Информатика курсына кіріспеден курстың іргелі ұғымдары информция, алгоритм және ЭЕМ талқыланады.
Сабақтың мақсаты: пәнге деген оқушылардың қызығушылығын қалыптастырып, бекіту; информатика пәннің жалпы мазмұнымен таныстыру; ЭЕМ жөніндегі оқушылардың ұғымын кеңейтіп, қалыптастыру; компьютер класындағы жұмыс ретімен және жұмыс істеу ережелерімен таныстыру.
Курстың іргелі ұғымдарын түсіндіруде нақты анықтама беруге ұмтылдыру қажет, ақпарат ұғымы қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріледі.
Сондай-ақ кіріспе сабақта алғаш рет атқарушылармен: адам атқарушыдан бастап, компьютерлік атқарушыға дейін танысады. Оқушылардың зейінін атқарушылардың командалар жүйесінің шектеулі болатынына аудару қажет. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру және алгоритм ұғыиын нақтылай түсу үшін қызықты есептерді мысал ретінде алғаш дұрыс, мысалы, «ойлаған санды табу» алгоритмі және т.б.
Атап айтқанда, біріншіден, информатика пәнін беруге үйрету үшін математика, физика мұғалімдерін білім жетілдіру курстарынан өткізу қажет болса, екіншіден, оқу-әдістемелік құралдарының өз ана тілімізде жетіспеуі және т.б. осы аталған қиыншылықтарды болдырмау мен теориялық түрде курсты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында тәжірибелі мұғалімдер «Алгоритмдер» кітапханасы әдісін ұсынды. Бұл әдістің тиімділігі практика жүзінде дәлеледенді және ол курстың негізгі тақырыптарына (алгоритмдік тіл мен бағдарламалау тілдері) сәйкес пайдаланылады.
Бұл әдісті жүргізудің негізгі мақсаты – оқушыларды өз ойын жүйелеуге, салыстыра білуге, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Кітапхананы пайдалану арқылы оқушылардың төмендегі көрсетілген дағдылары дамиды: а) алған білімі еске түсіріледі; ә) теориядан алған білімі практика жүзінде бекітіледі; б)салыстыру қабілеті дамиды; в) қабылдау мүмкіндіктері нығаяды; г) байқау қабілеті артады; е) сипаттап жазу мен жалпылай білу дағдылары қалыптасады.
Әдістің теориялық мақсаты білім берудің мақсатына негізделеді де, әр түрлі жұмыстар жүргізу жүйелері арқылы жүзеге асады. Осы үрдісте төмендегідей оқу дағдылары қалыптасады: объектілерді талдау; талданған объектілерді түсіндіру; объектілерді дәлелдеу; объектілердің өзіндік белгілерін санап көрсету; әр түрлі типтегі есептерге бағдарламаны құрып, оны оқушылардың өзіндік талдауы. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде информатиканы оқыту әдістерді жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады.
Информатика пәнінен білім беру әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден: оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден: оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден: компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны өтілетін материялға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі. Сондықтан оқушыларға берілетін білімнің көлемін сұрыптап алу оқыту әдістерінің іске асырылуын жеңілдетеді. Оқыту әдістерін іске асыруда оларды топтастыру мен жіктеу қажетті мәселелердің бірі болып табылады.
М.Н.Скатин, И.Я.Лернер оқушының танымдық іс-әрекетінің ерекшелігіне байланысты оқыту әдістерін 5 түрге бөледі: а) иллюстративтік түсіндіру; ә) репродуктивтік; б) проблемалық; в) дербес ізденіс яғни оқушының қосымша материялдармен жұмысы мен басқа пәндер бойынша жазылған сценарийге байланысты құрған бағдарламалары: г) бақылау, яғни мұғалімнің оқушыларды компьютер арқылы білімдерін тест көмегімен бақылау және оқыту әдісіне байланысты таңдап алынған әдіс-тәсілдері және т.б.
Ю.Б.Бабанский жоғарыдағы аталған әдістерді ескере отырып, төмендегідей топтарға бөлуді ұсынды:
а) оқу-тәрбие үрдісін оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыра алатындай дәрежеде ұйымдастыру әдісі;
ә) оқытуда оқушыларды ынталандыру мен мадақтау әдісі;
б) оқытудың тиімділігін анықтауда оқушылардың өзіндік бақылауы мен бақылау әдісі.
Информатика пәнін басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік сипаттамалық ерекшеліктері төмендегідей:
Оқушылардың компьютерлік сауаттылығының негізі болып оқушыларды өзіндік дамыту бағытында қалыптастыру;
оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға негіздеп, информатика пәнінің оқыту әдістерін жүйелеу;
Информатика пәнін басқа пәндермен байланыстырып оқыту арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
Ғалымдардың айтқан пікірлері мен информатика пәнінің өзіндік сипаттамалық ерекшеліктеріне сүйене отырып, пәнді оқытудың тиімділігін арттыруда оқыту әдістерін мынадай топтарға бөлуге болады:
-мәселелік;
-имитациялық модельдеу әдісі (үрдістерді басқару, зерттеу әдісі);
-графикалық операторлар арқылы бағдарламалау тілін үйрету әдісі.
Мәселелік жағдайды компьютерді оқыту үрдісіне пайдалану барысында іске асырудың бірден-бір жолы – бұл оқушының білім алуға деген ынтасын, танымдық қызығушылығын ояту, шығармашылық белсенділікті, өз бетінше ізденуді арттыру болып табылады. Аталған мәселерді жүзеге асырудың тиімді әдістерінің бірі-оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру. Оқушының өзіндік жұмыс істеуі - олардың сабақ кезінде бағдарламаны жазуы, оны компьютерде орындауы арқылы іске асырады. Бұл әрекеттерге оқушының қызығушылығын ояту үшін ойын элементтерін пайдаланып, түрлендіру қажет. Мұндай ойын элементтерін пайдаланып, дәстүрлі емес сабақ формаларын: Не? Қайда? Қашан?, «Білім аукционы», «Пресс-конференция», «XIX ғасыр көшбасшысы» және т.б. интелелектуалдық ойындар ұйымдастыру арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы мен белсенділігін арттыруға болады. Аталған әдістердің элементтерін сабаққа енгізуде оқушының танымдық белсенділігін арттырып, зейінін сабаққа аудартады. Жалпы берілген есептің алгоритімін құрып, оны белгілі бір бағдарламалау тілінде жазып, компьютерде орындау өзіндік бағдарлау, орындау, түзету, бақылау дағдыларын қалыптастырады. Өтілген Паскаль бағдарламалау тілінің операторлары арқылы әр түрлі вариантта бағдарламаны жазу олардың жалықпай орындай беруіне себепші болады. Компьютерге отырмас бұрын, мұғалім оқушыларды алдымен, тақтаға бағдарламалауды жазғызып, қатемен жұмыс жасауға үйретеді. Әр түрлі вариантта жазылған бағдарламалардың ішінен тиімді вариантын таңдап алу әрекеттерін орындатады. Бұндай әрекеттерді оқушыға орындатып отырғандағы мұғалімнің негізгі мақсаты: