Инженерлік-геологиялық аудан



Дата13.01.2022
өлшемі19,12 Kb.
#111527
Байланысты:
Инженерлік геология Жандарбеков Медет


Инженерлік-геологиялық аудан

Инженерлік-геологиялық аудан — инженерлік-геологиялық алқаптың басқа аудандардан өзіндік тау жынысытар кешенімен айрыкшаланатын ірі бөлігі.

Инженерлік-геологиялық жіктеме бойынша тау жынысытар тобыӨңдеу

Физикалық-механикалық қасиеттерінің ұқсастығы, әсіресе беріктігі, деформациялануы, орнықтылыгы мен суөтімділігі бойынша топтастырылган әр түрлі генетикалық және петрографиялық тау жынысытар типтері.



Инженерлік-геологиялық карта.

Топографиялық негізде белгілі бір масштабта аумақтың инженерлік-геологиялық жағдайларын бейнелейтін карта; бұл аумақта құрылыс жүргізу немесе шаруашылықта пайдалану мүмкіндігін көрсетеді. Инженерлік-геологиялық карта: шолулық (1:1500000 және үсақтау), ұсақ масштабты (1:500000 — 1:1000000), орта масштабты (1:100000 - 1:200000), ірі масштабты (1:25000 — 1:50000) және түбегейлі (1:10000 және ірілеу) типтерге бөлінеді.

Инженерлік-геологиялық кешен.

Инженерлік-геологиялық көрсеткіштерінің ұқсастығымен немесе зандылықты өзгергіштігімен сипатталатын тау жынысытар кешені.



Инженерлік-геологиялық құбылыстар.

Табиғи жағдайда құрылыс пен әр түрлі инженерлік қондырғылар ықпалынан туындайды. Ең көп таралған инженерлік-геологиялық құбылыстар: қату және еру кезіндегі жолдың деформациясы, тау жынысытардың шаймалануы, кен (тау жынысы) қысымы, кен қазбаларының ісінуі мен жабындарының опырылуы, кентіректердің кирауы және т.б.



Инженерлік-геологиялық түсіру.

Арнайы геологиялық түсірудің түрі. Аумақтарды әр түрлі құрылыстар мен шаруашылық мақсатта пайдалану үшін олардың геологиялык құрылысын, геоморфологиялык ерекшеліктерін, геологиялық процестерді, сонымен катар тау жынысытардың физикалық-механикалық қасиеттерің зерттейді. Түсіру нәтижесінде инженерлік-геологиялық карта жасалады.


Дереккөздер


  1.  Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет