Тақырыбы: Топырақ эрозиясы және онымен күресу жолдары
Дәрістің мақсаты: Су эрозиясының топырақ құнарлылығына және ауыл шаруашылығы экономикасына өте зиянды екенін ескерту. Эрозияның болу себептерін анықтап, оның түрлерін белгілеп, күресу әдістерімен және жолдарымен таныстыру.
Түйінді сөздер: Эрозия, жазықтық, ағыншалы, танаптық, желілік, ирригациялық
Дәріс жоспары:
1. Топырақ эрозиясы, оның келтіретін зияны
2. Су эрозиясы түрлері
3. Су эрозиясын болдырмау шаралары
1. Топырақ эрозиясы, оның келтіретін зияны. Эрозия деп топырақтың жел әсерінен ыдырап, шаңға айналу, не сумен жуылып, құнарлы заттардан айырылу үрдістерін айтады. Сол себепті топырақ эрозиясы жел және су эрозиялары болып, екі үлкен түрге бөлінеді.
Су эрозиясының ауыл шаруашылығына тигізетін зияны өте үлкен. В.Д.Панников деректеріне қарағанда (1974) оңтүстіктегі қара топырақтың 1 мм қалыңдығының шайылуынан 1 га жерден 76 кг азот, 24 кг фосфор, 800 кг калий жоғалады екен. Ғалым Беннеттидің айтуынша, топырақтың 2,5 см табиғи қабатын бұрынғы қалпына қайта келтіру үшін, 300-1000 жыл қажет.
Бұрынғы Одақ бойынша сумен шайылу нәтижесінде құнарлы жер жыл сайын 5,4 млн тонна азот, 1,8 млн тонна фосфор және басқа элементтер мен микроэлементтерден айырылады екен. Осы көлемдегі құнарлы элементтер пайдаға асса 180 млн тонна қосымша дәнді дақыл алуға болатыны есептелінген.
Достарыңызбен бөлісу: |