Пропедевтикалық оқыту
Дайындық сабақтарының мақсаты - балаларда мұғалімді тыңдау және берілген тапсырмаларды орындау дағдысын қалыптастыру. Қаламды дұрыс ұстауды (бас бармақ пен ортаңғы саусақтың арасында, сұқ саусақты жоғары ұстау арқылы), дәптер (партаның үстінде дұрыс орналасуы), өшіргішті қолдануды (қалам жазуын бір бағытта өшіру), түстерді атау және ажырату, қолдан жуан және жіңішке сызықтарды жүргізуді, қиын емес суреттерді салуды және контурдан шығып кетпей бояуды үйретеді.
Оқудың дайындық кезеңінде мұғалім балалардың зейін, қабылдау, елестету процестерінің дамуына бағытталған жұмыстар жүргізеді. Белгілі бір заттың көлемін, түсін, санын, орналасу ретін ажыратуға үйретеді. Негізі мұндай жұмыстарды ойын әрекетімен байланыстырады. Бұл үшін құрылыс конструкторы, әр түрлі мөлшердегі фигуралар, түстік картондар, суреттік үлгілері бар кесте, геометриялық мозайка т.б. қажет.
Балалардың графикалық дағдыларды үйрену дайындығы келесі бағыт бойынша жүргізіледі:
а) саусақтар мен қол білегінің гимнастикасы;
б) қағаз бетінде бағдарлау;
в) әлбетте графикалық жаттығулар.
Дайындық сабақтарында тірек-қимыл аппаратын және ұсақ саусақ қимылдары, қол білегін түзетуге арналған жаттығуларды жүргізу өте маңызды. Саусақтар мен қол білегіне арналған гимнастика әр сабақтың басы мен ортасында 2-3 мин жүргізіледі.
Графикалық даңдылардың қалыптасуы көбінесе баланың қағаз бетінде бағдарлануына байланысты, ал балалардың көбі дұрыс бағдар жасай алмайды. Сол себепті көріп қабылдауының дамуына жаттығулар жасау,қағаз бетінде бағдарлау және қозғалыс жасау дағдысын қалыптастыру қажет. Жұмыс үлкен форматтағы қағазда жүргізіледі және балалардың ойыншықтармен белсенділік қабілетіне сүйенеді.Қағаз бетінде бағдарлауға арналған жаттығулар сабақтың соңында жүргізіледі. Оқушылардың саналы түрде қаламмен қозғалыс жасауын, яғни қозғалыс бағытын өзгертуін, қозғалысты керек нүктеде тоқтатуын қадағалау қажет.
Бейінді оқыту дегеніміз – оқушылардың қызығушылық бағытының,
қабілетінің дамуына жағдай жасайтын және олардың келешекте игеруі тиісті кәсібіне бейімделуді қамтамасыз ететін оқыту.
Бейінді немесе бағдарлы оқыту тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асады. Негізгі орта білім беру сатысында (5-10-сыныптарда) бейіналды жұмыстары жүргізіледі.
бейіндік оқыту - кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге даярлау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сынып оқушыларының оқуын даралау мен саралау, жіктеудің педагогикалық жүйесі деген анықтама беріледі.
^ Осыған орай бейіндік оқытуды ұйымдастыру үшін келесі шарттардың орындалуы керек:
1. Оқушылардың әлеуметтену мүмкіндігін кеңейтіп, Қазақстан азаматтарының сындарлы ролі ретінде базалық құзыреттер түріндегі білім беру жүйесінің ұлттық мақсаттарына жетуге мүмкіндік туғызу.
2. Жалпы орта білім беру жеке оқу жоспарларын жобалау мен іске асыру мүмкіндігін, 11-12 сынып оқушыларының білім беру мазмұнын саралап жіктеу үшін нормативттік және ұйымдастырушылық педагогикалық жағдайлар жасау.
3. Оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуін, олардың қабілеті мен қызығушылығын, танымдық және өмірлік қажеттіліктеріне, бейімділіктеріне сәйкес қамтамасыз ету.
4. Жоғары кәсіби және орта білім деңгейінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
Егер осы шарттар орындалса, онда бейіндік оқыту келесі мақсаттарға жетеді:
Білім алушылардың тұлғалық және кәсіби қалыптасуын ерте анықтау және болашағын жоспарлау.
Жоба жасаушылық пен зерттеушілік әрекетіндегі құзіреттілігін дамыту.
Таңдау бейіні бойынша ЖОО оқуды жалғастыру үшін жағдай жасау.
Инновациялық ой-өрісін кеңейту және өз бетінше креативтілікпен іздену дағдыларын қалыптастыру.
Қазіргі заманғы өндіріс пен иновациялық технологиялар негізінде кәсіби-бағдарлы оқытуды жүзеге асыру болып табылады (2-сурет).
Бейіндік оқытудың мақсаты
Білім берудің тұлғаға бағдарланған оқытудың парадигмасын іске асыру бейіндік оқытуды ұйымдастыру ережесіне байланысты.Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басқарушы ережелері төмендегідей:
Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру деңгейінің Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты жалпы орта білім берудің жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бейіндік оқыту бағыттарын анықтайды.
Білім беру мазмұны мен оқыту процесі түйінді және пәндік құзіреттер жүйесіне жету қажеттігін ескере құрылады.
Ұйымдастырылатын бейіндік оқыту моделі оқу орнының білім беру процесін ұйымдастырудағы мүмкіндіктеріне сәйкестендіріліп, оқытуды саралап жіктеумен қамтамасыз етуде сыртқы серіктестіктерді қатыстыру мен аймақтың күш-қуатын ескереді.
^ Бейіндік оқыту бағдарламасын жүзеге асыруда, оның ішінде үш бағыты ескеріліп, оқу орындарының түрлері анықталады :
республикада бейіндік оқыту тәжірибесі қалыптасқан жалпы білім беретін мекемелердің тәжірибесіне сүйену қажет;
Қазақстандағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы мен орта буынның білікті мамандарын даярлауға әлеуметтік тапсырысты орындау керек;
негізгі білім беру бағдарламалары бойынша үлгермеген оқушылар үшін жоғары сатыдағы бағдарламаларды игеру білім берудің Халықаралық стандартының (1997 ж.) ережесімен келістіруді көздейді.
Бейіндік оқыту – 12 жылдық білім беру жүйесінде оқушылардың функционалдық қызметінің басым бағыты оқушылардың тереңдетілген кәсіптік білім беруге даярлығын жүзеге асыру үшін бағдарланған оқытуды енгізу болып табылады.
Бейіндік оқыту арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі.
Қазақстандағы бейіндік оқыту жүйесінің дамуы:
16-18 жастағы азаматтардың білімділік деңгейін, олардың қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып бәсекеге қабілеттілігін көтеру мақсатында мүмкіндіктерді кеңейтуге;
жоғары сыныптағылардың мектептен кейінгі өмірлік жолды таңдауға бейімделудің негіздерін жасау, олардың кәсіптік мақсаттарын іске асыруға;
еңбек нарығын кәсіби техникалық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесін шешуге бағытталған.
Қазақстанда 12 жылдық білім беру жүйесіндегі бейіндік оқытуды жүзеге асыру келесі факторларға байланысты:
2015 жылы білім беру жүйесінің 12 жылдық оқу моделіне жалпылай көшуіне;
12 жылдық білім беру жүйесінің нормативтік, материалдық- техникалық базасының даярлығына;
бейіндік оқытуда «мектеп–колледж–ЖОО» жүйесінің сабақтағын қамтамасыз ететін техникалық, кәсіптік және жоғарғы білім беру жүйесінің 12 жылдыққа сәйкес дамуымен байланысында.
Информатика бойынша метапəндік жəне пəндік оқыту нəтижелері.
Мета-пәндік нәтижелер оқушылардың білімнің әртүрлі тәсілдерін игеруге бағытталған білім беру процесін бақылауға көмектеседі. Оқушылар білім салаларының максималды жиынтығынан ақпаратпен жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Пәндік және мета-пәндік нәтижелер қалай ерекшеленеді?
Тиісінше, оқушылардың білім беру нәтижелері пәндік (ағылшын әріптерінің ерекшелігі) және мета-пәндік (әріптердің жалпы қасиеттері) болып бөлінеді. Алынған нәтижелердің бұл екі түрі оқушыларға арналған арнайы тапсырмалар арқылы ерекшеленеді".
Мета пәндер-бұл дәстүрлі мектеп пәндерінен түбегейлі ерекшеленетін пәндер циклі ("Білім", "тапсырма", "Проблема", "белгі", "мағына", "жағдай"), қарапайым пәндердің үстіне салынған түбегейлі жаңа білім беру қондырмасы.
Мета-пәндік нәтижелерге не жатады?
Білім алушылардың Мета - пәндік нәтижелеріне олар меңгерген әмбебап оқу іс -әрекеттері (танымдық, реттеуші және коммуникативтік) жатады, олар оқу қабілетінің негізін құрайтын негізгі құзыреттіліктерді және пәнаралық ұғымдарды меңгеруді қамтамасыз етеді [1, 2].
Есептеуіш техника типтік мектеп бөлмесі (мақсаты, жабдықталуы, жұмысты ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық нормалар жəне техника қауіпсіздігі).
Есептеуіш техника кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей :
Жалпы ережелерді;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы;
Жұмыс жасау кезіндегі;
Апаттық жағдайдағы;
Жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей :
Компьютерді тоққа қосатын сымдарға , қос тілді розеткілерге , штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады.
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жұмыс істеуге болмайды;
Компьютердің жанына портфельдер , сумкалар , кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс.
Пернелік тақта үстіне артық заттар қоюға болмайды ;
Компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын аландатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды.
Оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек.
Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
Оқушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға ьолады;
Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
Көз жаттығуларын білу міндетті.
Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;
Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;
Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.
2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
Мектепте информатиканы оқытуды ұйымдастыру. Информатиканы оқыту формалары мен əдістері. Педагогикалық программалық құралдарға қойылатын талаптар.
Информатиканы оқытудағы оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеру.
Соңғы кездері барлық әлемдегі білім беру жеке тұлға ретінде
Білім әлемді ғана тануды ғана емес, сонымен оның жеке
Информатиканы оқытудағы тұлғаға-бағытталған жүйесі дегеніміз не? Осы жүйені жобалаудағы
Кез келген оқыту тұлғаны дамыту үшін құрған шартының мәні
Мектеп пен ұстаздар тұлғаның дамуын мақсат етіп қойған жоқ
Тұлғаға-бағытталған педагогика оқыту және тәрбиелеу процесін құра отырып сыртқы
Тұлғаға-бағытталған оқытудың модельдері танымдық (интелектуалды) қабілеттердің даму мәселелеріне бағынған.
Жеке қабілеттілік білімді игеру қабілеттілігі ретінде анықталатын оқу арқылы
тұлға дамуының негізгі қайнар көзін оқу кезінде анықтайтын түсінік.
алдын ала белгіленген (жоспарланған) қасиеттермен, қабілеттіліктермен тұлғаның қалыптасуы;
түсініктер, идеалдар тәрбиенің үлгілері түрінде дамуды білімнің, біліктіліктің, дағдылардың
тұлға сипатын «ұжымдық субъекті» өнімі ретінде белгілеу және өңдеу;
оқытатын әсерлердің механизмін игеруді, тұлға дамуының негізгі қайнар көзі
Қазіргі уақытта тұлғаға-бағытталған оқытуды ұйымдастырудың және түсінудің басқа да
Осы әдіс шеңберінде оқушы жеке және қоғамдық тәжірибесімен бағалы
білім беру – бұл оқу (тәрбие) ғана емес, сонымен
үйрену оқудың тура проекциясы емес;
оқушы оқудың субъектісі болмайды, ол бастапқыдан субъектілік тәжірибені қолданушы
субъектілік (жеке тұлғалық) әлемді танудағы таңдаушылықта, осы таңдаудағы тұрақтылықта,
«Оқығандық» және «білімділік». Таным процесі кезіндегі субъектілік тәжірибенің жүзеге
Білім мен ақпаратты білім мен ақпаратты айыра білу керек.
Сонымен оқығандық пен білімділік өзара байланысты, бірақ тең емес.
Үйрену кезінде баланың табиғи белсенділігіне қарай ерте қалыптасатын жеке
Тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру педагогикадағы «векторларды» ауыстыруды талап етеді,
Оқыту барлық қажетті жағдайларды құрғандай даму векторын құрмайды. Сонымен
Тұлғаға-бағытталған оқытудың «негізсіз жобалауы» және «жобалауы». Нағыз модельді құру
Тұлғаға-бағытталған оқытумен құру және басқару әсері ұйымдастыруға ғана байланысты
Информатикаға оқытудағы тұлғаға-бағытталған жүйені жобалау келесілерді тұжырымдайды:
оқушыны оқу процесінің негізгі субъектісі ретінде мойындау;
оқушының жеке ерекшеліктерінің жобалану, даму мақсаттарын анықтау;
оқушының субъектілік тәжірибесін құру және аша отырып қойылған мақсатты
оқушының информатикаға деген қызығушылығының жоғарылауы;
тұрақты дамып отырған технологияларға байланысты қажетті техникалық және программалық
оқушының тұлғасын зерттеген кезде компьютерлік технологияларды қолдану;
қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар базасы негізінде оқу процесін жаңарту
Информатикаға тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру құрамына ғылыми және мета
Сонымен қатар оқушының дамуының бағыттылығы мен мінезін бақылайтын ерекше
Информатика сабақтарында тұлғаға-бағытталған оқыту моделдерін жүзеге асыру. Мектепте информатика
Біріншіден – информатиканың білім беру процесін оқыту мен тәрбиелеуді
Екіншіден – білім беру процесінің негізгі қатысушыларының: басқарушылар, ұстаздар,
Үшіншіден – білім беру процесінің әсерлілік критерийлерін анықтау. Білім
Тұлғаға-бағытталған оқыту теориясындағы оқу процесі. Оқу процесі толық дидактикалық
Мектепте оқылатын «Информатика» оқу пәні өзінің мазмұнына қарай қандай
Тұлғаға-бағытталған оқыту теориясындағы информатиканың оқу бағдарламасы. Оқу бағдарламасы өз
Жалпы білім беретін мектептегі информатика бойынша оқу бағдарламасының құрамында
Білім беру процесі. Білім беру процесі – бұл тұлғаны
Білім беру процесінде мақсаттан білімді игеру өмірлік қажеттіліктерді, нақты
Оқушының тұлғалық дамуын жобалау, білім беру процесінде адам қызметінің
Адам қызметінің аймағын анықтау олардың психологиялық мазмұнының, интеллектінің жеке
Білім беру бағдарламасының оқу бағдарламасына қарағанда жеке сипаты бар,
Білім беру процесінде оқушы мен ұстаздың арасындағы оқу диалогының
Сонымен, егер оқу процесін құру білім мазмұнын өңдеуге бағынса,
Тұлғаға-бағытталған оқыту әдісі. Тұлғаға-бағытталған оқытуды жүзеге асыру жаңа педагогикалық
Тұлғаға-бағытталған оқыту әдісі келесі бастапқы жағдайларға сүйенеді:
тұлғаның, өзіндік бағалаудың, баланың өзіндік тұрмысының приоритеті (оқушы болып
білім беру екі өзара байланысты құраушылардың: оқу және үйрену
білім беру процесін жүзеге асыру және игеру кезінде оқушының
білім беру процесінде оқушы тәжірибесімен қоғамдық тарихи тәжірибені оқумен
екі түрлі тәжірибенің өзара байланысы тұлғалық «толықтырғышты» түзумен ығыстыру
оқушының тұлға ретінде дамуы нормативті қызметті игеру бойынша ғана
танымды (игеруді) қамтамассыз ететін оқушының қызметі ретінде үйрену процесс
үйренудің негізгі нәтижесі сәйкес білім мен үйренуді игеру негізінде
Осы тұжырымдарға сүйене отырып оқу дамуды түзетеді дегенге негізделеміз,
Үйрену әділ таным емес. Бұл оқушы үшін тұлғалық мәнімен,
Информатикадағы тұлғаға-бағытталған оқыту қандай болу керектігіне, оның негізінде қандай
Информатика бойынша сабақтан тыс жəне сыныптан тыс жұмыстар. Информатика бойынша сыныптан тыс жұмыстардың формалары мен құралдары.Информатикадан сабақтан тыс жəне сыныптан тыс жұсытарды жүргізудің əдістемесі.
Сабақтан тыс жұмыс - бұл негізінен оқушылар ұжымдарында мұғалімдермен сынып жетекшілерінің бағдар беруімен оқушылардың өзін-өзі басқаруға, белсенділігі негізінде жүргізілетін сыныптан тыс шаралар. Сыныптан тыс жұмыс әр түрлі әрекет түрлерінің жиынтығы, оқушыларға оң ықпал етудің кең мүмкіндіктеріне ие және сабақтағы жұмыспен өзара байланыста жүзеге асатын мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі болып табылады. Сыныптан тыс жұмыс - бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақыттағы әртүрлі «іс-әрекеттері мен іс-шараларын» ұйымдастыру. Сыныптан тыс жұмыс - сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар. Сыныптан тыс жұмыс мақсаттары, мазмұны мен тәсілдері бойынша оқу үрдісінің сабақтан тыс уақыттағы жалғасы бола отырып, онымен үйлеседі және үнемі еріктілік сипатта бола бермейді. Оны жоспарлау мен ұйымдастырудағы анықтаушы роль педагогтың үлесіне тиеді. Оған пән мұғалімдері дарынды оқушылармен бағдарламалық материал бойынша білімдерін көтеру мен тереңдету үшін, сонымен бірге артта қалушылармен білімдерін толықтыру үшін жүргізілген жұмыс мысал бола алады.
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі – кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе кластан тыс жұмыстар барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығы кезінде Сократ та атап көрсеткен. ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны кластан тыс
жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту пәндерінен жүргізілетін кластан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында ұйымдастырылады.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі кластан тыс жұмыс түрлеріне: үйірме, факультативтік курстар, экскурсия, олимпиада, әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар, ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады. Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында кластан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор. Кластан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі, тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді. Мысалы, үйірмелер отырысы,
қосымша сабақтар, мерекелік шаралар мен кештер өткізу осы кластан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатикадан сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістемесіне жүргізілген талдаулар факультативтік сабақтар мен олипиадалар өткізу мәселесімен ғана шектеледі бүгінгі ақпараттық қоғамда өмір сүруге лайық жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру үшін мектепте оқытылатын пәндер бойынша оқушының шығармашылық қабілетін дамытатын әртүрлі сабақтан тыс жұмыстар ұйымдастыру қажет екені белгілі. Осындай жұмыс түрі информатика курсы бойынша жүргізілетін сабақтан тыс жұмыстардың бірі - оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Информатика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды зерттеуге арналған еңбектер өте аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Бұл мәселе оқушылардың түрліше ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуда маңызды рөл атқарады
Информатиканы қосымша оқыту формалары жəне оның қосымшалары.
Информатиканы оқытуда тек дәстүрлі оқыту түрлерін ғана қоймай, сонымен бірге қосымша оқыту түрлерінде қолдансақ, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын артып, тереңірек білім алуға септігін тигізеді. Информатиканы қосымша оқыту түрлеріне экскурсия, үйірме, факультативтік курс, олимпиада, апталықтар, оқушылардың ғылыми жоба жарысы және т. б. жатады. Енді әрқайсысына жеке тоқталайық.
Экскурсия информатика сала бойынша оқушының танымын кеңейтіп, теориялық біліммен оның практикалық қолданылуларының арасындағы байланысты көруге және бақылау жүргіуге мүмкіндік беретін, сондай-ақ, кәсіптік бағдары мен политехникалық оқытуды қамтитын, пәнаралық байланысты жүзеге асыратын оқытуды ұйымдастыру түрі болып табылады.
Экскурсия барысында ең бірінші бақылауға алынар дәйек бұл жұмыс кезінде компьютерді қолданатын адамдардың практикалық жұмысы: 1)Ұйымда ЭЕМ-нің қандай түрі қолданылады және оның техникалық мінездемесі. 2) Ақпараттың қандай түрлері өңделуде және қандай жүйе қолданылады (тағы басқа сондай сұрақтар қойылады). Экскурсия қорытындысы болып нәтижені ұжым ортасында талқылау және сұрақтарға жауап беру, салыстырмалы талдау жасау болып табылады.
Үйірме әртүрлі мағынадағы мазмұнмен жұмыс істегенде тиімді жеке форма болып табылады. Жоғарғы сынып оқушыларына мектепке арналған мәліметтер қоры бар жобаны ұсынуға болады. Сыныптан тыс жұмыстың ең тиімді де әсершіл түрлерінің бірі. Оның негізінде еріктілік принципі жатыр.
Үйірме жұмыстарының түрлері: Сөзжұмбақтар құру, сайыстар, белгілі адамдармен кездесулер, клубтық қызметтер, клубтық іс-әрекет, іскерлік ойындар, сынып сағаты, ауызша журнал, мектептегі баспа және көрмелер.
Достарыңызбен бөлісу: |