ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ УНИВЕРСИТЕТІ
|
БЕКІТЕМІН
«Педагогика мектебінің» деканы
Б.Л.Махмутов
________________________
«____»____________2019ж.
|
«Информатиканы оқыту әдістемесі»
ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
6В01501-Информатика мұғалімдерін даярлау
Кафедра: Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар
Оқыту формасы: Күндізгі оқу бөлімі
Курс: 3/4, 3/3, 3/3 (ДОТ)
Семестр: 5
Кредит саны: 5
Барлық сағат саны: 150
Дәріс: 15
Практикалық (сем.,студиялық) сабақтар: 45
СОӨЖ: 30
СӨЖ: 45
Емтихан: 15
Алматы, 2019 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені:
6В015-жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді дайындау бағытындағы «6В01501-Информатика мұғалімдерін даярлаудағы білім беру бағдарламасы негізінде пәннің оқу-әдістемелік кешені таңдау бойынша оқылатын пәндер каталогы негізінде дайындалды. ___. __. 2019ж хаттама № бекітілген.
Бағдарламаны жазған: ________________ ________________
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнінің оқу-әдістемелік кешенін ________________
дайындады және Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар кафедрасының мәжілісінде қаралып, ұсынылды. ___. ____. 201 ж. хаттама №
Кафедра меңгерушісі ___________________ Шардарбеков Д.
ОӘК төрағасының орынбасары ____________________ Абишева Ж.А.
Пәннің мақсаты мен міндеті
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәні мектептегі информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оның қазіргі жағдайы мен дамуболашағы, информатика ғылымының мектепегі оқу пәні ретінде оқытылуы туралы мәселелер қарастырылады.
Курс мақсаты:
- болашақ информатика мұғалімдерін әдістемелік даярлау, информатиканы оқытудың теориясы мен әдістемесіне үйрету, оқытуда ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалана білу дағдысын меңгерту, оқушылардың қабілетін ашу және дамыту.
Курс міндеті:
студентте информатиканы оқыту әдістемесінің негізгі қалыптасу кезеңдері, құрылымы негізгі категориялары, ұғымдары мен әдістері, информатика мұғалімдерін кәсіби даярлаудағы информатиканы оқыту әдістемесінің орны мен рөлі туралы біртұтас болжамды қалыптастыру;
бастауыш мектептегі пропедевтикалық, негізгі мектептегі базалық курсты және жоғары буындағы кәсіби курстарды тиімді оқытуға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру.
«Информатиканы оқыту әдістемесі» пәнін меңгеру нәтижесінде студент:
информатиканы оқыту үдерісінде оқушының жеке тұлғалылығын дамыту жолдарын;
негізгі нормативті құжжаттарды, тұжырымдамалар, информатикадан мемлекеттік білім беру стандарты және олардың негізінде жасалған оқу бағдарламалары мен оқулыұтарды;
мектепте білім берудің әртүрлі деңгейлерінде мектеп информатикасын оқытудың мазмұндық, әдістемелік тұстарын;
информатика сабағын ұйымдастыру, жоспарлау, өзіндік талдаулар жүргізу тәрізді мұғалім жұмысының мазмұнын,
оқу мекемесінің информатика кабинетінің жабдықтарын және оны ұйымдастыру жұмыстарыныңнегізін;
оқыту нәтижелерін бақылау және бағалау түрлері мен міндеттерін, бақылау құралдарын жасау және пайдалана білу, оның ішінде қазіргі АКТ құралдарын оқушылардың білімі мен біліктілігін шынайы бағалауда пайдалана білуі керек.
әртүрлі жастағы оқушылар үшін сыныптық және сыныптан тыс информатика сабақтарын ұйымдастырудың негізгі әдістерін;
информатикадан мектеп оқушыларының жетістіктерін бақылау және бағалаудың негізгі тәсілдерін;
оқу ордасында ақпараттық-білім ортасын құрудың негізгі технологияларын;
оқу үрдісіне қазіргі АКТ құралдарын енгізу технологияларын меңгеру қажет.
Пән пререквизиттері:
№
|
Пән атаулары, олардың бөлімдері (тақырыптар)
|
1
|
Педогогикалық мамандыққа кіріспе
|
2
|
Психология және адам дамуы
|
3
|
Информатка
|
Пән постреквизиттері:
2.Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
№
|
Пән тақырыптарының аталуы
|
апта
|
Аудиториялық сабақтар
|
Тапсырма түрі (сипаттама)
|
Емтихан
|
Барлығы
|
Дәріс (сағ.)
|
Прак/зертх./
саб (сағ.)
|
СОӨЖ (сағ.)
|
СӨЖ (сағ.)
|
|
|
1.
|
Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
|
1
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
2.
|
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
|
2
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
3.
|
Информатика пәніне қызығушылық және оқушы қажеттілігі
|
3
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
4.
|
Мектеп информатика курсының мазмұны
|
4
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
5.
|
Информатика пәні оқытудың түрі – сабақ
|
5
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
6.
|
Мұғалімнің сабаққа дайындалуы және оны өткізу әдістемесі
|
6
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
7.
|
Информатиканы оқытудың дәстүрлі формалары мен әдістері
|
7
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
8.
|
Информатиканы оқыту әдістеріне шолу
|
8
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
9.
|
Информатикадағы теория, практика және бақылау.
|
9
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
10.
|
Алгоритм құру және өңдеу тәсілдерін оқыту әдістері
|
10
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
11.
|
Проблемалап, даралап және саралап оқыту әдістері
|
11
|
1
|
3
|
2
|
3
|
|
10
|
12.
|
Оқу –рольдік ойындар мен оқыту технологиясы
|
12
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
13.
|
Информатиканы оқытуды ұйымдастыру
|
13
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
14.
|
Информатиканы оқытуда техникаға қойылатын талаптар
|
14
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
15.
|
Информатиканы тереңдетіп оқыту мәселелері
|
15
|
1
|
3
|
2
|
3
|
1
|
10
|
Барлығы
|
15
|
45
|
30
|
45
|
15
|
150
|
Пән бойынша қысқаша дәріс мазмұны
№ 1 дәріс
Тақырыбы: Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Мақсаты: Информатиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелерін қарастыру
Дәріс мазмұны:
1. Педагогикалық білімдер жүйесінде информатиканы оқыту әдістемесі.
2. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогика ғылымының саласы жөне оқу пәні
ретіндегі сипаттамасы.
3. Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы.
4. Информатиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Мектептерге «Информатика және есептеуіш пәнінің енгізілуіне байланысты дидактикада информатиканы оқыту әдістемесі атты жана сала пайда болды. Информатиканы оқыту әдістемесі информатика ғылымының даму деңгейіне және қоғамның оқыту мақсаттарына сәйкес мектепте оқытудың заңдылықтары мен әдістерін зерттейді. Информатиканың мектептегі мәселелерін қарастыратын мектеп информатикасы - информатика ғылымының бір саласы ретінде оку процесіне дербес компьютерлерді пайдалану мен олардың техникалық, программалык, оқу-әдістемелік, т.б. жабдықталуын қамтамасыз етеді.
Информатиканы оқыту әдістемесінің мазмұны ғылым мен техниканың дамуына тікелей байланысты. Ол өзінің дамуында философия, психология, педагогика, информатика, т.б. ғылымдарының мәселелеріне сүйенеді. Жаңа ақпараттық технологияға сәйкес информатика пәнінің мазмұнында жаңа салалар пайда болды. Оларды оқыту теориялық жағынан зерттеліп, іс-тәжірибеден өткізілуде. Информатиканы оқыту әдістемесінің алдында әлі де зерттеуді қажет ететін көптеген мәселелер бар. Атап айтқанда, информатиканың мектепке дейінгі, бастауыш сыныптардағы, төменгі, орта, жоғары буындарда оқыту жағдайларын зерттеу; өз бетінше оқитындарға әдістемелік көмектер ұйымдастыру; қолданбалы программаларды пайдалану; ашық программаларды өңдеу секілді көптеген мәселелер жан-жақты зерттеуді қажет етеді.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Педагогикалық білімдер жүйесінде информатиканы оқыту әдістемесі.
2. Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогика ғылымының саласы жөне оқу пәні
ретіндегі сипаттамасы.
3. Информатиканы оқыту әдістемесі пәнінің тарихы.
4. Информатиканы оқыту әдістемесінің ерекшеліктері.
Әдебиеттер:
Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.
С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.
Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
№ 2 дәріс
Тақырыбы: Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Мақсаты: Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесін дамыту
Дәріс мазмұны:
Орта мектепте информатиканы оқытудың мақсаты.
Информатиканы оқыту әдістемесінің кейбір ерекшеліктері
Педагогикалық білімдер жүйесінде информатиканы оқыту әдістемесі.
Информатика пәні ақпараттық қоғамға сай маман даярлау ісіне ерекше назар аударады. Сондықтан информатика пәнін оқыту мектептің басқа пәндері секілді оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың бірлігін қамтамасыз етеді. Білім беру мақсаты - оқушыларға уақыт талабына сай білім беру, алған білімін қоғам игілігіне жұмсай алатындай іскерлік қалыптастыру және оны дамыту. Білім беру мақсаты жалпы білім беру және қолданбалы білім беру болып екіге бөлінеді.
Жалпы білім беру оқушы санасында әлемнің ғылыми келбетін қалыптастырады. Информатика пәнінде жалпы білім берудің мақсаты - оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру бағьггына сәйкес компьютердің мүмкіндіктері мен қолданыстарын жүйелі түрде оқытуды көздейді. Оның белгілері:
- компьютердің жұмыс принципін түсіну;
- алгоритм ұғымын түсіну;
- информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу;
- программалаушы қызметінің мәнін ұғыну;
- адамның ойлауын автоматтандыру, т.б..
Компьютердің жұмыс принципін түсіну табиғаттағы алгоритмдік құрылымға тығыз байланысты. Себебі, атомның кішкене бөлігінен бастап, ғалам кеңістігіне дейінгі тіршілік алгоритмге негізделген. Алгоритм ұғымын түсініп, оны құрудың технологиясын меңгеру оқушының ЭЕМ-де жұмыс істеу мүмкіндігін жетілдіреді. Информацияның түрлері мен оларды өңдеу тәсілдерін білу оқушының ойлау қабілетінің жаңа қырларын ашуға жетелейді. Программалаушы қызметінің мәнін ұғыну оқушылардың "жаңа" нәрсені жасауға деген ынтасын арттырады. Адамның ойлауын автоматтандыру информатика ғылымының бүгінгі қол жеткен нәтижелермен шектелмей, әлі де қарыштап дамитынына кепіл болады. Бұл кезде информацияның үздіксіз жаңарып отыратыны секілді, өңдеу тәсілдері де өзгеріп отырады.
Қолданбалы білім берудің мақсаты - оқушының ЭЕМ-дегі жұмыс нәтижесін практикалық мақсатқа қолдана білуге бағытталады. Практикалық мақсаты - оқушыларды ақпараттық коғамға дайындауды, еңбекке баулуды көздейді.
Дамытушылық мақсаты - оқушының ақыл - ойын, шығармашылық қабілетін дамытуға, жеке тұлғасын қалыптастыруға және информатика пәніне қызығушылығын арттыруға бағытталған, Дамытушылық мақсаты оқушыларда бірін-бірі толықтырып отыратын логика-алгоритмдік және жүйелі-қисынды ойлау түрлерін дамытуды көздейді. Логика-алгоритмдік ойлаудың қасиетіне қатаң логикалық тұжырым жасай білу, ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында индукциялық және дедукциялық ой қорыту, өзіне қажетті іс-әрекетті алгоритмдік тілде жаза білу іскерлігі жатады. Бұл көбінесе, толық емес индукцияға ұқсас ойлауда көрініп, компьютермен практикалық жұмыста маңызды роль атқарады. Ойлаудың алгоритмділігі дәлелдеуді қажет ететін пікірлерді қамтамасыз етеді. Ойлаудың бұл екі түрін бір-бірінен ажыратуға болмайды, оларды өзара тығыз байланыста болады деп қарастыру қажет.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Информатиканы оқыту мақсаттарын тұжырымдаңыз?
2. Информатиканы оқытудағы тәрбиелік мақсатының маңыздылығы неде?
3. Қолданушының компьютермен жұмыс істей білуі, білімділігі мен іскерлігін
анықтайтын деңгейлер.
Әдебиеттер:
Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.
С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.
Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.
С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.
Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
№ 3 дәріс
Тақырыбы: Информатика пәніне қызығушылық және оқушы қажеттілігі
Мақсаты: Информатика пәніне қызығушылық және оқушы қажеттілігін пайымдау
Дәріс мазмұны:
Информатикаға қызығушылық және оқушы қажеттілігі деген ұғымдардың мәні
Оқу - қажеттілікті іске асыру ретінде
Ойын — марапаттау құралы ретінде.
Адам баласының өмірде, тұрмыста тұтынатын заттарын қажеттілік деп түсінуге болады. Қажеттілік барлық уақытта адамның белсенділігін туғызады және оны іс-әрекетке итермелейтін түрткі болып табылады. Қажеттіліктің қызығушылықка байланысты туындауы да мүмкін.
Қызығушылық — адамның бір затты немесе бір құбылысты білейін, көрейін деп айрықша ықылас қоюы. Информатика пәнінде оқушылар оқуды ынталана бастағанымен уақыт өте келе қызығушылықтары төмендейтіні байқалады. Мектеп мұғалімдері мұның себебін оқушы қажеттілігімен байланыстырады. Олардың пікірінше, егер қажеттілік болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артады. Егер қажеттілік жоқ болса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары төмендейді.Қажеттілік оқушының іс-әрекетіне байланысты емес. Қажеттіліктердің түрлері:
1) биогендік;
2) психофизиологиялық;
3) әлеуметтік;
4) жеке тұлға болуға ұмтылу немесе жоғары қажеттілік.
Кейбір педагогтардың пікірінше, ойынды марапаттау құралы ретіңде ұсыну оқу процесіне кері әсер етеді. Дегенмен де, ойынды оқу материалының мазмұнымен бірлікте қолданудың қажеттілігін информатика мұғалімдері теріске шығармайды. Бұл жағдайда мұғалім информатиканы оқытуда қолданылатын ойындарды "ойын" деп түсінбей, білім мазмұнын игерудеігі қажеттілік деп ұғынатындай әдістерді пайдалануы қажет. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады. Бірақ ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатындай етіп созуға болмайды. Ойын сабақтың белгілі бір уақытында немесе сергіту сәттерінде ғана қолданылып, сабақ кезеңдеріне кедергі жасамауы тиіс, яғни сабақтың кезеңдерімен ұштасып отырылуы тиіс. Пәнге қызыққан оқушының дербес қажеттігіне байланысты ізденістер жүргізудегі әрекеті оның шығармашылық дамуына жол ашады.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Информатикаға қызығушылық және оқушы қажеттілігі деген ұғымдардың мәні.
2. Биогендік қажеттіліктің мәні.
3. Психофизиологиялық кажеттіліктердің оқушылардың оқу әрекетіндегі маңызы.
4. Жеке тұлға болуға ұмтылу немесе жоғары қажеттіліктің мәні.
5. "Ойын - марапаттау құралы ретінде" мәселесін әдістемелік тұрғыда қалай бағалайсыз?
6. Оқушы компьютерде жұмыс істеп отырып, қандай жағдайда өзін жеке тұлға ретінде
сезіне алады?
7. Оқушы ЭЕМ-ді қажетіне қалай қолданады?
8. Компьютерде жұмыс істеу барысында оқушының шығармашылық
қабілетін дамытудың жолдары.
9. ЭЕМ-дегі "ойындарды" қолдау мәселесіне көзқарасыңыз қандай?
Әдебиеттер:
Морева Н. А. Педагогика среднего профессионального образования: Учеб. пособие для студентов высш. пед. учеб, заведений. М.: Академия, 2001.
С.К.Өстеміров. Кәсіптік педагогика.,Алматы, 2006ж.
Введение в педагогическую деятельность: Учеб. пособие для студ.высш. пед. Учеб.заведений. М.: Академия, 2002. С. 66.
№ 4 дәріс
Тақырыбы: Мектеп информатика курсының мазмұны
Мақсаты: Мектеп информатика курсының мазмұның қарастыру
Дәріс мазмұны:
Информатика пәнінің мектептің оку жоспарындағы орны
Мектеп информатикасы бөлімдерінің мазмұны.
Информатика пәні мектепте міңдетті түрде оқытылатын пән ретінде оқу жүйесінің барлық басқыштарына енгізілумен бірге, жыл сайын сағат саны артып, пән мазмұны жаңа тақырыптармен толығуда. Оның себебін, қоғамның немесе бүкіл әлемнің ақпаратқа деген көзқарасымен байланыстыруға болады. Сондықтан информатика негіздерін, оның даму болашағын, қолдану салаларын игеру әрбір саналы азаматтың міндетіне айналып отыр. Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектептерде "Информатика және есептеуіш техникасы негіздері" пәні 7-11 сыныптарда, ал лицей, гимназия және жеке мектептерде 2-ші, 5-ші сыныптарда оқыту тәжірибесі жүргізілуде. Бұл курсты оқытуға базистік оқу жоспарында 68 сағат бөлінген. Оқытудың жалпы құрылымы:
- танысу кезеңі (1-6 сыныпатар) - дербес компьютермен алғаш танысып, онда жұмыс істеудің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ақпараттық мәдениеттің қалыптасуы;
- негізгі курс (7-9 сыныптар) - ЭЕМ-нің архитектурасы және ақпараттық технологиялармен жұмыс істеуді меңгеру, компьютерді оқу процесіне пайдалануда өзіндік іс-әрекеттері қалыптастыру мақсаты көзделеді. Бұл кезде оқушыларда алгоритм, оның кұрылымдары негізінде есептер шығару, программалаудың әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы компьютерді оқу процесіне тиімді пайдалану іскерлігі қалыптасады.
- бағдарлы курс (10-11 сыныптар) - оқушылар болашақ мамандық бағытына сәйкес кәсіптік бағдар бойынша оқиды. Олардың қабілетіне, қызығушылығына, ынтасына байланысты ақпаратты саралап оқыту жүзеге асырылады. Мысалы, оқушы жаратылыстану-математика бағдары бойынша оқыса, онда программалау тілдері терендетіліп оқытылады.
Мектептің қазіргі жағдайында танысу кезеңі жеткіліксіз зерттелген. Өйткені, мұғалімдерді бастауыш сыныптарда және төменгі буын сыныптарында сабақ жүргізуге қайта дайыңдау; мектепке дейінгі балалармен жұмыс жүргізетін мамандар дайындауда әлі де бірқатар мәселелер шешімін тапқан жоқ.
Мектеп информатикасының мазмұнына міндетті түрде информатиканың базалық курсының негізгі бөлімдері кіреді.
1. Информация және информациялық процестер.
2. Алгоритмдеу жөне программалау. :
3. Логика жөне логикалық функииялар.
4. Информациялық технология.
5. Модельдеу.
6. Дербес компьютерді пайдалану.
Әрбір бөлімді оқыту деңгейі, оқушылардың білімі, іскерлігі, дағдысы және сәйкесінше оларға қойылатын талаптарды анықтау мемлекеттік стандарт бойынша жүргізіледі. Оқытудың әдістері, пайдаланылатын көрнекіліктер, программалық жабдықтар секілді әдістемелік құралдар жасау мұғалімдердің, педагог-ғалымдардың қызметі болъш саналады.
Бекітуге арналған сұрақтар.
1. Мектептің оқу жоспарында "информатика және есептеуіш техника негіздері" пәнінің алатын орны.
2. Мектеп информатикасы бөлімдерінің мазмұны.
Әдебиеттер:
1.Информационные технологии в системе непрерывного педагогического образования. (Проблемы методологии итеории)/Под ред. В. А. Извозчикова. СПб.:Образование,1996.
2.Информационная культура: Новые информационные технологии. 11кл.: Пособие для обшеобразоват. учеб. Заведений /А.Г. Кушниренко, А.Г.Леонов, М.А. Кузьменко и др. – М.:
№ 5 дәріс
Тақырыбы: Информатика пәнін оқытудың түрі - сабақ
Мақсаты: Информатика пәнін оқытудың түрі – сабақты ұйымдастыру
Дәріс мазмұны:
Сабақты ұйымдастырудың ерекшелігі
Сабақтың түрлері
Жалпы білім беретін орта мекгептерде оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі түрі - сабақ. Мектепте сабақ сынып- сабақ жүйесі бойынша жүргізіледі. Бұл жүйе чех педагогы Я.А.Коменскийдің (1592-1670) еңбектерінен бастау алады. Оның белгілеріне: 1) оқу топтарының тұрақты кұрылымы; 2) әр сыныптың оқу мазмұны; 3) оқу сабақтарының бекітілген кестесі; 4) жеке немесе ұжымдық оқыту; 5) мұғалімнің жетекшілік және ұйымдастырушылық ролі; 6) оқушы білімін жүйелі тексеру және бағалау жатады.
Сабақты ұйымдастырудың ерекшелігі. Бүгінгі күні сабақ - білім беру мен оқушы іс-әрекетін ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді. Олардың бірі - сабақтың құндылғы. Сабақың құңдылығы оқушыларға білім берудің, тәрбиелеудің және дамытудың ұйымдастырушылық формасы болуымен қатар, мұғалім мен оқушы іс-әрекетін біріктіруге мүмкіндік береді.
Кез-келген сабақ оқытудың дидактикалық міндеттерін шешуіне, оқыту әдістеріне, оқу материалының мазмұнына, оқушылардың іс-әрекетін басқару түрлеріне қарай ұйымдастырылады. Мысалы, бастауыш сыныптарда оқушылардың іс-әрекетін түрлендіріп, ауыстырып отырған тиімді болса, жоғары сыныптарда керісінше, іс-әрекеттің жүйелілігі, олардың қа йталау мақсатында ұйымдастырылғаны дұрыс. Бұл оқу сапасына әсер етеді.
Оку сапасы оқытудың түрлі әдістерін байланыстырып, оларды сабақта тиімді қолдануда көрінеді. Сабақта тиімді әдістерді дұрыс қолдану оқушылардың ақыл-ойының дамуына, шығармашылық ойлауына бағыт береді.
Оқыту әдістерін қолдануда, а) оқу материалының мазмұны; ә) оқытудың дидактикалық мақсаты; б) оқушылардың білім деңгейі; в) мұғалімнің шеберлігі сияқты психологиялық-педагогикалық факторлар ескеріледі. Аталған факторлар оқыту әдістерін тиімділігіне қарай тандап алу мен оны іс жүзінде қолданудың ғылыми-теориялық негізін қалайды.
Осы орайда, Л.Н. Толстойдың "... мұғалімнің өзі неғұрлым көп оқитын болса, әр сабақты жан-жақгы ойластырса жөне оны окушының шама-шарқымен салыстыратын болса, оқушының ой-өрісін көбірек кадағалайтын болса, жауаптар мен сұрақтар беруге көбірек шақырып отыратын болса, онда оқушыға оқу соғұрлым жеңіл соғады" - деген пікірі әлі де мәнін жоймағаны байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |