Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет19/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Сызу оқулық

 
 
 
 
 
 
 
 
 


37 
5. ҚҰРАСТЫРУ СЫЗБАСЫ 
5.1.Негізгі терминдер 
 
Құрастыру бірлігі 
(2.101-68 МЕСТ) – құрам бөліктері 
дайындаушы өнеркәсіпте өзара құрастыру операцияларымен 
(бұрау, тойтарып шегелеу, пісіру, дәнекерлеу, желімдеу т.б.) 
біріктірілетін бұйым.
 
Құрастыру сызбасы 
(МЕСТ 2.102-68) – құрастыру 
бірлігінің кескіні мен оны жинауға (дайындауға) және бақылауға 
қажетті мәліметтерден тұратын құжат.
 
Жалпы түрдегі сызба 
(МЕСТ 2.102-68) – бұйым 
конструкциясы мен оның негізгі бөліктерінің өзара әсерін 
анықтайтын және бұйымның жұмыс жасау принципін 
түсіндіретін құжат.
 
Сипаттізім 
(МЕСТ 2.108-68) – құрастыру бірлігінің құрам 
бөліктерін анықтайтын, көрсетілген бұйымдарды дайындауға 
және өндіріске жіберуге қажетті мәліметтерді жазуға арналған 
кестеден тұратын мәтінді конструкторлық құжат.
 
5.2. Жалпы жағдайлар 
«Құрастыру сызбасы» жұмысы «Эскиздеу» тақырыбының 
жалғасы болып табылады. Сондықтан, бұған дейін жасалған 
құрастырылған бұйым құрамына енетін тетікбөлшектер эскизі 
осы тақырыптың бастапқы материалы деуге болады. 
Құрастыру бірлігінің құжаттары жинағына сипаттізім және 
құрастыру сызбасы кіреді. Конструкторлық құжаттардың мұндай 
түрлерін өндіріс талаптарына толығымен сай келетіндей етіп 
орындау тек материалдар технологиясы, материалдар кедергісі 
және т.б. пәндерді оқып меңгергеннен кейін мүмкін болады. 
Сондықтан 
сызу 
негіздері 
курсында 
конструкторлық 
құжаттардың 
орындалуында 
стандарттар 
мен 
өндіріс 
талаптарынан аз-кем ауытқулар болады.


38 
5.3.Сипаттізім 
Сипаттізім – жаңа бұйымды жобалауда толтыратын мәтінді 
конструкторлық құжат. Ол құрастыру сызбасын оқуды 
жеңілдетеді. Сипаттізім бұйымның құрам бөліктерінің санына 
қарай бір немесе бірнеше А4 пішімді сызба қағаздарына 


39 
орындалады. Сипаттізімнің бірінші бетіне арналған негізгі жазу 
5.1-суретте, ал қалған беттерге арналған негізгі жазу өлшемдері 
5.2-суретте келтірілген. 
Сипаттізім бірнеше бөлімдерден тұрады, олардың орналасу 
реті мен мазмұны жөнінде мәліметтер 5.1 кестеде берілген. Әрбір 
бөлімнің атауы «Атауы» деп аталатын бағанға асты жіңішке 
тұтас сызықпен сызылып жазылады және әрбір бөлім атауының 
үстінен және астынан бір бос жолдан қалдырылады. Мәліметтер 
бағандар мен жолдардан шығып кетпеуі керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет