Төгінді суларды тазарту. Егістіктерді суару үшін төгінді су механика-лық және биологиялық тазартулардан өткізіледі.
Механикалық тазарту кезінде төгінді су арнайы тор көзді қалақша және құм ұстағыштар мен май сүзгіштер арқылы өтеді.
Осыдан кейін барып, су биологиялық тазартуға түседі. Тазартудың бұл түрі химиялық заттар қолдану арқылы, табиғи, яғни арнайы танаптарда суды топыраққа сіңіру жолымен немесе биологиялық су қоймаларынан өткеру арқылы жүргізіледі.
4. Төгінді суды ауылшаруашылық дақылдарын суаруға пайдалану ерекшеліктері. Тазаланған төгінді суды ауыл шаруашылық дақылдарын суаруға пайдалануға болады. Бұл жағдайда үш мәселе шешіледі: кір судың алысқа шығарылып, тазалануы; егінді суарып, топырақ ылғалдылығын арттыру; топыраққа көп мөлшерде минералдық, органикалық және бактерия-лық тыңайтқыштар беру.
Төгінді сулармен суарылатын танаптарға төмендегідей талаптар қойылады:
- мұндай танаптар мұқият тегістелуі қажет және елді мекеннен, құдықтардан және басқа да су көздерінен кем дегенде 200 метр алыс болуы керек;
- жер асты сулары кем дегенде 3 метрден төмен орналасуы керек;
- суару тек топырақ асты немесе қарық арқылы жүргізілгені жөн;
- судың танап сыртына қашып-шығуына жол берілмеуі керек;
- суару режимі негізінен топырақтың су өткізгіштігіне байланыстырыл-уы қажет.
Осындай танаптарда санитарлық және гигиеналық талаптарға байланыс-ты декоративті ағаштармен қоса, жем-шөп, сүрлем және техникалық дақылдар өсірген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |