3. Суару мерзімін анықтау тәсілдері
Суару мерзімдерін төмендегідей тәсілдермен анықтайды:
1. Өсімдік өркені сыртқы белгілері (морфологиялық) бойынша. Бұл тәсіл өсімдік жапырақтары топырақ ылғалдылығы жеткіліксіз болған кезде, түрінің өзгере бастауына негізделген, ғылыми деректер бойынша өсімдік клеткасындағы физиологиялық үрдістер, жапырақ солар алдында, бірнеше күн бұрын баяулайды екен;
2. Өсімдіктің суды аса қажетсіну фазаларына сәйкес. Осы тәсілмен күздік бидайдың суару мерзімін анықтағанда, оны түптену, масақтанудың бас кезінде және дән толу фазаларында суару қажет болады;
Суармалы егістікте өсірілетін негізгі ауыл шаруашылық дақылдарының су пайдалану жөніндегі жауапты фазалары төмендегідей:
- күздік бидай – түптену, масақтану және дән толтыру, барлығы 3 рет суарылады;
- жүгері – сабақтану, шашақтанудан 8-10 күн бұрын, гүлдеу, дән байлау және оның сүттену, барлығы 4-5 рет суарылады.
3. Өсімдіктің физиологиялық көрсеткіштері бойынша. Суару мерзім-дерін мынадай физиологиялық көрсеткіштер бойынша белгілеуге болады: клетка шырыны концентрациясы; клетканың су сору қабілеті;
4. Технологиялық карта бойынша. Әрбір дақылды өндіріп-өсіру үшін технологиялық карта жасалынады. Сол картада суару мерзімдері де көрсетіледі;
5. Топырақтың ылғалдылығы бойынша. Бұл тәсіл бойынша суаруды топырақ ылғалдылығы белгілі бір шамаға дейін төмендегенде бастайды. Топырақтың осындай ылғалдылығын оптималды ылғалдылықтың төменгі шегі немесе суаруды қажет ететін ылғалдылық деп атайды. Оның шамасы әрбір дақыл үшін, топырақ қасиетін ескере отырып, ғылыми тәжірибелер арқылы анықталады. Топырақ ылғалдылығын анықтау мәселелерін практика-лық сабақта өтеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |