Инженерлік сызба



Pdf көрінісі
бет2/23
Дата01.12.2022
өлшемі3 Mb.
#160791
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Сызу оқулық

КІРІСПЕ 
 
Ғылым мен техниканың дамыған дәуірінде техникалық 
білімді болып саналу үшін адамда ең алдымен графикалық 
сауаттылық болуы, яғни сызбаларды оқи және орындай білу 
шарт.
Күнделікті өмірде кездесетін бұйымдар, машиналар, 
құрылыстар туралы қаншалықты мәлімет жазбаша баяндалса да, 
оларды сызбадағыдай дәл және түсінікті етіп елестету қиын. Міне 
сондықтан да сызу – техниканың тілі деп аталады. Сызбаларды 
орындаудың барлық ережелері мен шарттылықтарын меңгеру 
оларды дұрыс оқып, орындауға мүмкіндік береді. 
ЖОО – дағы «Инженерлік сызба» курсы – маңызды 
техникалық пәндердің бірі болып саналады. Мемлекеттік 
стандарттады меңгеріп, сызбаларды сала білу жалпы инженерлік 
және арнайы пәндерді оқуды жеңілдетеді. 
Стандарттар сызбадағы ережелер мен шарттылықтарды 
бекітеді, яғни оларды міндетті түрде осы заңдылықтарға сүйене 
отырып орындаймыз.
Бұл оқу - әдістемелік құралда жұмыс бағдарламасы бойынша 
оқытылатын «Инженерлік сызба» курсы тарауларының қысқаша 
мазмұны баяндалған. Мақсаты – қашықтан оқитын студенттерге 
«Инженерлік сызба» курсын меңгеруде және графикалық 
бақылау жұмыстарын орындауда көмекші құрал ретінде жасалған
 



1. СЫЗБАЛАРДЫ ОРЫНДАУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
«Инженерлік 
сызба» 
курсын 
меңгеріп, 
графикалық 
тапсырмалар мен сызбаларды орындау үшін, оларды орындаудың 
ережелерін білу қажет. 
Сызбаларды орындаудың ережелері машина жасау және 
техникалық сызбалар анықтамасында берілген. Тақырып 
бойынша толық мағұлмат алу үшін ұсынылған әдебиеттерді 
пайдалану керек. 
1.1.Пішімдер 
Негізгі пішімдер өлшемдері 1.1. кестеде көрсетілген. 
Кесте 1.1. 
Пішімдердің 
белгіленуі 
А4 
А3 
А2 
А1 
А0 
Пішім 
қабырғаларының 
өлшемдері, мм. 
210х297 297х420 420х594 594х841 841х1189 
Негізгі пішімдердің ең үлкенінің ауданы (А0) бір шаршы 
метрге тең. Пішімдер сызба жиегімен шектеледі (1.1, 1.2 сурет), 
сол жағынан 20 мм – сызбалар жинағын тігуге арналған жиек, ал 
қалған үш жағынан 5 мм-ден жиек сызылады. Оң жақ төменгі 
бұрышына негізгі жазу (1.3 сурет) орналастырылады. Негізгі 
жазу бөлімдерінің толтырылу үлгісі сызба түрлеріне байланысты 
әрбір нақты жұмыс үшін әдістемелік нұсқауда беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет