Аяқ киім гигиенасының ережелері
Аяқ-киім ыңғайлы, берік, сәнді әрі гигиена талаптарына және киілу шарттарына сай келіп, басқа киімдермен үйлесіп тұруы қажет.Ол табанды жарақаттанудан сақтап, адамның қимыл –қозғалысына кедергі келтірмей, табанға қысым түсірмейтіндей ыңғайлы болуы қажет.Жаңа аяқ-киімді таңдағанда оны киіп, мүмкін болған жағдайда жүріп көріп барып алу керек.Аяқ-киімді кигенде башпайлар еркін қимылдайтындай болуы шарт. Башпайдың аяқ-киім тұмсығына сәл жетпей тұрғаны жөн. [3]
Аяқ киімнің көп түрлілігіне қарамастан, оның қасиеттері мен параметрлері төмендегідей гигиеналық талаптарға сай болуы қажет:
1. ауа райы мен жұмыс жағдайларына сәйкес, аяқ киім ішіндегі қолайлы ауа алмасу мен температуралық-ылғалдылық режимді қамтамасыз етуі керек;
2. аяқ ұшының анатомо-физиологиялық және жасының ерекшеліктеріне сәйкес болуы керек;
3. аяқ ұшы мен бақайларын қыспауы керек, қозғалысты шектеп, аяқтың қан айналымын бұзбауы керек;
4. адамға қолайсыз әсер ететін зиянды химиялық заттар бөлінетін көзі болмауы керек;
5. жұмсақ, жеңіл, ыңғайлы, жеңіл тазартылатын болуы керек;
6. механикалық, химиялық және биологиялық әсерлерден қорғауы керек.
Аяқ киім үшін жоғарыда аталған барлық талаптарға сай келетін, ең жақсы материал - табиғи тері болып табылады. Ол төмен жылу өткізгіштік пен орташа ауа өткізгіштік қасиеттерімен сипатталады, созылғыш болады, зиянды химиялық заттар бөлмейді. Тері, оны қорғайтын қабатын тұзетін, 2-24% дейін майдан тұратындықтан, оның саңылауларына су енбейді. Салқын уақытта теріден жасалған аяқ киімнің жылу сақтайтын қасиеттерін жүні бар терімен астарлау және жүнді тері мен киізден жасалған ұлтарақ қолдану арқылы, жоғарылатылады. Аяқ киімнің табанына, жылу сақтайтын қасиеті теріден кем емес, ұсақ саңылаулы резеңке қолданылады. Киізден жасалған пималардың жылу сақтайтын қасиеті теріден де жоғары болып табылады, бірақ олар тез су болады және жүруге ыңғайсыз.
Жазғы уақытта жеңіл желдетілетін аяқ киімдерді: сандал, жалаң аяққа киетін аяқ киім, туфли,панталеттерді пайдалану қажет. Жазғы аяқ киімдердің үстіңгі бөлігі ауа өткізетін материалдардан тігіледі. Жазғы аяқ киімдер үшін, қысқы аяқ киімдерге пайдаланатын сияқты, табиғи тері ең жақсы материал болып табылады, бірақ жасанды тері, замша, тоқылған материалдар да кеңінен қолданылады. Жасанды тері, әр түрлі жоғарғы молекулалы қосылыстардан: поливинилхлорид, полиамид, полиуретандар, синтетикалық каучуктер, нитроцеллюлоза, латекстерден жасалады.
Бұдан басқа, жасанды терінің құрамына, технологиясының талаптарына сәйкес, стабилизаторлар, пластификаторлар, толықтырғыштар, ағартқыштар, бояғыштар, фунгицидтер де кіреді. Ауаның жоғары температурасы, ультракүлгін сәулелері, механикалық немесе химиялық факторлар әсерінен жасанды терінің ескіруі немесе бүлінуі кезінде жасанды терінің көптеген кұрамдарын, соның ішінде, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін, әр түрлі мономерлер - дивинил, стирол, акрилат және т.б. сияқты, зиянды химиялық заттар аяқ киім ішіне бөлінеді.
Жасанды терінің, табиғи теріге қарағанда, ауа- және бу өткізгіштігі төмен болуына байланысты, бұндай аяқ киімді кигенде, аяқ қатты терлейді, бұл қоршаған ортаның температурасына байланысты, аяқ ұшының қызуына немесе салқындауына, бактериялардың, микроскопиялық саңырауқұлақтардың көбеюіне, аяқтың қажалуына, дерматиттердің пайда болуына әкеп соғады. Мысалы, поливинилхлорид пен кейбір басқа да синтетикалық материалдардан тігілген аяқ киім ауаның 10ºС-қа дейін температурада тиісті жылу сақталуды қамтамасыз етпейді, ал 35ºС жоғары температура кезінде аяқ ұшының қызуына әкеледі. Сондықтан, сыртқы ортаның мұндай температура параметрлінде табиғи материалдардан тігілген аяқ киімдерді пайдалану қажет.
Қолданылған әдебиеттер
1 Қуатбекова.Л., Келесова.Ү. Тігін бұйымдарының технологиясы – А., 2010.-154 б.
2 Қуатбекова Л., Келесова Ү. Тігін бұйымдарының технологиясы – Астана қ., «Фолиант» баспасы, 2010. 154 б.
3 Тәкішева Г., Асанова Б. Киімді модельдеу және көркемдік безендіру – Астана қ., «Фолиант» баспасы, 2012. 157 б.
4 Никитина Е., Талғатбекова А. Киімді конструкциялау – Астана қ., «Фолиант» баспасы, 2010. 274 б.
Достарыңызбен бөлісу: |