Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыра-тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.
Саусақпен соққандағы өкпеден шығатын дыбыстардың өзгерістерін анықтау (тықылдату, перкуссия).Өкпенің таза дыбысы өкпеде таза ауаның барында, өкпенің ауруы жоқ кезіңде естіледі. Перкуторлық дыбыстың өзгергендегі түрлері мыналар:
тұйық дыбыс өкпе ұлпасында ауа жоқтығын білдіреді;
қорап тәрізді дыбыс өкпе ұлпасының созылғандығын және өкпеде ауа көптігін білдіреді;
тимпаникалық перкуторлы дыбыс – тегіс қабырғаға ұрғандай дыбыс.