MS Access-тегі сұраныс дегеніміз алдын-ала дайындалған сұрақ. Керек мәліметтерді қандай да бір шартқа байланысты шығаруға, сұрыптауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар сұраныс құрғанда кейбір есептеулерді де жүргізуге болады.
Сұраныс құрудың төрт түрі бар:
Конструктор
Қарапайм сұраныс (Простой запрос)
Қиылысқан сұраныс (Перекрестный запрос)
Қайталанатын жазулар (Повторяющиеся записи)
Есеп – мәліметтерді баспаға шығару үшін құрылатын объект. (Сурет 25)
Есеп құрудың түрлері:
Конструктор
Есеп шебері (Мастер отчетов)
Автоесеп (баған бойынша, ленталық)
Диаграмма шебері
Почталық наклейкалар
Сурет 25. Жаңа есеп терезесі
Тапсырма:
Тапсырма 1
Зертханалық сабақ №6 құрған тСтуденты кестесіне форма шебері арқылы форма құру.
Тапсырма 2
СОӨЖ №4 құрған «Абитуриент» МҚ кестелеріне шебер көмегімен көмегімен формалар құру.
Тапсырма 3
Зертханалық сабақ №6 құрған тСтуденты кестесіне сұраныстар құру. Конструктор көмегімен аты «А» әрпінен басталатын студенттер тізімін шығару, Фамилия өрісін кему реті бойынша, Дата рождения өрісін өсу реті бойынша, Телефон өрісін өзгеріссіз шығару.
Тапсырма 4
Осы кестеге қарапайым сұраныс көмегімен Аты, Фамилия, Дата рождения өрістерін өзгеріссіз шығару.
Тапсырма 5
Қосымша №1, 2, 3 берілген МҚ сұраныстар құрыңыз.
Тапсырма 6
СОӨЖ №5 құрған ДАННЫЕ МҚ тПРЕДМЕТ кестесіне шебер көмегімен есеп құру.
Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар:
Тапсырма 1
Форма шебері арқылы тСТУДЕНТЫ кестесіне форма құрайық. Ол үшін ашылған терезеден форма шеберін және кесте атын таңдаймыз. ОК батырмасын басамыз.
Келесі ашылған терезеде форма құруда керек өрістерді таңдаймыз (Сурет 26).
Достарыңызбен бөлісу: |