Тапсырмалар:
Информатиканың пропедевтикалық курсын оықту əдістемесі. Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар. Курсты программалық-əдістемелік қолдау.
Информатика пәні 1-ші сыныптан бастап енгізілгенмен, оны әртүрлі әдістермен оқытып, осы пәнге деген бала қызығушылығын арттыратын түрлі оқыту бағдарламалары, әсіресе қазақ мектептері үшін өте тапшы. Сондықтан бастауыш сынып оқушыларына информатика сабағын жүргізудің тиімді жолдарын қарастырып, оны нақты материалдармен теориялық және практикалық жағынан байыта түсу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Информатика пәнінің пропедевтикалық курсын бастауыш сыныптан бастап оқытуға болатындығы және оның тиімділігі дүниежүзілік тәрбие негізінде дәлелденіп отыр.
Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге бастауыштағы оқу үрдісінің құрылымын түбегейлі өзгерту, оқытудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге және жеке қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы. Сонымен қатар, жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі – бұл оқушыларға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз- өзіне сын көзбен қарауына және жеткен жеңістіктерінен ләззат алуға мүмкіндік беруі.
Ғалымдардың, практик-мұғалімдердің пікірінше, бұл курсты бастауыш сыныптарда оқытуға негіз болатын факторлар мыналар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу;
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілетін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенсек бастауыш сыныптағы информатиканың пропедевтикалық курсының негізгі бағыттары төмендегідей:
1. Қолданушылық. Бұнда оқушылар компьютермен алғаш танысып, оқу, ойындық және бастауыштағы пәндер мазмұнына құралған жаттықтырушы бағдарламалар негізінде компьютерлік сауаттылықтары қалыптасады. Бұл бағытты қолданушылардың пікірінше, баланың компьютерлік сауаттылықты меңгеруі – бұл сабақта және сабақтан тыс кезде компьютерді өз қажетіне қарай еркін пайдалана білуі, сондай ақ техникаға сауатты ұқыпты қарауы.
Қолданушылық бағыттары пропедивтикалық информатиканы меңгеру нәтижесінде оқушыларда төмендегідей білім мен іскерлік қалыптасуы тиіс:
- оқу ойын бағдарламалары мен жұмыс істей білу;
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
- программамен жұмыс істеуге машықтану, программаны енгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
2. Ақпаратты-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолдарын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтанда алгоритмдік даму қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
3. Шығармашылық. Бағыт бойынша оқытудың жаңа әдіс – тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарастарының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде.
4. Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу. Ғылымдардың зерттеулері бойынша, оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялар қолданылады..
Информатиканың базалық курсын оқыту əдістемесі (5-9 сыныптар). Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар. Курсты программалық - əдістемелік қолдау.
Информатиканың базалық курстарының негізгі оқыту мақсаты алгоритмдiк мәдениет пән компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылады. Алгоритмдiк мәдениет дегенiмiз-алгоритмдi құру, түсіну және атқару iскерлігі арқылы бейнеленетiн ойлау мәдениетi. Сол кездегi компьютердiң жетiспеyшiлiгiне байланысты мектептiк алгоритмдiк тiлдің (МАТ) алғашқы нұсқалары адам атқарушыға бағытталды.
Алгоритмдiк мәдениет ойлаудың анықталған қасиетi ретiнде компьютерлiк сауаттылықтың бөлiгi болып табылды. Алгортмдiк ойлау компьютердi ме ңгеруден бұрын математиканы оқу барысында қалыптаса бастады.
Компьютерлiк сауаттылықты А.П.Ершовтың "программалау – екiншi сауаттылық'', - деген метафорасы негiзiнде aнықтayғa болады.
Мектеп информатикасының базалық курсы .
Базистік оқу жоспарына сәйкес информатикаға бөлінген сағат санының қысқалығына байланысты білімге қойылатын талаптар да қайта қаралып нақтыланады.
Стандарт құрылымы талапқа сәйкес төмендегідей бөлімдерден тұрады:
- қолданылу аймағы;
- нормативті сілтемелер; анықтамалар мен қысқартылған сөздер;
- жалпы ережелер, информатика пәнінің жалпы сипаттамасы;
- оқу бағытының түрлері мен мазмұны;
- информатикадан оқу жүктемесінің көлемі;
- информатикадан білім берудің базалық мазмұны;
- оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар;
- оқу үрдісін ұйымдастыру мен оны жүзеге асыру шарттарына қойылатын талаптар.
Қазіргі жалпы білім беретін мектептерде информатика курсын үздіксіз оқытудың төмендегідей құрылымы ұсынылады: пропедевтикалық, базалық (негізгі) және бағдарлы кезеңдер. Бірақ, бұл ұсынысты барлық мектептер толық меңгермейді, мектептің спецификасына байланысты біреулері – толық, ал біреулері толық емес. Информатика курсы бойынша мектептегі білімнің негізгі өзегі – информатиканың базалық курсы, өйткені информатика бойынша білім беру стандартының жобасына сәйкес базалық курс «оқушының информатика бойынша дайындығының міндетті жалпы білімдік минимумы» болып табылады. Мектептегі информатика пәнін негізінен іске асыратыны информатиканың базалық курсы, себебі информатикадан білім беру жобасының стандарты бойынша, базалық курс информатикадан оқушылардың дайындықтарының міндетті жалпы білімдік минимумын қамтамасызетеді(2017жылғы«25»қазандағы №545 бұйрығына 12-қосымша). 6-сыныпқа арналған оқу пәнінің базалық мазмұны:
1) «Компьютерлік жүйелер мен желілер». Эргономика, қауіпсіздік техникасының ережелері. Есептеу техникасының дамуының тарихы. Компьютердің негізгі құрылғыларының өзара байланысуы. Операциялық жүйенің негізгі функциялары. Сымсыз желілер;
2) «Мәтіндік құжаттардағы сілтемелер». Түсіндірме. Гиперсілтемелер. Мазмұн. Реферат жасау;
3) «Мәтіндік ақпаратты ұсыну». Ақпаратты тасымалдау. Мәтіндік ақпаратты шифрлеу. Ақпаратты екілік код түрінде ұсыну;
4) «Компьютерлік графика». Векторлық бейнелерді құру. Растрлық және векторлық бейнелерді салыстыру;
5) «Компьютерлік ойындарды әзірлеу». Компьютердегі есептерді шешу қадамдары. Алгоритмді блок – схема түрінде ұсыну. Компьютерлік ойынның тұжырымдамасы;
6) «Компьютерлік ойындарды құру». Ойын ортасындағы сценарийді әзірлеу және жүзеге асыру. Ойынды жасау барысында қолданылатын компоненттер. Программа ортасында қателерді табу және жөндеу. Ойындар үшін құжаттамалар. Сілтемелерді ұйымдастыру (гиперсілтемелер, мазмұн, атау, түсіндірме). Қолданылған ресурстарға сілтемелер.
Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар). Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар. Курсты программалық-əдістемелік қолдау.
Жаңа инновациялық технология білім беру саласын дамытуға , оқыту құралы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу үрдісін даралауда оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағғыту, оқушының өзіндік іс әрекетін қалыптастыруға бағыттау- білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушщы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуга мүмкіндік береді.
Деңгейлеп – саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылды: ең төменгі деңгей ( орташа жағдай), бағдарламалық , күрделенген деңгей.
оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі ьолу үшін:
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
психолдогиялық даму ерекшеліктеріне ( есте сақтау қабілетінің ерекшелігі, өзінің эмоциясын басқара білуіне!;
пән бойынша білімді игеру деңгейіне ( оқушының білімімен іс — әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек) ;
сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Сонда көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлінеді :
Сабақтың мазмұны
Сабақты өткізудің тәсілдері мен әдістерін таңдау.
Сабақтың нәтижелігі.
Жалпы, менің оқытудағы өз проблемам: Оқушыларды ЭЕМ-нің негізі мүмкіндіктерін толық меңгерту, өз бетінше жұмыс жасауға тәрбиелеу, үйрету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Өзім сабақ беретін 9-шы және 11-ші сынып оқушыларын топқа бөліп оқытьу тәжірибесін қолданып келемін. Әр топқа жетекші сайлаймын. Әр топта 4-5 оқушыдан. Бұлай оқытудың тиімділігі нашар оқушылар көпшіліктің көлеңкесінде қалып қалмайды. Берілген тапсырманы орындағанда қысылмай өзара ақылдасып, бірі түсінбеген тапсырманы 2-сі түсіндіруге тырысады. Тағы да осы тапсырманы өзі орындауға мүмкіндік алады.
«Цифрлық сауаттылық» пәні (1-4 кл) немесе «Информатика» пәнінен (5-9 кл, 10-11 кл) қысқа мерзімді жоспар құру.
Достарыңызбен бөлісу: |