біріншіден, оқушының денсаулығын сақтауға назар аудару;
екіншіден, оқушыға бағдарлама құру әдісін үйрету;
үшіншіден, оқушының әрекеттерді таңдай білу қабілетін дамыту.
Жоғарыдағы жүргізілген әдістің нәтижесінде оқушыларда өз қызметін қалай ұйымдастырған тиімді? деген сұрақ өзінен-өзі туындайды. Біреулері компьютерде бағдарламаны бірден орындап, нәтижесін алған дұрыс десе, ал екіншілері тақтада орындап, оны талдаған дұрыс деген пікр айтады. Осындай пікірталас негізінде оқуылар «бағдарламалауды қалай түсінесіңдер?» деген сауалға өздері жауап береді. Сөйтіп, проблеммалық жағдай тудыру оқушылардың белсенділігі мен өзіндік танымдық іс-әрекетінің артуына игі әсерін тигізеді.
Соңғы кезде информатика пәнән оқытуда пайдаланып жүрген әдістердің бірі – имитациялық модельдеу ідісі, Имитациялық модельдеу әдісі деп үрдістердің ағымын компьютердің көмегімен сипаттап іздеу, және зерттеуді айтады.
Бұл әдіс көбінесе, үрдістердің ағымын зерттеуге арналған үйретуші бағдарламаларды құрауға, сондай-ақ «бағдарламалау тілінің командалары» тақырыбын өткен кезде пайдаланылады. Имитациялық модельдеу әдісінің басқа оқыту әдістерінен ерекшелігі мынада:
- оқушылардың өзіндік жұмыс жасауына жағдай туғызуы;
- алгоритмді модельдеу негізінде өтіп жатқан үрдістерді сипаттап, оны басқаруға араласу, «ортаға» ену, сөйтіп, іздеу, зерттеу әрекеттерін жасап алгоритмді оқып-үйренудегі оқушының Робот рөліне еніп, өзі жазған алгоритмді орындап шығуын да – имитациялық модельдеудің тұрпайы түріне жатқызуға болады. Шын мәніндегі имитациялық модельдеу зерттеліп отырған үрдіске оқушының тікелей араласуын, оны басқаруын қамтамасыз етеді.
Имитациялық модельдеу әдісі оқушының ішінара зерттеу жұмысымен шұғылдануына және шығармашылықпен жұмыс жасауына әсер етеді.
Информатика пәнін оқыту барысында бағдарламалап оқыту әдісі ерекше роль атқарады. Бірақ аталған әдістің тиімділігі жөнінде педагог ғалымдардың зерттеу жұмыстарында баяндалған.
Бұл әдіс оқушылардың деңгейлік тапсырмалармен жергілікті желі арқылы жұмыс істегенде толықтай іске асып, өз тиімділігін көрсетеді.
Информатика пәнінің басқа пәндермен салыстырғанда өзіндік ерекшеліктерін ескерсек, онда жоғарыдағы белгілі әдістерден басқа « Графика арқылы Паскаль бағдарламалау тілінің командаларын үйрету» әдісінің бар екендігі тәжірибе жүзінде дәлелденді.
Одан әрі оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын өзіндік жұмыстар беруге болады. Мысалы, жұлдызды аспанды сипаттау, ұнаған кинофильмінен үзінді келтіру т.б. тапсырмалар беріп, оны « өз жұмысын қорғау» түрінде бағалауға болады.
Сөйтіп бұл әдісті пайдалану тиімділігі жөнінде біз төмендегідей тұжырым жасай аламыз: оқушы нүкте салудан бастап қозғалатын денелерді салуға дейінгі үрдістерді орындау арқылы оның өзіндік шығармашылық бағыттағы іс-әрекетке деген ынтасын арттыра отырып, танымдық қызығушылғының артуына әсер ететіндігі байқалады.
Бұл формуланы оқыту барысында компьютерді пайдалану арқылы оқыту өзіндік оқытуға айналатындығы жөнінде жүргізілетін тәжірибе жұмыстары дәлелденеді.
Мұғалімнің пайдаланылатын әдістер формулалар берілген әрбір компонетті оқушының өзіндік жұмыс жасауына бағытталуы қажет.
Пайдаланған әдебеттер тізімі:
Балапанов Е.Қ., Бөрібаев Б., Даулетқұлов А.Б. Информатикадан 30 сабақ. Алматы. 1998 ж.
Бочкин А.И. Методика обучения информационному поиску. ИнфО.-2000. N 3.
Бочкин А.И. Методика преподования информатики. Учебное пособие. Минск.: Вышэйшая школа, 1998 г.
Информатикадан Мемлекеттік білім беру стандарты. 7-11 класс. Алматы, 1998 ж.
Каймин В.А. Курс информатики: состояние, методика и перспективы. ИнфО. – 1990. N 6.
Лапчик М.П. Информатиканы оқыту методикасы. Аударған Қ.С. Абдиев. // Алматы, 1994 ж.
Леднев В.С., Кузнецов А.А., Бешенков С.А. Состояние и перспективы курса информатики в общеобразовательной школе. ИнфО. – 1998. N 3.
Достарыңызбен бөлісу: |