Стандарттау процесінде стандарттау нысанына қатысты нормалар, ережелер талаптар және сипаттамалар нормативтік құжат түрінде дайындалады.
2
Тақырыбы: Фармацевтикалық кәсіпорынның құрылымымен танысу. Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі бойынша кіріспе нұсқамадан өту. Зерттеу бөлімі және СБК (сапаны бақылау бөлімі) жұмысымен танысу Қысқаша конспект: Еңбек қауіпсіздігі және еңбектi қорғау туралы заң Қазақстан Республикасының Конституциясына , "Қазақстан Pecпубликасындағы еңбек туралы" Қазақстан Pecпубликасының Заңына негізделеді және осы Заңнан әрi еңбек қауіпсiздігi және еңбектi қорғау саласындағы өзге де норма құқықтық актiлерден тұрады. Кәсіпорында ұйымдастыру құрылымының сызбасы болады,онда өндірісті тиісті жерінде сапаны бақылау басшыларының ,сапаны қамтамасыз ету бөлімшесінің немесе сапа жөніндегі бөлімше басшысының арасындағы қатынастар және өкілетті тұлғаның ұстанымы айқын көрсетілген.
Еңбекті қорғау — жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Қауіпсіздік техникасы бұл - еңбек қызметі кезінде адамға қауіпті және зиянды факторлардың әсерін азайтуға немесе жоюға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық шаралар жүйесі.
Оның мақсаттары - қауіпсіздікті қамтамасыз ету; өндірістік немесе өзге де жарақаттарды барынша азайту, денсаулығын қорғау; Қауіпсіздік техникасын сақтамау өндірістік жарақаттанудың туындауына әкеліп соғады.
Осының барлығын әртүрлі іс-шараларды қамтитын еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жүйесі - еңбекті қорғау қадағалап отыратыны түсіндірілді.
Фармацевтика саласында сәтті қолданылатын және фармацевтикалық өнімдердегі қауіптілікті барынша азайтуға, және тұтынушының сенімділігін арттыруға бағытталған шаралар жиынтығы - GMP принциптері туралы сөз қозғалды.
Сапаны басқару мен бақылау - өнімнің сапа көрсеткішін, норматифті құжаттарды тұжырымдау әдістерін, сапа деңгейін бағалаужәне сапаны бақылауды қарастырады. Бұл жерде ықтималдылық және статистикалық әдістерге өнім сапасының деңгейін бағалау. Сынық нәтижелерін өңдеу және талдау әдістеріне шешімдерді қабылдау және оларды ұғыну әдістеріне көп көңіл бөлінеді.
Фармацевтикалық технология зертханасы өнімді және үрдістерідң фармацевтикалық әзірлеуіне және өндірісте алынған нәтижелерді енгізуіне қолданылатын толық көлемде жаңа дәрілік препараттарды әзірлеуде ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асырады.