8
Машина жасау сызбасында кеңінен қолданылатыны тік
бұрышты (ортогональ) проекциялар.
Мұнда проекция ортасы
проекция жазықтығынан шексіз қашықтықта орналасқан,
проекциялаушы
сәулелер
параллель
және
проекция
жазықтығымен тік бұрыш жасайды (2.1. в,г сурет), тік бұрышты
проекциялар деген атау осыдан шыққан.
Өндірісте сызбалар тікбұрышты проекцияда орындалады.
Нәрсенің жазық беттері (мысалы,
қабырғалары, қыры мен
жақтары) проекция жазықтығына
параллель болатындай етіп
орналастырылады, яғни мұндай жағдайда беттер проекция
жазықтығына нақты шамасында кескінделеді.
2.1. в суреті нәрсенің пішінінен
толық мағұлмат бермейді,
сондықтан
тікбұрышты
проекцияларды
бір
проекция
жазықтығында емес, екі, үш және одан да көп өзара
перпендикуляр жазықтықтарда орындау керек (2.1. г сурет).
Мұндай сызбалар бойынша
нәрсенің пішінін елестетіп, оның
барлық элементтерінің өлшемдерін табуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: