Информатиканы оқу пәні ретінде сипаттаңыз


Информатика бойынша мектеп білімінің мазмұны мен құрылымы



бет3/4
Дата26.10.2023
өлшемі21,9 Kb.
#188380
1   2   3   4
Байланысты:
айти рубеж

Информатика бойынша мектеп білімінің мазмұны мен құрылымы

1-кезең. 1-4 сынып оқушыларына информатика курсының алғашқы мағлұматтарын үйрету. Мұнда компьютерлік техникамен жұмыс жасаудың алғашқы мағлұматтары, ЭЕМ-ның көмегімен нысандарды басқару мен бейнелеуді ойын түрінде үйрету, математика, тіл, бейнелеу және т.б. пәндермен байланыстыра отырып, қарастырылады.
2-кезең. Негізгі мектептің 5-9 сыныптарында информатика пәнін оқыту. Бұл кезеңнің 5-6 сыныптарында компьютерлік техниканы оқу құралы ретінде қарастыра отырып, атқарушылармен Роботпен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. 7-9 сыныптарда программалау элементтері курсы жүргізілді. Мұнда информатика курсының қоғамдағы әлеуметтік аспектілері: ақпараттарды мемлекеттің қызметтеріне сәйкестендіріп, түрлендіру, компьютерге құқық бұзушылар тізімін енгізу және т.б. Осы кезенде информатика курсын оқытудың негізгі міндеті – бұл компьютерлік техниканы барлық пәндердің оқытылуына пайдалана отырып, оқушылардың білімін жүйелеу.
3-кезең. Орта мектептерде 10-11 сыныптарында «ИЕТН» пәнін оқыту. Бұл кезеңде оқушыларға жоғарғы дәрежедегі программалау тілдері үйретіледі. Қоғамның қажеттілігіне байланысты қуатты программалық құралдары пайдаланылған: экономикада, бизнесте және коммерцияда, мемлекеттік қамсыздандыру жүйелерінде, әлеуметтік салаларда және т.б.

  1. Информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері

Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың мақсаты
білім берудің барлық баспалдақтарында информатиканы оқыту теориясына байланысты жаңа білімді үйрену, ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдаланудың дидактикалық мүмкіндіктерін меңгеру, арнайы әдістермен оқушылардың қабілеттерін толығырақ ашу және дамыту.
Информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі пәнін оқытудың міндеттері – информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесінің теориялық негіздерін меңгеру, болашақ информатика пәні мұғалімін «информатьика» курсын оқытуға қажетті білім, іскерлік пен дағдылармен қамтамасыз ету; сондай-ақ, студенттерді озық педагогикалық іс-әрекеттің жалпыланған тәжірибесі негізінде өз бетімен сабақты жоспарлауға, тақырыптық жоспар құруға, сабақ конспектісін жасауға, әдістемелік жұмыстар жасауға баулу; оқу процесінде пайдаланылатын нақты қолданбалы программалық қамтамасыз етуді пайдаланатын мамандарды дайындау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет