Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Дос туралы өзінің отбасындай жақсы көру керектігін біледі.
Қандай түсініктерді игерді: Досымызға үнемі жақсы, жылы сөздер айту керектігін игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Достықтарың ұзақ, тұрақты болу үшін бір-біріңе көмектесіп, адал болуларың керек. Сонда ғана достықтарың берік болады.
№7 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Кішкентай маса»
Ортақ тақырып: Менің айналамды не қоршап тұр?
Мақсаты: театрланған қойылымдар арқылы тілін дамытады, сөздік қорын байытады; Ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады; кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді; байланыстыра сөйлейді.
Көрнеілігі: Үнтаспа, суреттер
Блингвалдық компонент: ертегі – сказка – tale, маса – комар – mosquito
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-2 минут
II. Өмірлік
тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3-5 минут
|
Шаттық шеңбері
Жылулықты шашайық,
Сәттіліктер күлімсіреп,
Біз сабақты бастайық.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейіл тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық
Бүгін бізге Қуаныш пен Айсұлу сиқырлы сандық
алып келді. Сандық ішінде түрлі әуендер бар екен.
Олар: көңілді, қуанышты, баяу, көңілсіз әуендер. Қәне тыңдап көрейік.
Әуен ырғағына қарай, өздерінің көңіл-күйлерін ым-ишара арқылы көрсетеді.
Бүгін бізде Қуаныш пен Айсұлу театр көрмесіне
шақырды. Көрмеге саяхат жасап қайтайық.
Көрмеге саяхат жасау.
Алдын-ала дайындалған көрмеге барады. Көрмеде бірнеше театр түрлерін көрсетеді, олармен таныстырады. Өздері білетін ертегі кейіпкерлері туралы әңгімелеседі.
Жаттығу-ойын: «Менің көңіл күйім»
Таңданады
Ренжиді
Қорқады
Қуанады
Күтпеген жерден алыстан,
Досым келді сағынған
Ол маған абданды алып келді
Арыстанның баласы – абдан
Інімнің бармағын тістеді
Енді қайда қоямыз
Арыстанның баласын?
Досым інімді жұбатты:
«Жылағаның ұят-ты.
Кәне, босқа жыламай,
Көңілденші, балақай!»
– Қараңдаршы, сандықтың ішінде тағы бір сыйлық бар
екен.
Бұл – қуыршақтарды жандандыру арқылы ойын
көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақтарға
актердің қолында жан бітіп, сөйлейді. Қуыршақты
сөйлетумен қойылымның мазмұны ашыла қоймайды.
Көрерменге ұғынықты, әсерлі болу үшін әуен мен
ырғақтың да үйлесімді болуы шарт.
«Кішкентай маса» ертегісімен таныстыру.
Ертегіде қандай кейіпкерлер бар?
Кішкентай маса қалай мақтанды?
Маса тышканды не үшін тістеп алды?
Тышқан нелерге жолықты?
Арыстанды кім қорқытты?
Ең батыр кім болып шықты?
|
Балалар қайталап айтады.
Сандық, үнтаспа, вальс, полька, марш
Балалар қимылдар жасайды.
(қолын екі жаққа жаяды).
(қолдарын кеудесіне айқастыра қойып, ау-
зын бұртитады).
(көздерін бақырайтады).
(алақайлап қолдарын жоғары көтереді).
(қуанады).
(таңданады).
(жылау).
(Қорқу).
(Қуану).
Қуыршақ театрымен таныстырады.
|
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
Бойынша жұмыс 6-27 минут
|
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суретте ертегінің қай сәті бейнеленген?
Кейіпкер не айтты?
Топқа бөлу, тапсырма беру.
1-тапсырма. Педагог ертегі кейіпкерін атайды,
тәрбиеленушілер оның жүріс-тұрысын, қимылын,
дауысын салады. Топта талқылайды.
2-тапсырма. «Мен бастаймын, сен жалғастыр» ойы-
ны. Педагог ертегінің кез келген жерінен үзінді айта-
ды, топтан бір бала шығып жалғастырады.
Тіл ұстарту жаттығуы.
Түрлі екпінде дұрыс және анық айт.
Са-са-са-ұшып келді маса
Ка-ка-ка- көлшікте отыр бақа
Әліппе-дәптермен жұмыс
Ертегінің соңын өзің құрастырып әңгімеле.
Сахналау.
Педагог сандықтың ішін ашып қарайды.
– Мына кереметті қараңдар! Сандықтың ішінде көп
жұлдызшалар бар екен. Жұлдызшаларды алып көрсетеді.
Тәрбиеленушілерге бір-бір жұлдызшадан таңдап
алуды ұсынады.
|
Әліппе-дәптер
Әліппе-дәптер
(қатты, сыбырлап айтады)
Балалар ертегі туралы әңгіме құрастырады.
Балалар қуыршақ театрын көрсетеді.
|
IV. Сабақтың
Қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
Қорытындылау
Сендер қандай театр түрлерін білесіңдер?
Бұрын театрға барғандарың бар ма?
Қай театр ұнайды? Несімен ұнайды?
|
Сұрақтарға жауап беру.
|
Күтілетін нәтиже
Нені біледі: Ертегіні құрастырып әңгімелеуді біледі.
Қандай түсініктерді игерді: . Көрмеде бірнеше театр түрлерін көрсетуді игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Қуыршақтарға актердің қолында, жан бітіп, сөйлеуді, меңгерді.
№8 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Ақ бидай»
Ортақ тақырып: Менің айналамды не қоршап тұр?
Мақсаты: театрландырылған қойылымдар арқылы тілін дамытады; сөздік қорларын байытады; ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтады; кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлейді.
Көрнекілігі: бидай туралы суреттер
Блингвалдық компонент: бидай – пшеница – wheat
Жоспарланған
уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-2 минут
|
Шаттық шеңбері
Кел, балалар күлейік
Күлкіменен түлейік
Қабақ түйген не керек
Көңілді болып жүрейік
Бүгін бізді Айсұлу мен Қуаныш «Театр әлемі» байқауына шақырды. Ол үшін бізге дайындалу керек.
Актердің дауыс ырғағы қандай болу керек?
|
Балалар бір-біріне сәлемдеседі.
Балалар байқауға дайындалады.
|
II. Өмірлік
тәжірибені маңыздандыру.
Мақсатты болжам.
3-5 минут
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
Бойынша жұмыс 6-27 минут
|
Тіл ұстарту жаттығуы:
Бала балараны қуалады,
Балараны бала қуалады.
Актерлер тек қана дауыс ырғағын қелтіріп қана қоймайды.
Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді.
Бүгін сендермен актер болуды үйренуді жалғастырамыз.
Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан сияқты немесе ұялдан құлап түскен балапан сияқты, иттен қорыққан бала сияқты.
Жылап тұрған баланы көрсету.
Күлімсіреп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.
Өлең айтып тұрған адамды көрсету.
Әліппе-дәптермен жұмыс:
1-тапсырма. Актерлік шеберлік дегеніміз не?
Мәнерлі сөйлеу деген не?
2-тапсырма. Өзіңе таныс ертегіні тап. Кейіпкерлерді ата, оларға сипаттама бер. Олардың бейнесін ым-ишарамен көрсет.
«Ақ бидай» ертегісі. Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын баяндайды.
Ертегі сендерге ұнады ма?
Қандай кейіпкерлерімен таныстық?
Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?
Оның өсуіне не кедергі болды?
Ақ бидайға кім көмектесті?
Ертегі бізді неге үйретеді?
Музыкалық жаттығу
Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суреттерге қарап, бидайдың көңіл-күйін ым-ишара арқылы көрсет.
Ойын: «Көңіл-күйі»
Қуаншылық болғанда ақ бидай қалай қысылды?
Кедергі жасаған өсімдіктерге қалай ренжіді?
Адамға мұны қалай жеткізді?
Адам көмектескенде қалай қуанды?
Әліппе-дәптермен жұмыс
Бидайға көмекке келген кейіпкердің суретін сал.
Сахналау.
Педагог сиқырлы қорапшаны көрсетеді. Қорапшаның
ішінен жұлдызшалар таңдап алуды ұсынады. Тәрбиеленушілер алған жұлдызшадағы алған суреттерге қарап рөлдерге бөлінеді.
|
Жаттығу жасайды.
Қатты, сыбырлап айтады.
Балалар бет-әлпеттеріңді қозғалту арқылы бейнелейді.
Әліппе – дәптер, қарындаштар,
түрлі-түсті бояулар
балалар ертегі түсінігі бойынша айтып береді.
Полька, вальс, марш, «Қамажай», «Қара жорға»
Әліппе-дәптер
Ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсетеді.
Жылайды
Ренжиді
Мұңаю
Қуану
Балалар сурет салады.
Қалған балалар көрермен болып қарап отырады.
|
IV. Сабақтың
Қорытындысы.
Рефлексия
28-30 минут
|
Қорытындылау
Театр басқа өнер түрлерінен несімен ерекшеленеді?
Саған ертедегідей қай кейіпкерді сомдаған ұнайды?
|
Сұрақтарға жауап беру.
|
|
|
|
|
Күтілн нәтиже
Нені біледі: Кейіпкерлерді ата, оларға сипаттама беруді игерді.
Қандай түсініктерді игерді: Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын баяндайды.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Актерлік шеберліктерін меңгерді.
№9 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Білім беру көзі: Драма
Оқу іс-әрекетінің тақырыбы: «Гастрольдік сапарға шығу»
Ортақ тақырып: Жолдар бізді қайда бастайды?
Мақсаты: Сөз ішінде дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету; сөйлем құрауға үйрету; сөздерді мәнерлеп, дауыс ырғағын сақтап сөйлей білу дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекілігі: Гастрольдік суреттер
Блингвалдық компонент: гастроль – гастроли – tour
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған іс-әрекеті
|
Балалардың
іс-әрекеті
|
І. Дұрыс әсерлі
көңіл күй орнату.
0-2 минут
|
Шаттық шеңбері:
Педагог тәрбиеленушілермен амандасып, жақсы ынтымақтастық қарым-қатынасқа түседі.
Айсұлу мен Қуаныш балаларға Астана қаласына ертегі қоюға шақырту қағазын көрсетеді.
Астана қаласына гастрольге шығу керектігін айтады.
Педагог балаларға сұрақ қояды:
– Гастроль деген не?
– Гастрольге шығу үшін не қажет?
гастрольге шығу үшін қандай қойылым қоятынымыз -ды, театр эмблемасы мен бағдарламасын ойластыруымыз керек деген қорытындыға келеді.
|
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Жүрек жылуын салайық
Осы жақсы лебіздерді
Бір-бірімізге сыйлайық.
Шақырту қағазы
Балалар өз ойларын білдіреді.
|
Сабақтың ортасы
III. Тақырып
Бойынша жұмыс 6-27 минут
|
Ойын: «Дайын бол»
Балалар шеңбер бойымен тұрады. Педагог бір сөз айтады, ал тәрбиеленушілер сол сөзді іс-қимылмен көрсетеді.Мысалы: күлдіргіш (клоун) – күлдіреді, көрермен – қол шапалақтайды, әртістер – рөл ойнайды, т.б.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма: Гастрольге шығатын театрға ат қойып,эмблемасын жаса.
2-тапсырма. Енді әртістер өзіміз дайындалайық.
Ол үшін тіл ұстарту жаттығуларын жасайық .
Тіл ұстарту жаттығулары:
Ер-ер-ер, Әдемі қимылдайды актёр.
Ол-ол-ол, Өнерге барар жол.
Актерді жұрт біледі,
Сахнадан көреді.
Өнері жұртқа ұнаған
Сүйкімді танымал жан.
Көптілділік:
гастроль – гастроли – tour
Ойын-жаттығу: «Буги-буги»
Әуеннің мазмұны бойынша қимыл-қозғалыстар жасау.
Ойын тапсырма: «Сен ертегідегі қандай кейіпкерді
сомдағың келеді?»
Ертегі кейіпкерлерінің суреті салынған карточкаларды
таңдау ұсынылады.
– Көрермен біздің қойылым қашан, қай жерде болатынын білмейді ғой?
– Ол үшін біз не дайындауымыз керек?
3-тапсырма. Афишаны безендір.
– Міне, біз гастрольге шығуға дайынбыз.
|
Балалар дайын бол ойынын ойнайды.
Балалар эмблеманы ойлап табады.
Балалар театрға ат қояды, театр эмблемасын жасайды.
Әртүрлі ырғақпен айтады.
Тіл ұстарту жаттығуларды балалар бірге қосылып айтады.
Музыка әуені
Ертегі кейіпкерлерінің суреттері салынған карточкалар
Балалар өз бетінше түрлі түсті қарындаштармен афишаны безендіреді
|
IV. Сабақтың
Қорытындысы
Рефлексия
28-30 минут
|
Қорытынды
Гастроль дегеніміз не?
Бағдарлама не үшін қажет?
Афиша не үшін қажет?
|
Балалар сұраққа жауап береді.
|
Күтілетін нәтиже: дыбыстарды түрлі екпінде анық және дұрыс, сыбырлап және қатты айтады;
Нені біледі: түрлі эмоция мен сезімді білдіру үшін дауыс күшінің түрлі дәрежесін қолданады.
Қандай түсініктерді игерді: басқа кейіпкерлермен рөлдік қарым-қатынасқа түседі;
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнесін жасайды.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |