А. Қ. Альжанов, Ж. Бейсбаева
ИНФОРМАТИКА
М
5
ұғалімнің жұмыс
дәптері
УДК 373
ББК 74.263.2
А 43
«Білім-2050» шығармашыл педагогтерінің одағы»
қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған
(2013 жылғы 2 тамыздағы № 5 хаттама)
А 43
Альжанов А. Қ., Бейсбаева Ж.
Информатика: Жалпы білім беретін мектептің 5 сыныбына арналған.
Мұғалімнің жұмыс дәптері /А. Қ. Альжанов, Ж. Бейсбаева. – Астана:
«Самғай біл» ЖШС, 2013. – 152 бет.
ISBN 978-601-300-056-5
Мұғалімге арналған жұмыс дәптері пәннің әрбір тақырыбы бойынша сабақтардың толымды жоспарларынан тұрады. Онда мұғалімге әдістемелік ақпаратпен қоса оқушылардың сабақтың әр кезеңіндегі іс-әрекеттері толық қамтылады.
Бұл сабақ әзірлемелері ҚР МЖБС-на негізделген типтік оқу бағдарламасына,
күнтізбелік - тақырыптық жоспарға сәйкес келеді.
Сабақтардың мазмұны ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескеріп отырып, оқу материалын деңгейлеп игерудің «білім–түсінік–қолданыс–талдау–жинақтау–баға» критерийлі жүйесіне негізделіп шығарылған. Жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдерінің пайдалануына арналған.
Жоба ұйымдастырушысы мен үйлестірушісі – Г. Қ. Оразова.
УДК 373
ББК 74.263.2
ISBN 978-601-300-056-5 © «Самғай біл» ЖШС, 2013
Түсінік хат
Қазіргі білім беру жүйесі заманның өзгеру үдерісіне сай дамып
отыруы тиіс. Осыған орай жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде оқушының функционалдық сауаттылығын арттыру маңыздылығы алдыңғы орынға шықты.
Әлемдегі дамыған, қуатты елдердің білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі де осы өлшемге сәйкес жүргізіледі. Бұл өз кезегінде Қазақстан Республикасындағы білім беру қызметкерлерінің алдына да осындай жауапты міндет
жүктейтіні айқын.
Осы міндетті жүзеге асыру және еліміздегі білім беру жүйесіне жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Білім-2050» шығармашыл педагогтер одағы (ШПО) қоғамдық бірлестігі (ҚБ) құрылып, жалпы орта білім беретін мектепте өтілетін пәндерге арналған технологиялық әзірлеме кешенін (ТӘК) ұсынып отыр. Оқу-әдістемелік кешеннің құрамына: «Мұғалімнің жұмыс дәптері», «Оқушының жұмыс дәптері», «Тақырыптар бойынша слайдтар мен тест тапсырмалары» топтамалары кіреді.
Мұғалімнің жұмыс дәптері
Бұл – мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім беру стандартына негізделген типтік оқу бағдарламасын басшылыққа алып жасалған күнтізбелік - тақырыптық жоспарды және соның негізінде әр тақырып пен сабақтың құрамдас бөліктерін толық қамтитын дайын сабақ әзірлемесі.
Нақты нәтижеге бағытталған білім беруді көздейтін әзірлеме
Б. М. Блум таксономиясы негізінде ұлттық құндылықтар мен ерекшеліктерді ескере отырып жасалған.
Күнделікті өтілетін жаңа сабақ, қорыту - бекіту және жазба жұмыстарының жоспарлары Блумның танымдық сала таксономиясына, ал сыныптан тыс сабақ жоспарлары эмоционалдық сала таксономиясына лайықталып жасалған. Кешенге жинақталған жоғарыдағы топтамалар бір мезгілде қатар қолданылады, олар сабақ кезеңдері арқылы бірін-бірі толықтырып отырады.
Сабақ кезеңдері бірнеше блоктардан тұрады:
І. «Ақпарат алмасу» блогы (жаңа сабақты түсіндіру) – біртұтас педагогикалық үдерістің жаңа тақырыпты түсіндіруге бағытталған теориялық-ақпараттық бөлігі. Ұсынылып отырған әзірлемедегі «Ақпарат блогының» мазмұны оқулықтан тыс басқа да қосымша дереккөздермен (ғылыми-танымдық әдебиеттер, электрондық қор) толықтырылған.
Слайдтардағы аудио-видео материалдар оқушыға аз уақыт ішінде көп мәліметті меңгеруге мүмкіндік береді.
ІІ. «Алғашқы бекіту» блогы (жаңа сабақты бекіту) сабақ жоспарына сәйкес жүргізіледі. Мұнда оқушы берілген ақпараттың мазмұнына өз түсінігі бойынша түйін жасайды.
Күнтізбелік –тақырыптық жоспар
(Аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
|
Сабақтың тақырыбы
|
Сағат саны
|
1
|
Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама
|
1
|
2
|
Ақпарат, ақпараттың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері
|
1
|
3
|
Ақпарат саны және өлшем бірлігі
|
1
|
4
|
Компьютер.Компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері мен мүмкіндіктері
|
1
|
5
|
Программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі
|
1
|
6
|
Пернетақта
|
1
|
7
|
Операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері
|
1
|
8
|
Операциялық жүйе ұғымы.
|
1
|
9
|
Бақылау жұмысы. 1 - тоқсан.
|
1
|
10
|
Файлдар, бумалар және белгілер
|
1
|
11
|
Бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту
|
1
|
12
|
Объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою.
|
1
|
13
|
Ақпаратты жазу және оқу.Ақпаратты тасымалдаушылар.
|
1
|
14
|
Қарапайым графикалық редакторы.Суретті ашу және сақтау.
|
1
|
15
|
Бақылау жұмысы. 2 - тоқсан.
|
1
|
16
|
Қарапайым графикалық редактордың сурет салу құралдары.
|
1
|
17
|
Суреттің үзінділерін ерекшелеу және жұмыс істеу.
|
1
|
18
|
Масштаб және Графикалық ақпаратты өңдеу технологиясы
|
1
|
19
|
Баспаға дайындау және баспадан шығару
|
1
|
20
|
Қарапайым мәтіндік редакторы
|
1
|
21
|
Қарапайым мәтіндік редакторының интерфейсі
|
1
|
22
|
Мәтінді теру ережелері
|
1
|
23
|
Мәтін бойымен жылжыту. Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу
|
1
|
24
|
3 - тоқсандық бақылауға дайындық
|
1
|
25
|
Мәтінді пішімдеу және редакциялау. Қаріп. Абзац.
|
1
|
26
|
Графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру
|
1
|
27
|
Калькулятор. Блокнот.
|
1
|
28
|
Дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
|
1
|
29
|
Бақылау жұмысы. 4 - тоқсан.
|
1
|
30
|
Жобалық іс-әрекет
|
1
|
31
|
Жобалық іс-әрекет
|
1
|
32
|
Жобалық іс-әрекет
|
1
|
33
|
Жобалық іс-әрекет
|
1
|
34
|
Қорытынды. Жылдық бақылау.
|
1
|
Барлығы
|
34
|
№ 1 сабақ
МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
|
|
|
Тақырыбы:
|
|
|
Компьютер негіздері және информатика пәніне бастама.
|
|
Күтілетін нәтиже:
|
|
Білімдік
|
Жаңа білім
|
Информатика және компьютер ұғымын анықтайды. Информатика ғылымының тарихын таниды.
5 - сыныптағы «Информатика» пәнінің тақырыптарын атап шығады.
|
|
Жаңа түсінік
|
Компьютердің негізгі функцияларының қалай жұмыс істейтіндігін түсіндіреді.
|
|
Құзырлылық
|
Қолданым әрекеті
|
Пән бөлімдерінің арасындағы байланысты анықтайды. Информатика ғылымының даму жолын көрсетеді.
|
|
Талдау әрекеті
|
5 - сынып тақырыптарын тоқсандарға бөліп қарастырады.
Информатиканың зерттейтін бағыттарын талдайды.
|
|
Шығармашылық әрекет
|
Компьютерді қолданудың ережелерін жасайды.
|
|
Құнды-
лық
|
Бағамдау әрекеті
|
5 - сыныптағы «Информатика» пәнінен үйренетін ақпараттың маңыздылығын ерекшелейді. Өтілетін тақырыптар компьютерді үйренудің бастамасы деп есептейді.
|
|
Сабақ құрылымы:
|
|
|
І. Ақпарат алмасу (12 мин.).
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.).
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.).
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.).
V. Бағамдау - бағалау (3 мин.).
|
|
Оқыту әдісі: Репродуктивті, ішінара - зерттеушілік.
|
|
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
|
|
|
• Қажетті бастапқы ақпарат береді, алдын ала әзірленген тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады, көмек көрсетеді.
|
|
Сабақ типі:
|
|
|
• Белсенді - ізденушілік, шағын топтарда жұмыс істеу.
|
|
Оқушы іс - әрекетін ұйымдастыру:
|
|
|
• Күтілетін нәтижеге қол жеткізу мақсатында ұсынылған алгоритм бойынша жұмыс жасау.
|
|
Оқушыда дағды қалыптастыру:
|
|
|
• Логикалық ойлау, ой қорыту, өздігінен және топта жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.
|
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
|
|
|
• Логика, ақпарат, информатика, алгоритм, программалау.
|
|
Үй тапсырмасы:
|
|
|
5 - сыныпты өтілетін тақырыптардан нені күтесіз? Өтілетін тақырыптардың күнделікті өмірдегі пайдасын жазыңыз.
|
САБАҚ БЛОКТАРЫ
|
|
|
|
і. аҚПАРАТ алмасу
|
|
|
Тақырып жоспары:
1. Информатика және компьютер ұғымы.
2. 5 - сынып информатика пәнінің тақырыптарын қарастыру.
3. Компьютерді қолданудың ережелері.
Слайдтар:
1 - слайд Информатиканың шығу тарихы
Информатиканың ғылым болып қалыптасуы және адам іс - әрекетінің барлық салаларында компьютердің (ЭЕМ - ң) қолданылуы XX ғасырдың елуінші жылдарына тұстас келеді.
Алғашқы ЭЕМ - ң құрылуы мен шығуы информатиканың ғылым ретінде даму тарихына жол ашты, мұндай байламның бірнеше себебі бар.
«Информатика» термині есептеу техникасының дамуымен тығыз байланысты, және алғашында есептеулер туралы ғылым ретінде түсінілді.
Информатиканың жеке ғылым болып бөлініп шығуына есептеу техникасындағы өңделетін және сақталатын ақпараттардың ортақ көрсетім пішімдері сияқты маңызды қасиеті әсер етті.
|
2 - слайд Информатика және компьютер ұғымы
Бұл аталым француздың Informatique, яғни Informacion (ақпарат) және Automatique (автоматика) деген сөздерінен шыққан.
Көптеген батыс Европа және АҚШ елдерінде басқа аталым – Computer Science (компьютерлік ғылым) қолданылады.
Informatique = information + automatique
Информатика = информация + автоматика
|
3 - слайд Информатика және компьютер ұғымы
Информатика (Computer science, informatics) - компьютер және одан басқа да техникалық құрылғылар көмегімен ақпараттарды алу, сақтау, түрлендіру, жеткізу және оны пайдалану заңдылықтарын, тәсілдерін, жолдарын зерттейтін ғылым саласы.
Компьютер (ағыл. computer – «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина.
|
Достарыңызбен бөлісу: |