Тәрбие жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық лабораториясы. Олай дегеніміз, жоспар бір күннің немесе бір оқу жылының нәтижесі емес.Бала тәрбиесі қиын болса, оны қоғамның, жеке тұлғаның талабымен ұштастыра құру – одан да қиындық туғызады.Мұндай жағдайда сынып жетекшісінен ерінбей, талмай ұзақ мерзімді зерттеу жұмыстарын жүргізүді қажет етеді.
Жоспар жарты жылға немесе тоқсанға арнап жасалынады. Тәжірибелі сынып жетекшісі тоқсандық жоспардан, айлық және апталық жоспар құрып алады.Бұлай жұмыс жасау жоспардың икемділігімен тиімділігін арттырады.
Мектеп тәжірибнсінде бүгінгі күні тәрбие жоспарының түрлері көп.Олардың ішінде сынып өміріне тиімдісі де тиімсізі де бар.Кеңестік дәуірде тәрбие жұмысының мазмұны коммунистик тәрбиенің салаларына негізделген (ақыл – ой, адамгершілік, эстетикалық, дене т.б.).Бүгінгі күнде олай емес.Жеке адам әрекет үстінде қалыптасып, дамитындығы бізге мәлім.Олай болса,тәрбиенің мазмұны оқушылар ұжымы мен жеке тұлғаның қалыптасуындағы, олардың сан алуан әрекеттің түрлерімен байланысты.
Мектептегі қолданылып жүрген және ғылыми педагогикалық әдебиеттер мен жұрналдарда шыққан еңбектердегі жоспардың түрлі формаларымен таныс бола отыра, тәрбие жоспарының төмендегі түрі болады.
Жоспардың бұл түрі сынып жетекшісіне тәрбие үрдісінде оқушылардың, пән мұғалімдері мен ата – аналардың әрекеттерін үйлесімді ұйымдастыруда, оның тұтастығы мен тиімділігін арттыруда әрі қарапайым әрі ыңғайлы формасы деп есептейміз.
Тәрбие жоспарының үлгісі 1.Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығысабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата – аналары, белгілі бір ұйымға қатысты, қоғамдық тапсырмасы, тұрғылықты мекен жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2.Өткен оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3.Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4.Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата – аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс - әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары төмендегідей бөлімдерде көрсетіледі.