«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»



бет9/39
Дата09.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#63241
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
БАСТАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ

Сөз табы

Шарты

Мысалдар

Зат есім

Кез келген з.е.

Базаралы Апанасты қатты ұнатқан жүзбен қарап отыр (М.Ә.).

Есімдік:

жіктеу, сілтеу, өздік, белгісіздік, жалпылау



Зат есім орнына қолданылатыны

Сіздер бізге көп нәрсе үйреттіңіздер. Бұл – көктем желі. Өзіңіз ақын екенсіз ғой?! Бәрі де осы келісімге ден қойды. Әркімдер тілек-ұсыныстарын айтты.

Сын есім

Заттану

Үлкендер бала мінезіне сүйсініп қалды.

Сан есім




Үшеуі суыт жүріп кетті. Сегіз екіге бөлінеді.

Етістіктің: есімше, тұйық түрі

Заттану

Оқыған білер әр сөзді (Абай). Оқу инемен құдық қазғандай.

Бастауыш құрамына қарай екіге бөлінеді

Дара бастауыш

(Бір сөзден болады)



Күрделі бастауыш

(Екі не одан да көп сөздер болады)



Ұлжан – тартымды болумен қатар, сыншы да ана.

Жасалу жолдары:

1.Сөз тіркесінен:

Кеншілер сарайы адамға лық толы.

2.Негізгі сөз бен көмекші есімнің байланысынан:



Ырыс алды - ынтымақ. Еңбек түбі – береке.

3.Заттанған күрделі сын, сан есімдер және етістіктің есімше тұйық етістік тұлғаларынан:

Жиырма бес маған қайтып келсе ғой.

БАЯНДАУЫШТЫҢ ЖАСАЛУЫ

Сөз табы

Мысалдар

Етістік

Шопандар қалашығында электр шамы жарқырайды.

Оқушылардың ең басты міндеті – жақсы оқу.




Зат есім

Дәрігер – ардақты мамандық.


Сын есім

Біздің қатарымыз болаттай берік.


Сан есім

Бұлар он бес.

Есімдік

Біздің қақпан әне.

Баяндауыш құрамына қарай екіге бөлінеді

Дара баяндауыш

(Бір сөзден болады)



Күрделі баяндауыш

(Екі не одан да көп сөздер болады)



Қорықтағы басты тұлға – қорықшылар.

Жасалу жолдары:

1.Сөз тіркесінен:

Ұзақ ауданы – облыстың ең жарық ауданы.

2.Күрделі етістіктен. Ауыл мәдениеті де өсіп келеді.

3. Күрделі сан есімнен. Биыл жасым отыз сегізде.



4. Тұрақты сөз тіркесінен жасалады. Шошығанынан шешесі есінен танып қалыпты.


СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУСЫЗ МҮШЕЛЕРІ

Анықтауыш

Зат есімнен болған мүшеленің сын – сипатын анықтап тұрады. Сұрақтары: қандай? қай? кімнің? ненің? неше? нешінші? қанша? қайдағы? қашанғы?





Анықтауыштың жасалу жолдары





сын есім

есімдік

Зат есім

Сын есім

есімше

Зерделі қыздың зерек ойы қиядағы жұмбақты іліп әкетті. Олар шалғай ауылдарды аралап шықты.

Бұл сөз оған қатты әсер етті. Кейбір аңдар ертемен азықтануға шығады.

Өзен бойында қора-қора қой жайылып жүр. Олар ағаш есікті сындырып ішке кірді.

Оныншы сыныпта бұл тақырыптарды өткен едік. Волейболды алты ойыншы ойнады.

Айтқан сөзің дәл келсе, саған сыйлығым бар. Оқығаннын беті жарық.



Анықтауыш құрамына қарай екіге бөлінеді:


Дара анықтауыш

( бір сөзден тұратын анықтауыш)


Мысалы. Ұлыған қасқырды көріп зереқұтымыз қалмады. Сары жапырақтар жерге түсіп жатыр. Баланың даусы естіледі.

Күрделі анықтауыш

(кемінде екі сөзден тұратын анықтауыш)


Жасалу жолдары:

  1. Тұрақты тіркестен:

Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі - өнеге болып отыр.

2. Күрделі сөзден:

Қара торы бірінші келді.

Қолында сары-қызыл гүлдер бар.






Толықтауыш

Іс-оқиған заттық мағына жағынан сиппатайды.

Сурақтары: кімге? неге? кімді? нені? кімде? неде? кімнен? неден? кіммен? неммен? (атау мен ілік септіктерінен басқа септіктердің сұрақтарына жауап береді.)




Толықтауыш құрамына қарай


Дара толықтауыш

(бір сөзден тұратын толықтауыш)


Мысалы: Жіңіше бір қос ат келеді. Оны ешкімге көрсетпе.

Күрделі толықтауыш

(кемінде екі сөзден тұратын толықтауыш)

Жасалу жолында:


  1. Тұрақты тіркестен:

Қорыққанда Отанын сататын су жүректерден қорқу керек.

2.Күрделі сөзден:

Олар аттарды қара торысын таңдап алды.




Толықтауыш мағынасына қарай


Тура толықтауыш

(табыс септік тұлғасындағы толықтауыш)


Мысалы: Оны ешкімге көрсетпе. Мен кітап оқыдым.

Жанама толықтауыш

(барыс, табыс, шығыс, көмектес септіктері тұлғасындағы және туралы, жөнінде, жайында шылауларымен тіркесіп келген сөздер тұлғасындағы толықтауыш)

Екі қарт кісімен амандастым. Оның ұзақтан келе жатқандарға көзі түсті. Сабақта жарыс туралы сөйлестік.



Пысықтауыш

Сөйлемде Іс – қыймылдың тнрлі белгісін (мекенін, мезгілін т.б) анықтайтын мүше. Сурақтары: қайда? Қайдан? Қалай қарай? Қашан? Қашаннан бері? Қалай? Қалайша? Қайтіп? Неліктен? Не үшін? Неге? Не мақсатпен? Қаншалықты?







Пысықтауыш мағынасына қарай:



түрі


мекен


мезгіл


Себеп - салдар


Сын - қымыл


Мақсат

ережесі

Іс - әрекетінің болу орынын, мекенін білдіреді.

Іс - әрекетінің мезгілін білдіреді.

Іс - әрекетінің себебін білдіреді.

Іс - әрекетінің жүзеге асу амалын, мөлшерін білдіреді.

Іс-әрекеттің мақсатын білдіреді.

сұрағы

Қайда? Қайдан? Қалай қарай?

Қашан? Қашаннан бері?

Неліктен? Не үшін? Неге?

Қалай? Қалайша? Қайтіп? Қаншылықты?

Неге? Не мақсатпен?

мысал

Олар жоғары көтерілді. Ауылға қарай аттылы біреу келе жатыр.

Түске шейін оның жанында болды. Олар қыс бой осы аймақтан шықпады.

Кешке амалсыздан үйге қайттым. Ол Отаны үшін жанын қиды.

Оны зорға далаға алып шықты.

Оқу үшін қалаға келді. Біз әдейі жарыстық.


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді еркін аударма түрінде орыс тіліне аударыңыз.

Мәтінді оқып шығып әңгімелеп беріңіз.

Мәтінді бірнеше бөлімге бөліп, әрқайсысына тақырып ойластырып, алған тақырыптарыңызды негіздеңіз.

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ»
Қазақ хандығының ішкі, сыртқы жағдайы қиындағын кезде Жәңгір ханның баласы Тәуке хан қырық жылға жуық уақыт хан болды. Қазақ елінің басын біріктіру мақсатында қазақ билері Төле, Қазыбек, Әйтекемен бірлесе отырып, ХҮІІІ ғасырдың бас кезінде «Жеті жарғы» қазақ заңдарының жиынтығын жасады. Заң жинағында қазақ өмірінің басты-басты төмендегідей салалары қамтылған.

Бірінші – жер дауы. Көшпелі халықтың өмірінде жердің шешуші маңызы бар. Қыстау, жайлау, жайылым, қоныс мал баққан елдің атадан балаға қалдыратын еншісі. Жер – тіршілік ортасы, ата-бабасынан бері иеленіп келген халықтың келісімінсіз басқаға беруге, сатуға болмайды.

Екінші сала – үй ішіндегі тіршілікке, сол отбасындағы адамдардың өзара қатынасына байланысты. Әке мен бала, ене мен келін, үлкен мен кіші арасындағы қарым-қатынас. Әсіресе үлкенді сыйлауға, ата-ананы құрметтеуге, жастарды адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуге баса көңіл бөледі.

Үшінші сала – ұрлыққа, барымтаға кедергі қоюды көздейтін, халықты адалдыққа, таза еңбекпен күнелтуге бағыттайтын заңдар.

Жарғының төртінші саласы – ел мен ел, халық пен халық, ру мен ру арасындағы дау-жанжалдарды әділдікпен шешуді мақсат етеді.

Бесінші топқа – ел бірлігін сақтауға, Отанын қорғауға, сыртқы жауға тойтарыс беруге, жасақ құруға, сардар сайлауға бағыттайтын баптар жатады.

Жарғының келесі бір тармағы - құн дауына арналған. Айыр көмей, жез таңдай атақты үш төбе би «Қанға қан», «Қанды кек», «Ескіден келе жатқан жау» дегенде бірден ойға оралатын қатыгездікті жұмсартудың жолын қарастырған. Онсыз да өлімнің аз емес екенін, жаттан жат емес жақыннан жау іздемеу деген ізгі ниетпен өлім жазасын жұмсартып, құн төлеумен ауыстырған.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет