Ұл балалар мен қыздарда сирек кездеседі,көбінесе дисталды бөлікте орналасады.Меаталды тарылу кейде дерматиттен кейін пайда болады.
Диагноз уретрография деректерімен қойылады (өрлеген және төмендеген):несеп шығаратын өзектің проксималды бөлімі кеңейген.Қуық қабырғаларының трабекулярлығы,жалған дивертикул анықталады.
Несеп шығару өзегінің дисталды бөлігінің тарылуында миотомия жасалады.
Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы
Қуықасты безінің қатерсіз гиперплазиясы (ҚБҚГ (ДГПЖ) – қуықасты безінің парауретралық бөлігінің таралып өсуінен қуықасты безінің парауретралық бөлігінің бітісіп кетуі, төменгі несеп жолында обструкция болуымен сипатталатын жастық инволюциялық ауру. ДГПЖ гистологиялық зерттеу нəтижелері негізінде қойылады.