Алгоритмдердің тиімділігі және күрделілігіне талдау жасау.
Бір есепті шешу үшін тек жалғыз алгоритм емес бірнеше алгоритм құруға болатыны белгілі. Сондықтан есепті шешу үшін барлық алгоритмдердің ішінен ең тиімдісін құру қажет болады. Алгоритмді орындаушы-адам болған жағдайда алгоритмнің күрделігі логикамен байланысты, себебі, есепке құрылған алгоритмнің ішінде күрделі структура болса, одан қандай нәтиже алынатынын алдын ала болжау мүмкін емес, тек оны орындап болған соң нәтиженің дұрыстығы, бұрыстығы зерттеледі, ал орындаушы-машина болса, оған алгоритмнің структурасы қаншалықты күрделі екендігі әсер етпейді, себебі машина үшін белгілі нұсқаулар берілді, ол соны орындайды, мысалы: машинаға бәрібір – қосуды орындап жатыр ма азайтуды орындап жатыр ма, әйтеуір техникалық жабдығы дұрыс болса, алдына қойған проблема шешіледі. Немесе алгоритмді жазғанда қайталану операторын қолданбай ақ күрделі есепті шешудің өте көп қадамнан тұратын тізбекті структурасын қолдануға болады, ал машинаға бәрібір- циклды қолдандың ба, тізбекті қолдандың ба, бірақ есептеу уақыты, алынған нәтиже адамды қанағаттандырмауы мүмкін, сондықтан алгоритмнің күрделілігі деген ұғым қажеттілігі шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |