«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінен емтихан СҰРАҚтары мен тапсырмалары


Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі



бет8/16
Дата10.10.2023
өлшемі4,9 Mb.
#184595
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Байланысты:
ГАК ИОӘ ответтери

Информатика курсын оқыту құралдарының жүйесі.
Информатика курсын оқыту үрдісін дамыту бағытында программалық құралдарды біріктіретін техникалық құрылғыларды, әртүрлі басқару құрылғыларын және оқытудың жаңа, сапалы әдістемесі механизмін қазіргі кездегі ДК мүмкіндіктеріне пайдалану керек.
Перифериялық құрылғылар мен оргтехникаларды (басу құрылғылары-матрицалық, лазерлік, сканер, құйылмалы) оқу қызметіне пайдалану оның жаңа бағыты болып табылады.
Оқыту үрдісінде компьютерді қолданудың жаңа бағыты ретінде ДК-мен байланысты сенсорлық және оқу, демонстрациялық құралдар, талдамалы және дискретті сигналдарды енгізу және шығаруды қамтамассыз ететін құрылғыларды қолдану, ДК экранына енгізу параметріне тәуелді динамикалық өзгеріп отыратын әртүрлі физикалық заңдарды график түрінде кескіндеуге мүмкіндік береді.
Оқу үрдісінде компьютерді пайдалануда аналогтық және дискреттік сигналдарды енгізу мен шығаруды қамтамассыз ететін дербес компьютердің, оның ішінде, түрлі физикалық заңдылықтардың виртуалдық мүмкіндіктерін айқындайды.
Информатика курсы бойынша оқыту құралдары жүйесінің құрамына мыналар жатады:
· Оқыту үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамассыз ету;
· Оқыту қызметінде оқушылардың мәдениетін қалыптастыруға негізделген бағдарланған объектілік бағдарламалық жүйелер;
· ДК-ге байланысты оқу, демонстрациялық құралдар;
· Оқыту үрдісіне көмекші оқу-көрнекілік құралдары;
· Жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды пайдалануға бағытталған оқытудың құралдар жүйесін пайдалану әдістері.
Оқыту құралдарының мұндай жүйесі информатика курсын оқыту барысында жаңа ақпараттық технологиялық құралдарды қолдану оқу-әдістемелік әдебиеттерімен (оқулықтар, оқушыларға арналған оқулықтар, мұғалімге арналған әдістемелік оқулықтар) қоса оқу-әдістемелік кешенін (ОӘК) құрайды.
Оқу-әдістемелік кешенінің құрамы мен жиынының өзгермелілігі информатиканы оқыту үрдісінде ғана емес, сонымен бірге басқа пәндер мен сабақтастырылған курстарды оқыту барысында қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет