11
Қосымша көрініс өзі тиісті негізгі көрініспен проекциялық
байланыста орналасса, оны белгілеудің қажеті жоқ (2.6 в сурет).
Өзге жағдайларда қосымша көрініс әріппен белгіленіп (2.6 а
сурет), онымен байланысты кескінге
қарау бағытын көрсететін
нұсқама мен сәйкес әріп қойылуы керек.
Сонымен қатар, қосымша көріністі нәрсенің басты кескінде
орналасуын сақтай отырып бұруға болады,
мұндайда әріпке
(бұрылған) деген сөзді қоса жазу керек (2.6 б сурет).
Жергілікті
көрініс.
Сызбада негізгі және қосымша
көріністермен бірге жергілікті
көріністі де қолдануға болады.
Нәрсе бетінің жекелеген, аз
ғана
шектеулі жерінің кескіні
– жергілікті көрініс деп
аталады (2.7 сурет). Жергілікті
көріністің шектелу сызығын
көрсетуге (А) де,
көрсетпеуге
де (Б) болады.
Жергілікті көріністердің
белгіленуі қосымша көріністің
белгіленуіне ұқсас.
Тіліктер.
Нәрсенің ішкі
пішіні түсінікті болу үшін сызбада көрінбейтін кескін сызықтары
– үзік сызықтар қолданылады. Бұл сызбаны оқуды қиындатады,
кейде қателіктер жіберуге де себепші болады.
Сызбаны оқу мен
орындауды жеңілдету үшін шартты кескіндер – тіліктерді
қолданады.
Тілік дегеніміз – бір немесе бірнеше қиюшы жазықтықтармен
ойша қиғанда алынатын нәрсенің кескіні. Бақылаушы мен
қиюшы жазықтық арасындағы
нәрсе бөлігі ойша алынып,
проекция жазықтығына нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен
және оның артындағы кескіні салынады. Тілік орындау
нәтижесінде үзік сызықтармен көрсетілген нәрсенің ішкі
кескіндері көрінетін болады да, олар тұтас негізгі сызықтармен
сызылады.
Қиюшы жазықтыққа түскен кескін 2.306-68 МСТ ережесіне
сәйкес штрихталуы керек.
12
Әртүрлі материалдарды штрихтау үлгісі 3
қосымшада
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: