Сабақ. Тақырыбы: «С дыбысы мен әрпі» Сабақ тақырыбы: с дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру



Дата06.07.2018
өлшемі15,9 Kb.
#47333
түріСабақ
Ашық сабақ. Тақырыбы: «С дыбысы мен әрпі»

Сабақ тақырыбы: С дыбысы мен әрпі.

 

Сабақтың мақсаты:



1.Өткен дыбысты қайталай отырып, есте сақтау қабілетін арттыру.

2.Жаңа С дыбысымен таныстыру, сөз, сөйлем құруға дағдыландыру.

3. Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыра, баспа әріп жазу жолдарын үйрете отырып, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеспе әріптер, суреттер, жұмбақтар, ребустар,буындар.

 

Сабақтың барысы:



І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-(...)


- Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше болмақшы. Себебі бүгін бізде көптеген қонақтар отыр.

 

 Қайталау:



- Дыбыстар нешеге бөлінеді? Қандай?

- Өткен дыбыстарды және Б дыбысын қайталау.

- Буындар: ба, бо, бу, би т.б.

- Сөз: бас, бақ, бал, бар, бай, бор, бер, бет т.б.

- Сөздерді буынға шапалақтау арқылы бөлгізу: бал-ға, ба-ла-пан, ба-нан.

 

ІІ. Жаңа сабақ.



- Балалар қазір жылдың қай мезгілі? (Қыс)

- Аптаның қай күні? (Сейсенбі).

- Сейсенбінің сәтті күні бүгін біз С дыбысымен танысамыз.

С дыбысының айтылуын, қандай дыбыс екенін түсіндіру.

С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреле отырып белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады.

С дыбысы дауыссыз, қатаң дыбыс.

 

 «Көкөністер жинау» ойыны. Жұмбақтар жасыру,  шешуін табу.



Жаздай інге тығылып,

Жатқан қызыл түлкіні.

Құйрығымен суырып,

Әкелді әжем бір күні.    

Шешуі  /Сәбіз/

Сәбіз  - сөзін буынға бөлгізу,  с дыбысы қай буында тұрғаның тапқызу.

 

Дидактикалық ойын.  Өткен әріптермен және С әрпінен басталатын ребустарды  сурет арқылы шешу, оларға сөйлем құрау.



 

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш

Жинап алып күш.

Қолға қалам аламыз,

С дыбысын жазамыз.

 

 Тіл ұстарту жаттығу.



Са-са-са

Ызыңдайды маса

 

Дәптермен жұмыс:



Асық,сандық,күнбағыс  дыбыстық талдау жасату, ондағы с дыбысының орнын ажыратқызу. С дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетін сөздер ойлату.

- Ауада жазу.

Дәптерге таза, сауатты жазуын қадағалау.

 

 Сөзжұмбақ шешкізу. «Сөйлем құра»



Сақинаны салғызды,

Сарымсақты, сәбізді.

Бастап тұрған қай әріп

Сапсыз ораз тәрізді? (С)

 

ІІІ. Қорытындылау. Сұрақ-жауап арқылы.



- Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыспен таныстық?

- С дыбысы қандай дыбыс?

- С дыбысы кездесетін қандай сөздер білеміз?

- Дұрыс айтасыңдар. (сабақта жақсы қатысып, белсенділік танытқан балаларға жұлдызша беріп мадақтау). Сонымен балалар біздің бүгінгі сауат ашу сабағымыз аяқталды.



 

Балаларды мадақтау, бағалау
Каталог: uploads -> doc -> 0b7d
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b7d -> Қош келдіңіздер! Құндылық: Дұрыс іс-әрекет
0b7d -> Сабақтың тақырыбы: Туындыны табу ережелері Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет