритм дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолында орындалатын қарапайым амалдардың санаулы жиыны. Ең алғаш алгоритм ұғымы Эвклид алгоритміне қатысты айтылған. Алгоритм қасиеттері:

  1. Дискреттілік – процесс белгілі бір қарапайым қадамдардың тізбегінен тұруы тиіс.

  2. Анықтылық (детерминированность) – алгоритмнің әр командасы нақты және біржақты болуы тиіс. Кез-келген уақытта, кім орындаса да бірдей нәтиже көрсетуі тиіс.

  3. Нәтижелілігі – алгоритм санаулы қадамдардан кейін шешімге әкелуі тиіс.

  4. Жалпылығы - алгоритм тек бір есеп үшін емес, сол типтес есептердің барлығын шығаруы тиіс.

Есепті компьютерде шығару қадамдары:

  1. Мақсатты айқындау;

  2. Есептің математикалық қойылымын (моделін) жаза білу керек;

  3. Берілгендерді анықтау;

  4. Есепті шешу тәсілін таңдау;

  5. Тәсілдік алгоритм құру;

  6. Алгоритмді таңдап алған программалау тіліне аудару;

  7. Программаны компиляциялау;

  8. Программаны орындау;

  9. Программаны тестілеу (әртүрлі мәндер үшін нәтижесін Бекіту);

  10. Нәтижені талдау;

Алгоритм жазылу тәсіліне қарай 3 түрге бөлінеді;

  1. Сөздік алгоритм немесе жаратылыс тілінде жазылған алгоритм;

  2. Графиктік алгоритм немесе блок-схема;

  3. Программалау тілінде жазылған программа;

Бекіту сұрақтары:

  1. Алгоритм деген не?

  2. Алгоритм термині қайдан шыққан?

  3. Алгоритмнің қасиеттерін ата?

  4. Компьютерде есеп шығару қадамдарын көрсет?

  5. Сөздік алгоритмге мысал келтір.

  6. Графиктік алгоритм деген не? Мысал келтір.

  7. Графиктік алгоритмнің шарт белгілерін көрсет.

9-дәріс. Алгоритмнің түрлері. Сызықты, тармақталған, циклдік алгоритмдеу
Мақсаты: Алгоритмнің сызықты, тармақталған, циклдік алгоритм түрлері туралы білімдерін толықтыру, тереңдету.
Алгоритмнің құрылымдық түрлері:

  1. Сызықтық алгоритм – қарапайым амалдардың жазылу реті мен орындалу реті тізбектелген алгоритм.

  2. Тармақталған алгоритм – есептеу барысында қай амалдар тізбегінің орындалатыны шартқа байланысты алгоритм.

  3. Циклдық алгоритм – берілгендердің әртүрлі мәндері үшін белгілі амалдары қайталанып орындалатын алгоритм.

  4. Көмекші алгоритм – алгоритм орындалу барысында алгоритм ішінде пайдаланылатын алдын-ала құрылған дайын алгоритм.

Сөздік алгоритм:

Эвклид алгоритмі



  1. n және m сандары берілген;

  2. k =mod m;

  3. k≠0? Онда

  4. n:= m және m:= k 1-ге көшеміз;

  5. k=0, тоқтаймыз.

Графиктік алгоритмнің шартты белгілері:




Сызықтық құрылым:




Циклдық құрылымның 3 түрін қарастыруға болады:




    1. Шарт алдынан берілген цикл.





    1. Шарт соңынан берілген цикл





    1. Қайталау саны белгілі цикл (параметрлі цикл):





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет