ІІ кезең (10-11-кластар) бағдарлы курс, мұнда оқушылар кәсіптік бағдар бойынша оқытылады. Ол оқушылардың сұранысына, қабiлетiне және қызығушылығына байланысты сараланған мазмұнмен беріліп кәсіптік мамандық деңгейiндегi дәрежеде білім беріледі. Мысалы, оқушы жаратылыстану математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілі тереңдетіліп оқытылады, Coнымен қатар, "Дербес компьютердi пайдаланушы "Компьютер және ic-қағаздарын жүргiзyшi" және т.б. курстар енгiзiлген. Егер базистiк жоспардың өзгермелi бөлiгiнiң есебiнен курсты оқыту 136 сағатқа дейiн арттыртса, онда оқушыларға мамандыққа сәйкес қуәлiктер беру мүмкiндiғi туады;
Жалпы, негiзгi мектепте курсты oқытyға 88 сағат бөлiнсе, ал 10-1l-кластарда базистiк оқу жоспарындағы тұрақты (инвариантты) бөлiктің есебiнен 68 сағат бөлiнген.
Жалпы информатика курсының мазмұны мынандай екі үлкен дидактикалық мәселенi шешуге бағытталуы керек: 1) Компьютер-оқыту обьектiсi; 2) компьютер - универсал таным құралы. Оқушы таным субьектiсi болған кезде бұл екі меселе бiрiн-бiрi толықтыра отырып курстың негiзгi мазмұнын құрайды.
Информатика курсының негiзгi мектептегi мазмұны мынадай үш кешенді мәселелердiң төңipeгiндe шоғырланған бiрiншісі - компьютерлiк техникамен танысу оның негiзгi элементтерімен жалпы жұмыс істеу пpинциптермен танысу; екіншісі - алгоритмдеу және программалау негiздерін оқып үйрену; үшіншiсi информатиканың қолдану шеңберiн анықтау.
Информатиканы оқытуды реттейтін құжаттар. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Информатикадан оқу бағдарламасы.
Мемлекеттік білім стандарты -бұл пәндер бойынша мазмұнның міндетті минимумы және оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды тағайындайтын нормативтік құжат.
-1998 жылы жасақталған стандарттың негізгі мазмұны 7-11 сыныптарда дүниетанымдық көзқарас, алгоритмдеу және программалау, техникалық және қолданушылар аспектілеріне бөлініп қарастырылған. Аталған аспектілер базалық, негізгі және мамандыққа баулу курстары бойынша жеке жеке концентрлі түрдегі мазмұндарға бөліп, анықталған. Мұнда қарастырылған мазмұндар ақпараттық технологияның жеделдетіп дамуына байланысты оларды өзгерістерге ұшырату қажеттігі туындады.
Сондықтан бұл стандарт жылы мына түрде өзгертіліп, қайтадан жасақталды.
«Информатика» пәні бойынша дайындалған стандарт білім берудің сәйкес сатысының базистік оқу жоспарымен, білім беру ұйымдарының типтік оқу жоспармен, оқу бағдарламаларымен кешенді түрде қолданылады.
Стандарттың қолданылу саласы;
Қолданылу саласы. Стандарт республиканың мемлекеттік басқару органдары мен ұйымдарында білім қызметін лицензиялау, білім ұйымдарын аттестациялау, жұмыстық оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын дайындау, оқулықтар мен оқу - әдістемелік кешендерді жасақтау және оқу бағдарламаларын жүзеге асырылуын бақылау кезіндде қолданылады.
Қазақстан Республикасының "Бiлiм туралы Заңының талаптарына сәйкес информатиканы оқыту стандартына төмендегі мәселелер енгiзiлген:
- кластар бойынша бiлім беру мазмұнының мiндeттi минимумы;
- әрбiр кластардағы оқушының дайындық деңгейiне қойылатын талаптар;
- стандарттағы талаптардың орындалуын бағалау;
- бiлiмдi бағалау үлгiлерi.
Жалпы бiлiм беретін орта мектепке арналған информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты осы мәселені көздейді.
Ал, стандарт осы орта мектепте үздiксiз бiлiм беру тұжырымдамасына негізделіп жасалынған. Тұжырымдама білім беру жүйесiн демократияландыру принциптерін жүзеге асыруға бағытталып құрылған.
Мұнда оқушы өз бетiмен танымдық қызмет жасап, дами алатын субьект болса, мұғалiм осы қызметтің тиiмдi ұйымастырылуына нәтижелi болуына жауап беретiн шығармашылықпен жұмыс icтейтін жеке тулға.
«Информатика» оқу пәнінің базалық мазмұны (БМ) - оқу пәнінің мектепте міндетті түрде оқытылуы тиіс және үздіксіз білім берудің келесі сатылары мен деңгейлерінде информатиканы оқуды жалғастыру үшін жеткілікті болатын мазмұнының құрамы мен құрылымы.
«Информатика» оқу пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасы (БНБ) - оқу пәнінің мазмұнын, яғни оқушыларда ғылыми дүниетанымдық негізді қалыптастыруды, олардың ойлау қабілетін дамытуды, ақпараттандыру құралдарын, ақпараттық технологияларды меңгертуді және оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлауды анықтайтын құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша бағдарлы білім беру бағдарламасы (БББ) -«Информатика» оқу пәнінің мазмұнын анықтайтын, пәнді тереңдетіп, бағдарлы оқытуды қамтамасыз ететін, оқушыларды кәсіби даярлау бағытына қарай көлемі мен мазмұны бойынша сараланған құжат. Оның мазмұны мемлекеттік стандарт бойынша анықталады.
«Информатика» оқу пәні бойынша қосымша білім беру бағдарламасы (ҚББ) - мемлекеттік стандарт мазмұнынан тыс, оқушылардың информатика пәні бойынша білімге деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған оқу курстарының мазмұнын анықтайтын құжат. Бұл бағдарлама факультативтік немесе арнайы курстар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ережелер:
Информатика пәнін оқытудың негізгі мақсаттары төмендегідей:
-оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негізін қалыптастыру;
-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту;
-оқушыларға ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологияларды меңгерту;
-оқушыларды өмірге, еңбекке және білімдерін жалғастыруға даярлау;
Міндеттері:
-информатика ғылымының негізін қалайтын үш ұғымның (зат, энергия және ақпарат) бірі болып есептелетін, қазіргі таңдағы әлем бейнесін құрудың негізін құрайтын ақпарат ұғымын қалыптастыру;
-қоршаған ортаны жаңа ақпараттық тұрғыдан зерттеу көзқарасын қалыптастыратын ақпараттық үрдістерді, табиғат, қоғам, техника аймақтарында қарастыру;
-қоғам дамуында жаңа ақпараттық технологиялардың ролін анықтау, қоғамның постиндустриялық ақпараттық сатыға өту кезеңінде адам еңбегінің мазмұны мен сипаттамасын өзгерту;
-оқушылардың теориялық, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту;
-тиімді шешімдер таңдай білуге бағытталған, оперативті ойлау деп аталатын жаңаша ойлай білуді қалыптастыру;
-ақпараттандыру құралдары мен ақпараттық технологиялар саласында білім, білік және дағдыларды қалыптастыру мен оларды дамыту;
-оқушыларды ақпараттық бірліктермен қамтамасыз ететін білімдермен қаруландыру;
-оқушылардың ақпараттық сауаттылығы мен мәдениетін қалыптастыру.
Мектеп оқулықтары. Мектепке арналған оқулықтар жəне оған қойылатын талаптар(пропедевтикалық, базалық жəне бейіндік кезеңдер).
Достарыңызбен бөлісу: |