Инженерлі технологиялық институты


Негізгі минералдық тыңайтқыштар, олардың құрамы мен негізгі



бет96/103
Дата27.04.2020
өлшемі1,97 Mb.
#64861
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103
Байланысты:
Мелиорат. зем.на каз

Негізгі минералдық тыңайтқыштар, олардың құрамы мен негізгі қасиеттері



Тыңайтқыш

Химиялық құрамы

Қоректік элемент мөлшері

Сыртқы түрі

Суға

ергіштігі






Азотты тыңайтқыштар




1

Аммоний селитрасы

4Оз

32-35

ақ түсті кристалл немесе түйіршік

толық ериді

2

Мочевина

СО(NН)

46

ақ түсті түйіршік

толық ериді

3


Аммоний сульфаты

(NН4)2504

20-21

ақ сұр көкшіл түсті кристалл

толық ериді



Хлорлы аммоний

4СL

24-25

ақ түсті кристалл

толық ериді

5

Натрий селитрасы

NaN0

15-16

ақшыл түсті кристалл

толық ериді

6

Сұйық аммиак

3

82,3

түссіз сұйық

толық ериді

7

Аммиак суы


NНз+Н20

16-20

түссіз сұйық

толық ериді

Фосфор тыңайтқыштары

8

Жай суперфосфат

Са(Н2Р04)2 Н20+Н3Р04 Са304

14-21

ашық түсті түйіршік

жақсы

9

Қос суперфосфат

Са(Н2Р04)2 Н20+Н3Р04

40-50

ашық сұр түсті түйіршік

жақсы

10

Преципитат

СаНР04 20

27-46

ақ түсті ұнтақ

нашар

11

Фосфорит ұны

Са3(Р04)2 СаҒ2

16-35

қоңыр сұр түсті ұнтақ

ерімейді


Калий тыңайтқыштары

12


Хлорлы калий


KCL

55-60

ақ немесе

қызғылт түсті

кристалл


жаксы

13

Калий сульфаты

К2504

45-52

ақшыл-сұр ұнтақ

жақсы

14

Аралас калий тұзы

2КСL

NaCl


40

ақшыл- қызғылт кристалл

жақсы

Құрама тыңайтқыштар


15

Аммофос

4Н2Р04+ (NН4)2НР04

N-11-14 1 Р205-45-55

ашық сұр түсті түйіршік

тұнба

16

Диаммофос

(NН4)2НР04+ КН4Н2Р04

N-16-18

Р205-46-48



ашық сұр

түсті түйіршік



тұнба түзе ериді

17

Калий селитрасы

КN03

N-13 К20-46

ақ түсті кристалл

жақсы

18

Нитроаммофос

NH4N03+ NН4Н2Р04

N-21-25 Р2О5-20-25

ақшыл сұр

түсті түйіршік



жақсы

19

Нитроаммофоска



NH4N03+ NН4Н2Р04+ КN03+NН4Cl+ KCl+Ca(NO3)2

N-17

Р2О5-17

К20-17



қызғылт сұр түсті түйіршік

жақсы

Микротыңайтқыштар

20

Бор қышқылы

H3BO3

B-17

ақ ұнтақ

жақсы

21

Молибден суперфосфат

Ca(H2PO4)2H2O+

CaSO4+H3PO4+

молибден қосылысы


Р2О5-20

Мо-0.1


ақшыл сұр

түсті түйіршік



жақсы

22

Маргенец сульфаты

MnSO4

23

ақ немесе ақшыл сұр түсті түйіршік

жақсы

23

Мырыш сульфаты

ZnSO4

22

майда кристалды ақшыл ұнтақ

жақсы

24

Мыс сульфаты

CuSO4

25

майда кристалды ақшыл ұнтақ

жақсы


Бақылау сұрақтары:

1. Тыңайтқыштар дегеніміз не.

2. Минералдық және органикалық тыңайтқыштарды атаңыз.

3. Азотты тыңайтқыштарды көрсетіңіз.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №10-11

Тақырыбы: Мелиоративтік аймақтарда ауыспалы егіс құру ерекшеліктері


Сабақтың мақсаты: Аймақтың топырақ-климат жағдайына қарай ауыспалы eгic нобайларын құрастыруды үйрету

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: Ауыспалы егіс нобайлары, макеттер және түрлі түсті плакаттар.

Ауыспалы eгic егіншілік жүйесінің басты буындарының бірі. Ол егілетін дақылдардың көлемі мен алмастырып егу тәртібін анықтап қана қоймай, көп жылдар бойы жүргізілетін агромелиоративтік және басқа шараларды жүйелі түрде іске асыруға негіз болады. Осыған байланысты егіншілік мәдениетін арттыру, соның арқасында әр гектардан алынатын өнімді жылма-жыл молайту, егін шаруашылығының тұрақтылығын арттыру шарттарының бірі – ауыспалы егістерді өндіру және игеру, топырақ қорғайтын, қор үнемдейтін топырақ өңдеу технологиясын пайдалану және арамшөптермен күресудің тиімді әдістерін қолданудың маңызы өте зор екенін дәлелдеуді қажет етеді.

Егін шаруашылығының өнімділігін арттыруда – суарудың маңызы өте зор. Көп жылдық зерттеулердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы дақылдарын суармалы жерлерде ауыспалы eгic құрамында өсіргенде олардың өнімділігінің елеулі түрде жоғарылайтындығы дәлелденген. Өнімнің өсуімен қатар суару суын, тыңайтқыштарды пайдалану коэффициентінің артатыны, техника тиімді пайдаланатындығы белгілі болды. Суару басқа факторларды (қоректік заттар, жылу т.б.) толық пайдалануға мүмкіншілік туғызады. Сондықтан суармалы жерлерде күріш, коза (мақта), қант қызылшасы, темекі, күздік бидай, жүгері, дәнді-бұршақты, көкөніс дақылдары, картоп, тағы басқа жоғары өнімді ауыл шаруашылығы дақылдары өсіріледі. Ауыспалы егістерді сапалы биік өнім беретін, топырақтың құнарлылығын арттыратын жоңышқа дақылы кең түрде пайдаланылады.



Үлгі ретінде мына ауыспалы егістерді келтірейік:

Күріш ауыспалы егісі:

  1. Арпа+жоңышқа 5. Күріш

  2. Жоңышқа 6. Мелиоративтік танап

  3. Жоңышқа 7. Күріш

  4. Күріш 8. Күріш

Мақта ауыспалы егісі:

  1. Арпа+жоңышқа 5. Мақта

  2. Жоңышқа б. Мақта

  3. Жоңышқа 7. Мақта

  4. Мақта 8. Сүрлемдік жүгері

9. Мақта

Қант қызылшасы ауыспалы егісі:

1. Дәнді дақылдар+Жоңышқа 5. Қант қызылшасы

2. Жоңышқа 6. Күздік бидай

3. Жоңышқа 7. Қант қызылшасы

4. Қант қызылшасы 8. Жүгері
Көкөніс ауыспалы егісі:

1. Дәнді-дақылдар+Жоңышқа 5. Қияр

2. Жоңышқа 6. Қырыққабат

З. Жоңышқа 7. Қызанақ

4. Қызанақ 8. Пияз немесе тамыржемістілер

Дегенмен шаруашылықтардың басым көпшілігінде қазіргі кезде енгізілген ауыспалы егістер жоқтың қасы. Сондықтан, көпшілік жағдайда алмастырмай егу (моно дақыл) кең етек алған немесе ауыспалы егістің кейбір элементтері ғана кездеседі. Айтылған жәйттан туындайтын корытынды –ауыспалы егісті енгізу кезек күттірмейтін жұмыстардың бірі.


Бақылау сұрақтары:

  1. Ауыспалы егіс нобайын құру қағидалары

  2. Ұсынылған ауыспалы егістің типтері

  3. Енгізілген және игерілген ауыспалы егіс нобайлары


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №12-13

Тақырыбы: Су эрозиясының түрлері, зияндылығы оны реттеу жолдары

Сабақтың мақсаты: Су эрозиясының топырақ құнарлылығына және ауыл шаруашылығы экономикасына өте зиянды екенін ескерту. Эрозияның болу себептерін анықтап, оның түрлерін белгілеп әдістерімен және жолдарымен таныстыру.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: Слайдттар, суреттер, плакаттар

Эрозия деп топырақтың жел әсерінен ыдырап, шаңға айналу не сумен жуылып, құнарлы заттардан айырылу үрдістерін айтады. Сол себепті топырақ эрозиясы жел және су эрозиялары болып, екі үлкен түрге бөлінеді.

Су эрозиясы барысында топырақтың ең жоғары құнарлы қабатындағы көптеген жылдар бойы жиналған қарашірік пен өсімдікке қажетті қоректік заттар сумен жуылып шайылып кетеді. Нәтижесінде топырақ құнарлылығы күрт төмендейді.

Су эрозиясы өзінің байқалу орнына және болу себептеріне байланысты екіге бөлінеді: табиғи жағдайдағы "су эрозиясы" және "суару эрозиясы".

Табиғи жағдайдағы су эрозиясы негізінен жаңбыр және қар сулары әсерінен болады. Бұл эрозияның үш түрі болады: жазықтық, ағыншалы және жыралы.

Жазықтық эрозия – топырақ беті бөлшектері бұзылуы және сол бөлшектердің өте көп ағыншалы судан пайда болған шұқанақтармен ағуы. Бұл қазыншалар тереңдігі бірнеше миллиметрге жетеді. Жер өңдеген кезде ешқандай зиянсыз тегістеліп, жердің жалпы бедерін өзгертпейді.

Ағыншалы эрозия дегеніміз, өте жіңішке-жұқа ағыншалардың бір-біріне қосылып, ірі ағынға айналып, жер тереңдігін 10-20 см жыраға айналдыруын айтамыз. Ол жерді тегістегеннен кейін, бәрібір, орны жылға болып қалады да, топырақ құнарлылығы және жер тегістігі өзгереді. Бұдан ары дер кезінде тиісті шаралар жүргізілмесе, қатты ағын әсерінен кішкентай жылғалар терең жыраларға, айналып кетеді. Ол жыралар тегістеуге келмейді, сонымен мұндай жерлер пайдаланудан шығып қалады.

Егістік танабын суару барысында болатын топырақ эрозиясы – суару эрозиясы деп аталады. Оған қарсы күресу шараларын қолдану үшін оның танаптық және желілік болып бөлінетінін ескеру керек.

Танаптық эрозия – танап топырағының суару барысында жуылып-шайылуы. Оның болу себептері мыналар:

1. Өсірілетін дақыл танап егістігінің еңістігі мен топырағын ескермей таңдап алынады. Мысалы: еңістігі 0,008 және одан да үлкен жерлерде арнайы ауыспалы егістікті қолданбай, кең қатарлап егілетін дақылдарды өсірумен көп әуестену, яғни олардың үлесін шамадан тыс арттыру;

2. Суару тәсілі мен техникасы дұрыс таңдап алынбуы;

3. Суару технологиясының элементтері (қарық немесе тақта ұзындық-тары, суару ұзақтығы, қарыққа немесе тақтаға берілетін су мөлшері) жер жағдайын ескермей, судың шамадан жоғары берілуі;

4. Суару өзінің мерзімінен кешіктіріліп, топырақ өте құрғап кеткен кезде жүргізілуі;

5. Нақты суару нормасы топырақтың су сіңіргіштігі мен сыйымдылығы-нан артық берілуі.

Желілік эрозия көбінесе гидротехникалық құрылыстар маңында және судың өте үлкен жылдамдықпен ағу нәтижесінде, уақытша арықтардың жырылып жыраға айналып кету түрінде болады. Эрозияның бұл түрі төмендегі себептерге де тікелей байланысты:

1. Гидроқұрылыстар мезгілімен жөнделмей, нәтижесінде сыздықтап ағып, топырақты жыралап, кейін ол жыраға айналады;

2. Уақытша арықтар тарту бағыттарын танап еңістігін ескермей қабылдау;

3. Уақытша арыққа суды шамадан тыс, есепсіз көп беру.

Негізінен осы үш кемшілік салдарынан судың ағу жылдамдығы өзінің зрозия туғызу деңгейіне жетіп, уақытша арықтардың бірте-бірте жыраға айналуына әкеліп соғады. Қазіргі кезде суару эрозиясы нәтижесінде әр гектар танаптан маусым бойында, яғни мамыр-тамыз айлары кезеңінде 30-50 тонна ең құнарлы деген топырақ түйіршіктері танап сыртына жуылып кетеді. Танаптан қашқан лай судағы аса бағалы заттар құрамы кестеде көрсетілген.



Суару эрозиясы нәтижесінде егістік танабы сыртына қашқан сумен жуылған топырақ және қоректік затгар мөлшері

Танап еңістігі

Топырақ массасы, т/га

Оның ішінде, кг:

қарашірік

азот

фосфор

0,006

10

25,2

1,6

22,0

0,01

38

42,2

57,6

73,5

0,02

48

0,0

59,8

97,7

Осы мәліметтер су эрозиясының қаншалықты зиян келтіретініне дәлел болып табылады. Сонымен қатар осы кесте мәліметтері негізінде су эрозиясының танап еңістігі артқан сайын өршелене (арта) түсетінін аңғаруға болады.


Бақылау сұрақтары:

1. Су эрозиясы мен суару эрозиясының айырмашылығы

2. Су эрозиясы және суару эрозиясының түрлері

3. Суару эрозиясының пайда болу себептері

4. Эрозияны болдырмаудың қандай шаралары бар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР №14-15
Тақырыбы: Фермердің су пайдалану жоспарын құру

Сабақтың мақсаты: Шаруашылық су пайдалану жоспары, оған керекті мәліметтер және суару жоспарын жүзеге асыру жолдарын қарастыру.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары: слайдтар, суреттер, плакаттар

Суару жұмыстары барлық ауылшаруашылығы өндірісіндегі суды пайдалану жоспары бойынша жүргізіліп отырылады. Бұл жоспардың алдына екі мақсат қойылады: біріншісі шаруашылықтағы оның жекелеген бөлімшелерге қажетті су мөлшерін дәл анықтап, календарлық суару жоспарын белгілеу болса, екіншісі суару жұмысын агротехникалық жұмыстармен байланыстырып жүргізу.

Су пайдалану жоспарында төмендегі талаптар сақталуы керек:


  • суарылатын жер 1-2 күн ішінде өнделуі керек. Суару жұмысын тәулік бойы тынымсыз жүргізіліп, суармалы жерлерден ағынды су болмауын қамтамасыз ету;

  • су көлемі жетпей жатса, жеке қожалық, фермер т. б. шаруашылықтар арасында су пайдалану кезегін кіргізу. Бірақ су берілмейтін уақыт 10-12 тәуліктен аспауы керек;

  • суару әдісі мен тәсілі ғылыми жұмыстардың нәтижесіне сүйене отырып анықталады.

Су пайдалану жоспарын жасау үшін төмендегідей мәліметтер керек:

Шаруашылықтың суармалы жерінің 1:10000 масштабындағы жоспары. Бұл жоспарда танаптар, каналдар, құрылыстар, су өлшегіш құралдар т.б. көрсетілуі керек.

- Каналдардың су өтімдері.

- Ауылшаруашылық дақылдарды егістікке орналастыру жоспары.


  • Дақылдардың суару жүргісі.

  • Каналдардың пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК).

Су пайдалану жоспары көкек айына дейін аудандық су басқармасымен келісіліп бекітілуі керек.

Су пайдалану жоспарын есептеген кезде үш кесте толтырылады:

1. Ауылшаруашылық дақылдарын суару жүргісі;

2. Күнделікті су пайдалану кестесі: Бұл кестеде әр онкүндіктегі қажетті су мөлшері, қанша гектар егістік суарылатыны және каналдың қажетті су өтімі көрсетіледі;

3. Әр танапты суару кезегі: Бұл кестеде әр танапты қай мезгілде суару барысы мен агротехникалық жұмыстар қай уақытта жүретіні көрсетіледі.

Су пайдалану жоспарын сапалы және жоғары деңгейде жүргізу үшін әр шаруа қожалығы, фермер т.б. шаруашылықтар, су Басқармасымен шарт жасасқаны дұрыс. Бұл шартта су басқармасы шаруашылық каналы басына қажетті суды дер мезгілінде қажетті тиісті беріп отыратынын міндетке алады. Ал шаруашылық өз тарапынан берілген суды шығынсыз қабылдап, белгіленген егістікті суаруға міндеттеледі. Қажет болған жағдайда (келісім бойынша) бас және шаруашылық каналдарды шөп-шалам, қоқымнан тазартуға жұмыс күшін бөледі.

Шаруа каналдарының басына су өлшегіш қондырғы орнатылады. Каналдағы су өтімін күніне екі рет (таңертеңгілік және кешкісін) шаруашылықтың гидротехнигі өлшеп, журналға түсіріп отырады. Сондай өлшемді су басқармасы гидротехнигі де жургізіп отырады. Олар әр он күнде кездесіп, екеу ара бір келісімге келіп (біреуі қанша су алғанын, екіншісі қанша су бергенін) актіге қол қояды. Осы акті бойынша шаруашылық су ақысын белгілі баға бойынша төлеп отырады.

Жыл соңында су пайдалану жоспары қалай орындалғанын мына көрсеткіштер арқылы анықтайды:



1) Әр он күндікте шаруашылыққа берілген су мөлшері (Ре) жоспарға қарағанда қанша болғанын анықтайды:

Pe=Wнақ\Wжoc .100%

бұл жерде: Wнақ - он күндікте нақты берілген су мөлшері,

Wжос- жоспарланған су мөлшері, м3

Ре - 0,95... 1,05 арасында болуы керек.



2) Әр онкүндіктегі суару жоспарын орындау көрсеткіші (Рn%)

Pn=WHaқ,/Wжoc .100%

бұл жерде: Wнақ - әр онкүндіктегі нақты суарылған егістік ауданы, га

Wжoc - жоспар бойынша суарылатын ауданы, га

Бұл көрсеткіште Рп=0,95-1,05 арасында болады.



3) Әр онкүндіктегі су пайдалану коэффициентін анықтайды ие)

Kue= Pn /Pв =1 болуы керек.

4) Канал басындағы су өтімінің өзгерісін анықтайды (Cv)

бұл жерде: Qнақ - бір бақылағандағы канал басындағы нақтылы су өтімі, л/с;

Qopm - осы жердегі 5 күндіктегі орта су өтімі, л/с;

п – су өтімін бақылау саны.

Егер Cv = 0...0,l шамасында болса, шаруашылыққа су беру жұмысы жақсы жүрген деп есептеледі. Cv =0,1...0,2 - орташа деп есептелінеді; Cv>0,2 - нашар деп есептелінеді.

Су пайдалану жоспарын есептеген кезде төмендегі көрсеткіштер анықталады: 1). Әр он күндіктегі суаруға қажетті таза су мөлшері WHoh ‘Mі :

WHoh. t
Бұл жерде: т - суару мөлшері, м3/га;

- дақылдың алып жатқан таза ауданы, га

п - суару ұзақтығы, тәулік

t - онкүндікте суарылатын күн саны, тәулік

Егер nWHoh = болып қабылданады. Бұдан соң әр онкүндіктегі қажетті су көлемін қосып, маусым кезіндегі қажетті таза су мөлшерін (WН ) анықтайды. Ал жалпы қажетті су мөлшерін Wбр=Wтб/-nc тендеуімен анықтайды. Әр онкүндіктегі жалпы таза су мөлшерін Wбр қосып, маусымдағы қажетті жалпы су мөлшерін анықтайды. Осы анықталған әр онкүндік пен маусымдағы су мөлшері бойынша шаруашылық су Басқармасына сұрау жасайды. Осы жоспар бойынша су Басқармасы суды шаруашылық каналының басына беріп отырады.



2) Әр онкүндіктегі таза су өтімі (QH):

QH = WH онкүн/86,4-t, л/с;



3) Тәуліктегі суарылатын ауданы, (Wтәулік) га:

Wmәул=86,4.Qн/m, га

4) Суару ұзақтығы (таза уақыт) (Т):

T=WН/Wmәул ; сағат

5) Қажетті сушылар саны (n):

n =Wтәул/Wсуш ; сағат



Wcyш- біp сушының суаратын ауданы-2-4 га.
Су пайдалану жоспары ауа райына байланысты реттеліп отырылады. Мысалы айталық, 20 маусымда қант қызылшасы 800 м3/га мөлшерімен жоспар бойынша суарылуы керек еді. Бірақ 18,19 маусым күндері 20 мм (200м3/га) жауын-шашын болады деп болжамданған. Міне, осындай жағдайда суару мөлшері жауған жауын-шашынға кемітіледі де суару мөлшері 800 м3/га (болмай, 800-200=600м3/га) болады.

Екінші бір жайт айталық, 20-шілдеде ауа температурасы жоспардан тыс жоғарлап кетті делік. Ал суару мерзімі 25-шілдеде. Алайда ол уақытты күтуге болмайды, мұндай жағдайда өсімдікке өте көп зиян келуі мүмкін. Сондықтан 20-21 шілде күндері 200-300 м3/га суару мөлшерімен суарып жіберген жөн болады. Осындай ауа құбылысын шаруашылықта бақылап, дер кезінде шара қолданып отырса, өнім мол және тұрақты болады.



Шаруашылықта суару жұмысын ұйымдастыру және жүргізу

Әрбір шаруашылықтар, жеке қожалықтар мен фермерлерде суару жұмысы алдын-ала есептеліп бекітілген ішкі шаруашылық суды пайдалану жоспары арқылы жүргізіледі.

Бұл жұмысты сапалы атқару үшін қабылданған суару технологиясын мұқият жүргізіп атқару керек.

Әсіресе, суару мерзімін сақтап, белгіленген суару мөлшерін жеткізіп отыру өте қажет. Бұл үшін шаруашылық бөлімшелерінде тәжірибелі сушылардың болғаны абзал және олардың жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылуы қажет. Барлық суару жүйелері, ондағы гидротехникалық құрылыстар жөнделіп, суармалы жер тегістелуі керек. Қарық, пал уақытылы дайындалып отырылуы қажет.



Суару жұмысын сапалы жүргізу үшін төмендегі жұмыстар жүргізіледі:

- шаруашылықтағы барлық каналдар, құрылыстар сәуір айына дейін жөнделіп тазаланады;

- егінді еккенге дейін жер беті тегістеледі;

- қарықты суарар алдында 1-2 күн бұрын, ал палды егінді егер кезде қазады.

Қарыққа және палға ең ыңғайлы еңістік 0,003-0,005 аралығы болып табылады. Қарықтың тереңдігі алғашқы кезде 10-15 см болса, кейінірек 20-25 см-ге дейін жеткізіледі. Қарықпен жіберілетін су деңгейі оның жалпы терендігінің 1/4 бөлігі, ал кіші еңістікте 2/3 бөлігі толуы тиіс. Бір қарыққа 0,1-1,0 л/с су, ал палмен суарғанда әрбір метр еніне 3-5 л/с су беріледі.

Қарыққа палға берілетін су өтімі оның бойындағы топырақты қажетті тереңдігіне дейін біркелкі ылғалдандырып, оны шайып кетпеуі керек. Сондықтан ол су өтімін өлшеп реттеп отырады. Ол үшін әртүрлі аспаптар пайдаланылады.

Қарыққа, палға су жіберетін аспаптар-құралдар.



Қарыққа су жіберетін аспаптары

Бір сушының өнімділігі, га (тәулік)

Қосымша мәліметтер

1

Шым бекіту

1,3

Гектарға 1,5 тонна шым қажет

2

Қамыс түтіктері

1,8

Бір қарыққа 3-6 дана қамыс түтіктер қажет

3

Қағаз салфеткасы

1,5

I=0,4; d=15-25 мм

4

Темір құбыр

1,8

I=0,25; d =16 мм

5

Темір қалқан

1,7

d=12-40 мм

6

Резеңке сифоны

1,6




7

Полиэтиленді сифоны

1,6




Қарыққа берілетін су өтімін дұрыс анықтап алу керек. Мысалы: ұзындығы 200 метр қарықты, 600 м3/га суару мөлшерімен суару керек. Қарық ара қашықтығы 0,7 м делік, қарыққа секундына қанша су берілу қажет?

1. Бір қарықпен суарылатын ayдaн – WK=200х0,7=140 м2.

2. Бір қарыққа берілетін жалпы су мөлшері:

W=mwK/1000=600-140/1000=8,4 м3 немесе 8400 литр

3. Осы су көлемі қанша уақытта қарыққа жіберіледі?

Бұл топырақтың су сорғыштығына байланысты. Оны тәжірибе арқылы анықтайды. Біздің мысалда бір метр қарық ұзындығына 0,06 (10,7) = 42 метр, су 2 сағат 20 минутта (8400 сек) сіңеді делік. Сонда 200 метр қарық ұзындығына Qқ=42 -200/8400=1л/с су өтімі беріледі екен. Яғни қарық 2 сағат 20 минутта суару мөлшерін қабылдайды.

Қарыққа су жіберілгеннен кейін, оны бақылап отырған жөн. 10-20 минуттан кейін қарық соңынан лайланып су аға бастайды. Сәл уақыттан соң лай басылып, су тазалана бастаса, онда қарыққа берілген су өтімі дұрыс есептелген. Егер де лай басылмаса, онда топырақтың шайылып жатқандығы. Оны болдырмау үшін қарық басындағы су өтімін азайту керек .

Суару жұмысы тәулік бойы тынымсыз үш кезеңде жүргізіледі Аға сушы сушылардың жұмысын ұйымшылдықпен жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, ол каналдағы суды әр сушыға бөле, сифон түтіктермен құбырларды жалғастырып, әр сушыға тиісті тапсырма береді.

Жабық суармалы жүйелерде суарар алдында суару шлангасын гидранттарға жалғап, резеңке сақинасымен бекітіп, жер бетіне төсейді. Шланганың әр 60 см бойында арнайы ойықтар болады. Сол ойық арқылы су қарыққа барады. Мұндай суармалы жабық жүйелерді қадағалап, жөндеп тұру үшін 3-4 адамнан құралған бригада болады. Суару жұмысы шланганы жуумен аяқталады. Жуу үшін есептен тыс су өтімі беріледі де, шланга соңына дейін жеткізіледі. Гидравликалық соққы болмас үшін су қысымы 1-1,5 м су сынабынан аспауы керек.

Топырақ кепкеннен соң, шланга оралып жиналуы тиіс. Сулы күйінде шланганы жинауға болмайды.

Жаңбырлатқыштарды пайдаланған кезде сумен бірге минералды тыңайтқыштарды да береді. Ол үшін жаңбырлатқыш агрегаттарда арнайы жасалған гидроқондырғы болады. Оған минералды тыңайтқышты қажетті кезінде салып отырады. Қажетті тыңайтқыш мөлшері мына теңдеумен табылады:



Р=У.Q/К.т, л/с;

Бұл жерде:



Р - сумен берілетін тыңайтқыш мөлшері, л/с;

У - тыңайтқыштың агротехника бойынша қажетті мөлшері, кг/га;

Q - жаңбырлатқыштың су өтімі, л/с;

К - ерітіндінің концентрациясы, г/л;

т - суару мөлшері, м3/га;

Суармалы жерлерде көбірек пайдаланылып жүрген жаңбырлатқыштар: "ДДА-100МА"; "ДДН-100"; "Фрегат", "Волжанка".

"ДДА-100МА" агрегатын пайдаланған кезде су сорғыш шлангасының темір торы бекітіліп қалмауы үшін уақытша арықты үнемі шөп-шаламнан тазалап тұру керек. Агрегат жүретін жол тегіс болуы қажет. Бұрылыс жерлерде форманы трактор өсіне бағыттап бұру керек.

"Фрегат" жаңбырлатқышы бір орында тұрып 16,2-72,6 гектар жерді суарады. Бір оператор 3-4 агрегаттың жұмысын қамтамасыз етеді. Бір орыннан екінші орынға оны трактормен сұйреп апарады. Бұл кезде барлық дөңгелектер құбыр өсіне параллель бұрылады да, бірінің ізінен бірі жүріп отырады. Өсімдіктін зақымдануы 1%-дан аспайды.

Жеке қожалық шаруашылығьшда суару машиналарын пайдаланған тиімді болады. Ондай машиналардың "ППА-165"; "ППА-300" т.б. түрлері бар. Бұл машиналар кәдімгі мелиоративтік тканмен жасалған шлангалардан және "Т-28-3" маркалы кішкене трактордан тұрады.

Суару жұмысына аға сушы жауап береді. Әр сушыға резеңке етік, күрек, кетпен, сифон, қалқан, қолғап беріледі.

Шаруашылықтағы суару жұмысын ұйымдастырып басқаратын агроном болады. Бөлімше бастығы және бригадирлермен бірге ол суарудың сапасына, суару мерзімінің сақталуына жауап береді. Суару жұмысының оперативтік графигін жасауға қатысады. Күн сайын аға сушыдан суарылған жерді қабылдайды.

Ал, шаруашылықтағы суару жүйесінің тынымсыз жұмыс істеуін гидротехник қамтамасыз етеді. Ол суды уақытылы әр бригадаға, әр звеноға жоспар бойынша бөліп, оның пайдалануын қадағалап отырады.

Шаруашьшықтағы суды пайдалану жағын аудандық су Басқармасы қадағалап отырады. Әр шаруашылықтарға, жеке қожалықтарға немесе фермерлерге берілетін су мөлшері өлшеніп отырылады. Суармалы жерлерді аралап, кемшіліктерді (ысырапсыз су пайдалануды) болдырмаудың көзін іздейді. Егер ондай кемішліктер шаруашылықтың әсерінен болып жатса, онда су беруді тоқтатып қойып, айып төлем салуға құқығы бар.

Түн уақытындағы суаратын жердің ауданы үлкен және қарықтар ұзын болғаны жөн. Сушылар күндіз, түнде суаратын жерді белгілеп, сифондарды, трубкаларды орнына қойып үлгеруі керек. Түнде қарықтың су өтімін күндізгіге қарағанда 1,5-2 есе азайтады. Түнде бір танапта екі сушыдан жүруі керек.

Суарылған жерді агроном қабылдап алады. Қабылдау барысында оның сапасын төмендегі әдістердің бірімен анықтауға болады:

1. Көзбен қарап бағалау;



2. Агроном тросымен;

3. Топырақтың ылғалдылығын анықтау арқылы.

Көзбен қарап бақылауды күндізгі сағат 1100-де жүргізеді. Жақсы суарылған жер қою қара, аз суарылған жер сәл қоңырланып тұрады.

Егер қоңырланып тұрған жер суарылған ауданның 20%-нан асса, ол жерді қайта суартады.

Агроном тросы пайдаланылған кезде суарылған танапқа өз салмағымен 40 см-ге дейін енуі керек. Одан аз болса – су аз берілгені.

Топырақ ылғалдылығы арқылы анықтау лабораториялық жолмен табылады. Топырақ деңгейінен (әр 20 см тереңдігінен) бюкспен оның үлгісін алады да салмағын өлшейді. Одан сон, бюксті ашық түрде термостат пешіне салып, 8-10 сағат кептіріп, салмағын қайта өлшейді.


Бақылау сұрақтары:

1.Су пайдаланушылардың қандай ұйымдарын білесіз, олардың атқаратын қызметтері қандай

2. Су пайдалану жоспарын қалай құрады, ол не үшін керек

3. Су пайдалану жоспарын құру үшін қандай мәліметтер керек

4. Су пайдалану жоспары қалай жүзеге асырылады

5. Су пайдалану жоспарына қандай өзгерістер енгізуге болады



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Зубаиров О.З., Тлеуқұлов А.Г. Суару мелиорациясы, Алматы, 2010 ж.

2.Әуезов Ә.Ә., Атақұлов Т.А., Сүлейменова Н.Ш., Жаңабаев Қ.Ш. Егіншілік, оқулық, Алматы, 2005 ж.

3.Атақұлов Т.А., Кененбаев Т.С. Ауыл шаруашылық мелиорациялары, Алматы, 2003 ж.



Білім алушының оқытушының қатысуымен орындалатын өзіндік жұмысының тақырыптары мен мазмұны

БАОӨЖ –жоспары.

апта

БАӨЖ-ның тапсырмалары


Бөлінген сағат көлемі

Ұсынылатын әдебиеттер мен өзге де ақпарат көздері

Жұмыстың орындалу мерзімі

БАӨЖ-дің орындалу

түрлері



1

2

3

4

5

6

1

Қазақстан республикасының жер ресурстары, пайдалану мәселелері

Жерлерді рекультивациялау, оның жолдары

Топырақ құрамындағы су көзі


1

1. Мицуи С. Минеральное питание риса, удобрение и мелиорация орошаемых рисовых

почв.-М.: ИЛ.-І9БО.-130с.

2.Шермағамбетов к., Жайлыбай к.Н. және басқалары. Күріш алқаптарының сортаң топырағын қалпына келтірудің агробиологиялық тәсілі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет