Бастауыш сыныптарда балалардың дамуына АКТ-ны қолданудың негізгі бағыттары.
Бастауыш сыныптарда жас ерекшелігіне сай АКТ-ны қолдануда оқу материалдарының сапасы артады, оқушылар өз бетінше ізденуге, еркін ойлануына және оқушылардың әдетінше ғаламтордағы әдемі көріністерге қызыға бермей, шынайы өмірді әдемілеп бейнелеуге болатынына көз жеткізді және оның күнделікті өмірге жақын екендігін түсінді
Жалпы оқушылардың ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Информатика бар курстардың мазмұнын салыстырмалы талдау.
1990 жылдардың басында-ақ, информатика курсы мектептер- ден енгізілгеніне 5 жыл өткеннен кейін (экспериментальдық бас- тама) тəжірибеге деген ынта негізінде жалпы орта мектептерде информатиканы оқытудың жаңа құрылымы жасала бастады. Жаңа құрылымның ерекшелігі, бір жағынан «жаңару» жəне төменгі буынға лайықталып оқу мазмұнының «азаюы» болса, екінші жағынан, информатика саласы бойынша мектептегі білім берудің базалық мазмұны бөлшектенді. Бұл 1990 жылдардың басында Ре- сей Федерациясының Оқу министрлігі ұсынған эксперименттік оқу жоспарларында көрініс тапты, олар информатиканы үздіксіз оқыту тұжырымдамасының бастамасы еді.Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған информатика курсының бағдарламасы. Бағдарламаны жасағандар: (А. М. Гольцман, А. А. Дуванов, Я. Н. Зайдельман, Ю. А. Первин).
Бұл курстың мақсаты – есептерді шешудің алгоритмдік тəсілдерін дамыту, əлемнің ақпараттық бейнесі туралы түсінік қалыптастыру, іс-əрекет құралы ретінде компьютерді іс жүзінде меңгерту. Бағдарламаның мазмұны курстың барлық тақырыптарын қамтитын негізгі төрт бағыттың төңірегінде жасалды:
1. Дүниетанымдық (ақпарат – сөзі төңірегінде). Бұл жерде ақпарат жəне ақпараттық үдерістер (ақпаратты өңдеу, сақтау жəне беру) туралы түсініктер қарастырылады. Нəтижесінде дүниенің ақпараттық мəнін көре білуді, ақпараттық үдерістерді танып, талдай білуді қалыптастыру қажет.
2. Практикалық (компьютер сөзі төңірегінде). Мұнда компьютерді əмбебап ақпараттық машина ретінде таниды, ЭЕМ қолданылатын жерлері қарастырылады, балалар машинамен жұмыс істеуге дағдыланады.
3. Алгоритмдік (негізгі сөз – алгоритм, орындаушы, программа). Бұл курста кең таралған программалау тілі оқытылмайды. Роботландияның программалау шыңы – орындаушыларды басқару тілі, дамыған тілдердің негізгі құрылымдары бар болса да, қарапайымдылығы сақталады. Бұл шыңға жету алгоритмдік есептерді шығару арқылы, қарапайым атқарушыларды программалау арқылы жүзеге асырылады. Нəтижесінде алгоритмдер, оны жазу жəне орындау туралы түсінік қалыптасады.
4. Зерттеу бағыты (негізгі сөз-шығармашылық). Курстың мазмұнымен əдістемесі шығармашылық, зерттеушілік сапасын қалыптастыруға бағытталған.
Курс аптасына 2 сағаттан алғанда екі жылға жоспарланып, бастауыш мектептің 3-4 сыныптарына арналған. Курстың ерекшелігі – оның қолданбалы бағытында. Роботландияның бағдарламалық құралдарымен таныса отырып, балалар өз қолдарымен, яғни компьютерлік қабырға газеті, өз шығармаларынан кітаптар, машинада салынған суреттерден вернисаж, музыкалық редактордың сүйемелдеуімен концерттер т.б. қызықты объектілер жасай алады. Балалардың жасын ескеріп, оқытудың ойын түріне көбірек орын берілді. Оқытудың екінші жылында оқыту жобалар жүйесін қолдану ұсынылады – жеке немесе топтық тапсырмаларды балалар ұзақ мерзімде (тоқсанда, жарты жылда) мүмкіндігі бар оқу құралдары – мəтіндік редактор, графикалық жəне музыкалық ақпарат жəне басқа да Роботландияға кірмейтін қолданбалы бағдарламаларды пайдаланып орындайды.
Осы екі жылдық курсты бітірген оқушылар басқа пəндерді оқу барысында компьютерді еркін жəне сауатты пайдалана алады деп есептелген. Сонымен қатар, оқушылардың информатикалық білім мазмұнына қойылатын талаптарды анықтайтын маңызды құжат «Информатика бойынша мектептегі білім мазмұнының негізгі компоненттері» қабылданды .
«Негізгі компоненттердің» мазмұны курстың мазмұндық- əдістемелік желісін анықтайтындай төмендегідей қысқаша түрде жинақталды:
1. Ақпараттық үдерістер, ақпараттың берілуі.
2. Алгоритмдер жəне программалау.
3. Компьютер жəне программамен қамтамасыз ету.
4. Формальдау мен модельдеу негіздері.
5. Ақпараттық технология.
Мектеп информатикасының базалық курсы.7-9 сыныптарда мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша информатикадан орта білім берудің тақырыптық бөлімдері. 7-9 сыныптарда сабақ жүргізу əдістемесі.
https://uba.edu.kz/storage/app/media/Metod%20usynymdama/2020/po-izucheniyu-uchebnogo-predmeta-informatika-5-9-klassy.pdf
"Информатика" пәні бойынша (5-9 сыныптар) жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламаларының құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Бағдарлама үш тараудан және қосымшадан тұрады. "Информатика" пәні бойынша (5-9 сыныптар) 2013 және 2019 жылдардағы оқыту бағдарламаларының құрылымдық салыстырмасы 1-суретте көрсетілген. Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламаларының әрбір тарауының құрылымын қарастырайық. Бірінші тарауда бағдарлама әзірленген білім стандартының атауы және пәнді оқыту мақсаттары берілген. Оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 1 – сурет. 2013 және 2019 жылғы оқу бағдарламаларының құрылымы 6 бұйрығымен бекітілген білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген). «Информатика» оқу пәнін оқыту мақсаты білім алушыларды заманауи ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін базалық білім, білік және дағдылармен қамтамасыз ету болып табылады. Пәнді оқыту мақсатымен қатар бағдарламаның мынадай міндеттері анықталды: 1) білім алушыларда қоғамдағы ақпараттық процестер түсінігін, ақпараттық технологияларды адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларында пайдаланудың техникалық мүмкіндіктері мен перспективаларын түсінуді қалыптастыру; 2) ақпараттық технологияларды күнделікті өмірде, оқуда және келешек еңбек іс-әрекетінде тиімді пайдалану біліктерін дамыту; 3) білім алушыларды жүйелерді талдау, шешімдерді әзірлеу, программалық қосымшаларды жасау, өздерінің өнімдерін бағалау үшін компьютермен жұмыс істеудің базалық қағидаларын түсінуін қамтамасыз ету; 4) талдау, абстракциялау, модельдеу және программалау арқылы түрлі тапсырмалар шеше білуді дамыту; 5) білім алушылардың бойында жалпылау және ұқсастық, есепті құрамдас бөліктерге бөлу және жалпы заңдылықтарды айқындау, қойылған міндеттерді шешудің тиімді және ұтымды тәсілдерін іздеу қабілеттілігін қамтитын логикалық, алгоритмдік, сондай-ақ есептік ойлауын дамыту; 6) білім алушылардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру – жалпы қабылданған қағидаларды сақтау, жеке адамның және бүкіл қазақстандық қоғам мүдделерін ескеру; 7) білім алушылардың академиялық тілді меңгеруіне және пән бойынша ұғымдық аппаратты байытуына ықпал ету. Екінші тарауда 5-9 сыныптарға арналған «Информатика» пәнін оқуға бөлінетін оқу жүктемесінің шекті көлемі көрсетілген. "Информатика" пәнінің оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі әр сыныпта (5-9 сыныптар) аптасына 1 сағаттан, тиісінше оқу жылында 34 сағатты құрайды, яғни сыныптар бойынша оқу жүктемелері өзгеріссіз қалды. Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына байланысты. Оқу пәнінің мазмұны оқу бөлімдері бойынша ұйымдастырылған. 2013 және 2019 жылғы оқу бағдарламасының бөлімдер бойынша салыстырмалы мазмұндық өзгерістері 2-суретте келтірілген Бағдарламаның жаңа құрылымында «Модельдеу», «Алгоритмдеу», «Бағдарламалау» бөлімшелері «Компьютерлік ойлау» деп аталатын жаңа 7 бөлімге біріктірілген. Сонымен қатар, бұл бөлімге «Робототехника» бөлімшесі енгізілген.
Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар). Жаратылыстану-математикалық бағыттағы кəсіби курстар.
(М.Шошақ: Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі 85бет)
Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – профессор Ж.Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы». Оқушының танымдық білімін кеңейтуге, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Ерекшеліктері:
- таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан əрі бекіте түседі;
- əлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
- күшті топтарға оқуға деген ынта артады;
- білім дəрежесі бірдей оқу топтарына оқу жеңілдейді жəне т.б. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауы, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан басталады. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады жəне əр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сəйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне белгілейді. Мониторинг бойынша мұғалім əр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушімен қосымша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда əр оқушы əр тақырып бойынша бағаланады. Оқушының даму мониторингісі оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеу үшін үлгірімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына жəне оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлік тапсырмаларды қолданудың оқыту үрдісіндегі оң нəтижелері:
1) Оқушылардың ауқымды жаттығуларды орындалуына мүмкіндік туды.
2) Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына əсері зор.
3) Өзін - өзі бағалауға, өзін - өзі дамытуға ұмтылады.
4) Жаңа материалды қалай меңгергенін айқындауға мүмкіндік туғызады.
5) Білімдерін нақтылап, өмірмен байланыстыра отырып, ой-өрісін дамытуды үйренеді.
6) Топпен жұмыс жасауды, пікірін нақты дəлелді мысалдармен ұштастыруға бейімделеді.
7) Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, бірлік пен ынтымақтың биік дəрежеге апаратынын түсінеді
Мектептің жоғарғы сатысында информатиканы саралап оқыту (10-11 сыныптар). Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы кəсіби курстар.
Қазіргі жаңа педагогикалық технологиялардың бірі – профессор Ж.Қараевтың «Саралап-деңгейлеп оқыту технологиясы». Оқушының танымдық білімін кеңейтуге, қабілетін арттыруға септігін тигізеді. Ерекшеліктері:
- таланттылар өз қабілеттері мен икемділігін одан əрі бекіте түседі;
- əлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады;
- күшті топтарға оқуға деген ынта артады;
- білім дəрежесі бірдей оқу топтарына оқу жеңілдейді жəне т.б. Біздің негізгі мақсатымыз – оқушылардың ойлау қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу. Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауы, елестетуі мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді. Оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан басталады. Оларды толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшеді. Бұл оқушылар арасында белсенділік туғызады жəне əр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді. Ол үшін сабақтың соңында жиналған ұпайларына сəйкес нүктені оқушы өзі «даму мониторингі» бетіне белгілейді. Мониторинг бойынша мұғалім əр оқушының өткен материалды қандай деңгейде меңгергенін қадағалап, үлгермеушімен қосымша жұмыс жүргізеді. Бұл жағдайда əр оқушы əр тақырып бойынша бағаланады. Оқушының даму мониторингісі оның жеке басының қабілетіне қарай тақырып бойынша игерген білім сапасының объективті сипатын көрсетеді. Осы жағдайда оқушылардың даму деңгейі басқалармен емес, уақыт өткен сайын өзімен-өзін салыстыру арқылы анықталады. Ол оқушыға деген ізгілік қатынасты көрсетеді. Ал ұстазға сабақтан тыс уақытта оқушымен жеке жұмыс істеу үшін үлгірімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауына жəне оқу сапасын көтеруге мүмкіндік туады. Деңгейлік тапсырмаларды қолданудың оқыту үрдісіндегі оң нəтижелері:
1) Оқушылардың ауқымды жаттығуларды орындалуына мүмкіндік туды.
2) Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына əсері зор.
3) Өзін - өзі бағалауға, өзін - өзі дамытуға ұмтылады.
4) Жаңа материалды қалай меңгергенін айқындауға мүмкіндік туғызады.
5) Білімдерін нақтылап, өмірмен байланыстыра отырып, ой-өрісін дамытуды үйренеді.
6) Топпен жұмыс жасауды, пікірін нақты дəлелді мысалдармен ұштастыруға бейімделеді.
7) Оқушылар ұжыммен жұмыс жасап, бірлік пен ынтымақтың биік дəрежеге апаратынын түсінеді
Критериалды бағалау жүйесі.Критериалды бағалаудың принциптері. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Критериалды бағалаудың құрылымы.
2 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ) Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді: • Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу. • Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру: - нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды; - бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді; - тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді. • Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді. • Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі. 8 • Дамытуға бағыттылық. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Бағалау білім алушылардың қандай білім мен дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарға талдау жасауға және жинақтауға негізделген білім беру үдерісінің алдағы уақыттағы қадамдары туралы негізгі шешімді қабылдауына мүмкіндік береді. 3 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны стандарттармен, үдерістермен, бағалау құралдарымен, нәтижелерімен анықталады. (1- сурет). 1-сурет. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны төмендегідей нұсқаулықәдістемелік құжаттар негізінде берілген: • Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта); • Оқу бағдарламасы мен оқу жоспары; • Білім алушылардың білімін бағалау критерийлері; • Білім алушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау тәртібі; • Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; • Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық; • Пәндерге қатысты қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы; 9 • Пәндерге қатысты жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар; • Пәндерге қатысты тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы. 4 КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 2-сурет. Критериалды бағалаудың құрылымы Оқу жылы барысында оқудың ілгерілеуі, үлгерімі туралы мәліметті жинау үшін бағалаудың екі түрі жүзеге асырылады: қалыптастырушы және жиынтық бағалау (2-сурет). Жиынтық бағалау өз кезегінде бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау, тоқсандық, орта білім беру деңгейі бойынша жиынтық бағалаудың рәсімдерінен тұрады. Бағалау тәсілдері критериалды бағалаудың түрлеріне, пән мазмұнына қарай ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісінің ажырамас бір бөлігі болып табылады, тоқсан барысында мұғалім тарапынан жүйелі өткізіліп отырады. Қалыптастырушы бағалауда баға, балл қойылмайды, мұғалім мен білім алушы арасында үздіксіз кері байланыс қамтамасыз етіледі. Қалыптастырушы бағалау кезінде білім алушылардың қателесуіне, оны түзетуіне құқығы бар. Бұл білім алушылардың мүмкіндігін анықтауға, қиыншылығын табуға, оң нәтижеге қол жеткізуіне көмектесуге, дер кезінде оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік береді. Жиынтық бағалау мұғалімдерге, білім алушылар мен атааналарға ұсыну үшін оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша балл, баға қою арқылы белгілі бір оқу кезеңі (тоқсан, триместр, 10 оқу жылы, орта білім беру деңгейі) аяқталғанда өткізіледі. Бұл белгілі бір кезеңде оқу бағдарламасы мазмұнын меңгеру деңгейін анықтауға, тіркеуге жағдай жасайды. Тиімді қалыптастырушы және жиынтық бағалау білім алушы жетістігінің қойылған оқу мақсаттарына қаншалықты сәйкестігін көруге мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін мұғалім оқу үдерісін жоспарлау, рефлексия (2-қосымша), оқытудың жеке тәжірибесін жетілдіру үшін қолданады. Қалыптастырушы бағалау білім алушыға нақты тапсырманы немесе сабақтағы іс-әрекетті орындау кезінде берілетін кері байланысқа негізделген. Бөлім/ортақ тақырыптар бойынша жиынтық бағалау үдерісі білім алушының белгілі бір бөлімді/ортақ тақырыпты аяқтауы бойынша жинақтаған білімі мен дағды деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Аталған бағалау түрінің мақсаты бөлім тақырыбы/ортақ тақырыптар бойынша жіберілген кемшіліктердің дер кезінде алдын алу болып табылады. Тоқсандық жиынтық бағалау мен білім берудің белгілі бір деңгейіндегі жиынтық бағалау оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау үшін жүргізіледі. Мұндай жиынтық бағалаудың мазмұнына оқудағы күтілетін нәтижелердің ішіндегі репрезентативті таңдау жатады. Оқу мақсаттарына дифференциалдық қарым-қатынас жасау бақылауға және бағалау рәсімдерінде қолданылған нәтижелерге талдау жасауға мүмкіндік береді. Қажет емес салдарларға жол бермеген дұрыс, яғни баға оқудағы есте сақтау, материалды түсінбеу, қолданбай жаттап алу сияқты жат әдеттерге дағдыландырмауы қажет. Жиынтық бағалауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу білім алушылар үшін де, мұғалімдер үшін де өте маңызды. Бұдан басқа оқу үдерісін тек қана жиынтық бағалау талаптарына шоғырландыру және «атүсті дайындау» сияқты қатері де бар. Бұл оқу бағдарламасын толықтай меңгеруге кедергі жасауы мүмкін, себебі кез келген жиынтық бағалау оқу бағдарламасының тек белгілі бір бөлігін ғана қамтиды. Мұғалім мақсаттардағы айырмашылықтарды, оны бағалау нәтижелерінде қолдануды анық түсінуі қажет. Сыныпта өткізілген бағалау күнделікті тиімді оқуды қамтамасыз етуі керек. Егер мұндай бағалау тиімді болса, онда емтиханда да оң нәтижелерге оңай жетуге болады.
Мектепте STEM білім беруді ұйымдастыру. STEM-білім беру парадигмасын жүзеге асыру. STEM технологиясының мүмкіндіктері.
Қазіргі заман талабына сай адам іс-әрекетінің барлық салаларында еркін қолданысқа енген ақпараттық технологиялар біздің күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық технологияларды тиімді қолдану сандық үлгіде көрсетілген әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді. Білім берудің басым бағыттарының бірі оқушылардың компьютерлік сауаттылығын қалыптастыру болып табылады. Компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру ғылым, техника, медицина, білім беру және мәдениет саласынына негізгі әсерін тигізуі мүмкін.
Қазіргі уақытта әлемде төртінші технологиялық революция болып жатыр: ақпараттың қарқынды ағыны, жоғары технологиялық инновациялар мен әзірлемелер біздің өміріміздің барлық салаларын өзгертіп жатыр. Қоғам сұранысы да, жеке тұлғаның қызығушылықтары да өзгеріп жатыр.
Ғылым, математика, технологиялар және инженерия сияқты басты академиялық салаларда бір мезгілде даму керек, оларды STEM (science, technology, engineering and mathematics) деген бір сөзбен біріктіріп атауға болады.
STEM дегеніміз – оқытудың біріктірілген тәсілі. Яғни, бұл тәсіл аясында академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Мұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату. STEM – оқытудың біріктірілген тәсілі, оның шеңберінде академиялық ғылыми-техникалық тұжырымдамалар шынайы өмір контексінде зерттеледі. Бұндай тәсілдің мақсаты – мектеп, қоғам, жұмыс және бүкіл әлем арасында STEM-сауаттылықты дамытуға және әлемдік экономикадағы бәсекеге қабілеттілікке ықпал ететін нық байланыстарды орнату (Tsupros, 2009).
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.
Осылайша, біздің еліміз дамыған елдермен бірдей бағытта ілгерілеп келеді. STEM-білім беру оқуды және мансапты қосатын көпір болып табылады. Оның тұжырымдамасы балаларды технологиялық тұрғыдан дамыған әлемге дайындайды. Келешектің мамандарына жан-жақты дайындық пен жаратылыстану ғылымдары, инженерия, технологиялар мен математиканың әр түрлі білім беру салаларынан алынған білім керек.
STEM әлемдік жүйесінің жаңа тренді білім беру робототехникасы болды, ол бағдарламалау және құрастыру дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, STEM төрт компонентінің интеграторы болып табылады. Мысалы, 2015 жылы «STEM» үшжылдық жобасы іске қосылды (Австрия, Болгария, Греция, Мальта және Ұлыбритания), ол оқушылардың ғылыми-техникалық салаға деген қызығушылықтарын қолдау үшін білім беру роботехникасын шығармашылық және сыни қолдануға бағытталды.
«STEM» мақсаты – балаларға білім беру робототехникасының әртүрлі бағыттарын және STEAM меңгеруге, сонымен қатар күрделі тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін ашық және тұжырымдамалық жиектемені әзірлеу. Жобаның шеңберінде білім беру робототехникасынан бес мемлекетте 4000 астам бала үшін семинарды өткізу қарастырылған.
Қазақстанда да STEM-білім берудің белсене дамуы басталды. Бұны Білім мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында STEM контекстінде мектептегі білім берудің мазмұнына өту дәлелдейді. Жаңа білім беру саясатын жүзеге асыру үшін оқу бағдарламасына жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық үлгілеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді енгізу жоспарланды.
STEM-білім беру – инженерлік шығармашылық пен математика, жаратылыстану ғылымдары мен технологиялардың кіріктірілуі негізінде жоба және пәнаралық амалдарды байланыстыратын жаңаша ойлау және жаңа технологияларға бағытталған ғылымдардың бірігуі.
STEM-білім беру артықшылықтары: сыни тұрғыдан ойлау, ғылыми-техникалық білімді күнделікті өмірде пайдалану, белсенді қарым-қатынас құру және командамен жұмыс жасау, техникалық пәндерге қызығушылықты арттыру, жобаларға креативті және жаңашыл көзқарас, оқу мен карьераның ұштасуы.
STEM-білім берудің кілттік мақсаты – оқушылардың білу және істей алу қабілеттерін өнертапқыш шешімдер, зерттеушілік қызметтер және тәжірибелік форматтарда көрсету.
Күтілетін нәтиже – оқушылардың фукционалдық сауаттылықтары, олардың өмірлік және кәсіби перспективалары, өз күштеріне деген сенімділік. STEM-білім берудің үздік педагогтері мақсат тек қана құзыретті жұмыс күшін тәрбиелеу ғана емес, оқушылардың «қатты» және «жұмсақ» дағдыларын қалыптастыру қажеттігін де көреді.
Сонымен қатар, мектептегі робот техникасы негіздері элективті курсында математика пәні бойынша «арифметикалық амалдар» мен информатика пәніндегі «цикл» терминін қолданып, Lego машинасының жүру жылдамдығын, жүрген қашықтығын есептеуге болады. Бұл процесс оқушыға жалпы автокөліктердің жылдамдығы, жүру қашықтығының есептеу принципін меңгертеді. Осылайша, STEM-білім беру оқушыларды алған білімдерін қоршаған орта процестерімен байланыстыруға және жобалық ойлауына мүмкіндік береді.
Оқу үдерісін ұйымдастыру мен бағалаудағы цифрлық технологиялар.
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. 2011 жылы Ұлттық ақпараттандыру орталығы жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындау стандартын әзірлеген болатын. Ол жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білім ресурстарын дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады және электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білім ресурстары үшін қолданылады. [3] Осы стандарт бойынша цифрлық білім ресурстары — бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарат қатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар деп анықталған. Стандарттағы жалпы талаптар: – Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі; – Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу; – Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу; – ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады. Цифрлық білім ресурстарға қойылатынжалпы педагогикалық талаптар: Ғылымилық қағида бойынша: – оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы; – пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі; – оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс. Түсініктілік қағидасы – оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну. – оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы. Көрнекілік қағидасы бойынша: – Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру; – Оқу материалын барынша көрінерлік ету. Жүйелілік қағидасы бойынша: ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік. Саналылық қағидасы мен интерактивтік бойынша: – пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы. – оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру. – оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру. – шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру. Теорияның практикамен байланыс қағидасы бойынша: – Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы. – ЦБР-дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы. Аталған педагогикалық талаптардан басқа Интерфейстің бір түрлілігі, яғни жазбалар, анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану, пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т. б. дизайн-эргономикалық талаптарда қарастырылады.Сондай-ақ, стандартта ЦБР-ға қойылатын техникалық талаптар, декларация құрылымы мен ресурстың сипаттамасы және де ресурстардың рұқсат етілген форматтары да берілген. [4] Оқу үдерісінде ЦБР тиімді пайдалану үшін, алдымен ЦБР топтамасымен танысып, ондағы қажетті ресурсты таңдай білген жөн. Біздің елімізде ең ауқымды ЦБР топтамасы Ақпараттандырудың Ұлттық орталығының www.nci.kz сайтында орналасқан. ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер— мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу. Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу: – жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу; – пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы; – ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру; – бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау; – шығармашылық тапсырмаларды даярлау; – цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау; – Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу. Сабақ барысындағы көмек: – мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау; – лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану; – оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу; – сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары; Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу: – материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; – оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы; – Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры; – Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі; – Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту; – Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу; – Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру. [2] ЦБР топтамасының мазмұны: Ақпаратты алу блогы: ғылыми-танымал мақалалар, қайнар көздерінің мәтіндері, оқулықтардың үзінділері, иллюстрациялар, анимациялар, басқа да мультимедия компоненттері, мультимедиялық сабақ-презентациялары. Виртуальды галерея: бейнеүзінділер, анимациялар, нақты және синтездік бейнелер. Дыбыстық объектілер. Виртуальды лаборатория: интербелсенді модельдер, интербелсенді анимациялар, виртуальды лаборатория. Анықтамалық материалдар: графиктер мен диаграммалар, ғалымдардың өмірбаяндары, түйіндемелері бар Интернет-сілтемелер. Терминдер, анықтамалар және заңдардың сөздігі. Аттестация: сұрақтар мен есептердің жиынтығы, зерттеушілік іс-әрекетке арналған тапсырмалар. ЦБР жиынтығында шартты түрде мынадай блоктарды атап көрсетуге болады: итербелсенді компоненттер; демонстрациялық графика; мәтіндер; мұғалімге арналған материалдар. [5] Білім беру үдерісінде ЦБР-ды қолданудың негізгі әдістері: Біріншіден, жаңа материалды түсіндіргенде немесе жаңа сабақты бекіткенде қолдану әдісі. Бұл жағдайда анимациялық, бейне үзінділер, дыбыстық файлдар, графикалық кескіндерді көрсету сияқты ЦБР-ды пайдаланған дұрыс. Екіншіден, оқушының өзіндік оқу іс-әрекетін ұйымдастырғанда. Бұл жағдайда оқу комплексінің барлық материалдары пайдалы болуы мүмкін. Үшіншіден, ЦБР-ды әртүрлі бақылауларды (кіріс, ағымдық, кесінді, қорытынды) ұйымдастырғанда. Мұнда бақылау-диагностикасы оқушылардың компьютерлік тестіленуі. Төртіншіден, мультимедиялық құралдарды пайдалану арқылы ЦБР-ды нақты бір пән не бағыт бойынша топтастыруға мүмкіндік беретін әдіс. Бесіншіден, ЦБР-ды лабораториялық жұмыстарды орындау кезінде. Мұндай ЦБР –дың артықшылығы қолдануы өте үлкен және қымбат тұратын құрылғылардан тұратын оқу кластары мен лабораторияларды алмастыруға мүмкіндік береді. Алтыншыдан, жаратылыстану ғылыми циклінің пәндері мен информатика және АКТ үшін интерактивті ЦБР-ды жаттықтырушы ретінде қолдану әдісін айтуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |