Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
Сабақта үй тапсырмасын тексеру .
Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жат-тығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру
Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлым айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады. Сөйтіп, сабақ түрін жіктеу және құрылымын құру өзара байланысты, бірақ әрқайсысының өзіне тән өзгешелігі болады. Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру, оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде. Сабаққа қойылатын талаптар Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар: - білімділік мақсаттарды түгелдей, сондай-ақ олардың құраушы элементтерін және олардың дамытушылық және тәрбиелік мақсаттармен байланысын айқын дұрыс түрде құрастыру қажет;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды ескере отырып, оқу бағдарламасы мен мақсаттарына сай сабақтың үйлесімді мазмұнын анықтау;
- сабақ кезінде, сондай-ақ әртүрлі жұмыстар кезінде білім мен біліктіліктерді ұйымдастыру және оқушылардың ғылыми білімдерді меңгеру деңгейін болжау;
- оқыту формаларының ең тиімді тәсілдерін және әдістерін таңдап қолдану, олардың сабақтың кезеңдеріне әсерін бақылау және қалыптастыру, жеке және ұжымдық жұмыс формаларын таңдау және оқушылардың өздігінен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру;
- барлық дидактикалық принциптерді сабақ барысында жүзеге асыру;
- оқушылардың табысты оқуына жағдай жасау.
Информатика сабақтарының негізгі типтерінің сипаттамасы. Информатика бойынша сабақтардың дидактикалық ерекшеліктері.
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы жəне оны жүргізу. Сабаққа оқу үдерісінің əдістемелік құраушысы ретінде талдау.
Әр сабақтың өткізілуі мұғалімнен мұқият дайындықты қажет етеді.
Сабаққа дайындық келесі кезеңдерден тұрады:
1. оқу материалын іріктеу;
2. әдістерді таңдау;
3. сабақ құрылымын анықтау;
4. көрнекі құралдарды дайындау;
5. жоспар немесе конспект жазу.
Мұғалім сабақтың ғылыми мазмұнын кең білу керек және мектеп оқулығын сынмен ұғынуы керек.
Мұғалімнің міндеттері:
I міндеті – мол ғылыми ақпараттың ішінен керек материалды қатаң іріктеу.
II міндеті – оқыған ақпаратты шығармашылық педагогикалық сіңіру (қайта қарау): негізгі сұрақпен қосымша сұрақтарды белгілеу, баяндау логикасын ойластыру, негізгі бөлімдердің мазмұнын, олардың көлемін ойластыру; сабақ үстінде тәрбие жұмысын белгілеу.
Мұғалім осы сабақта қандай ұғымдарды құрып, бұрынғы тақырыптардан қандай білімді әрі қарай дамыту керегін анықтайды.
Бұл дайындықта мектеп оқулығы мұғалімге салмақты көмек көрсетеді, бірақ білім көзі ретінде қызмет атқара алмайды.
Сабақтың сәтті өтуі мұғалімнің жақсы дайындығына байланысты.
Әр биологиялық курс логикалық кезекте орналасқан тақырыптардан құралады. Бағдарламаның әр тақырыбы логикалы байланысқан сабақтардың жүйесі болып саналады.
Жылдың басында бүкіл курсқа арналған кіріспе сабағы өткізіледі.
Көлемі үлкен тақырыптарда 3 түрлі сабақтарды айыруға болады:
1. кіріспе
2. тақырыптың мазмұнын ашатын
3. қорытынды сабақтар.
Көлемі шағын тақырыптарда мұғалім бірінші сабақта кіріспені өткізіп,ақырғы сабақтың аяғында қорытынды жасайды.
Сабақ мазмұнына толық тексерілмеген ғылыми фактілермен және тақырыппен аз байланысқан мәліметтерді енгізуден сақтану қажет.
Сабақтың шамадан артық деректі материалмен жүктеу оқушылармен түсіндіру және жалпылау жұмыстарын өткізуге мүмкіндік бермейді.