«Инженерлік-технологиялыќ факультеттіњ»


Сөздердің байланысу тәсілдері



бет2/39
Дата09.06.2020
өлшемі0,52 Mb.
#63241
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Сөздердің байланысу тәсілдері

  




1

2

3

4

түрі

Жалғаулар арқылы

Септеулік және жалғаулық шылаулар арқылы

Орын тәртібі арқылы

Дауыс ырғағы арқылы







Септеулік

жалғаулық







ереже

Сөйлемдегі сөздер жіктік, септік және тәуелдік жалғауларымен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер септеулік шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер жалғаулық шылаулармен байланысады.

Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатар тұрып орын тәртібі арқылы байланысады.

Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады.

мысал

Мен оқушымын.

Бала-ға берді.

Үйдің есіг-і


Біз сабақ туралы сөйлестік. Отан үшін отқа түс.

Ол ақылдыб бірақ жалкау. Ол шанышқы мен пышақты алды.

алыс жер, атақты адам.

Бұл – біздің ауылдың шамдары. Асан-белгілі ақын.

түсініктемесі

Мен сөзі мен оқушы сөзі мын жіктік жалғауымен байланысқан. Бала мен бер сөздері-ға септік жалғауымен байланысқан.

Сабақ және сөйлесу сөздері туралы септеулік шылаумен байланысқан.

Ақылды және жалқау сөздері бірақ жалғаулық шылауымен байланысқан.

Алыс сөзі мен жер сөзі ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы быйланысқан.

Бұл деген сілтеу есімдігінен кейін сәл кідіріс жасалып, өзінен кейінгі сөзден дауыс ырғағы арқылы бөлініп айтылады.




Сөздердің байланысу түрлері

    

түрі

қиысу

матасу

меңгеру

қабысу

жанасу

ереже

Сөздердің жіктік жалғауы арқылы байланысуы. Немеме басауыш пен баяндауыштың байланысуы

1.Ілік септігіндегі сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің байланысуы.

2. Кейде ілік септігі түсіріліп беріледі.



Сөздердің ілік септігінен басқа септіктердің жалғаулары арқылы байланысуы.

Сөздердің ешбір жалғаусыз тек орын тәртібі арқылы қатар тұрып байланысуы. Олардың арасына басқа сөз енгізуге келмейді.

Сөздердің ешбір жалғаусыз бірде іргелес, бірде алшақ тұрып байланысуы. Негізінен үстеуімен етістік жанаса байланысады.

мысал

I. Мен жазушымын

II. Сен бала-сың.

III. Біз барғанбыз.


Бала-ның үй-і,

Біз-дің гүл-іміз,

Ауыл тұрғындары,

Көрші-нің қызы.



Су-ды төкті.

Ағасы-на берді.

Біз-ден сұрады.


Қара қалам, қызықты оқиға, төрт батыр, алтын сағат, әдемі қыз.

Кеше болды, әдейі келді, сол арқылы білдім.


Мәтін тапсырмалары

Мәтінді асықпай, түсініп оқыңыздар.

Мәтінге күрделі жоспар құрыңыздар.

Жоспарды басшылыққа ала отырып, қысқаша мәтінге конспекті жасаңыздар.


АТА КӨРГЕН ОҚ ЖОНАР
Ата-бабамыз ұлды өздеріндей еңбек сүйгіш, малсақ жауынгер, әнші, күйші, аңшы, кұсбегі – бесаспап азамат етіп тәрбиелеуді мақсат еткен. Жігіттің бойына өнер мен еңбекті, ізгі адамгершілік қасиеттерді қатар сіңірген.

Ата өнерін баласының қууы, оны мирас етуі ежелгі ел дәстүрі болған. Қазақ халқының өмірінде жеті атасына дейін мергендік, аңшылық, күйшілік, емшілік өнерді қуып өткен адамдар жиі кездеседі. «Атадан ұл тумас болар ма, Ата жолын қумас болар ма» деген мақал да сол пікірдің айғағы.

Аталары балалары мен немерелеріне ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелдер айтып беріп, шешендікке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылардың немесе Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеуші шешендердің жастайынан елдің салт-дәстүрлері мен заңдарын, аңыз-әңгіме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерін жаттап жадында сақтап, көп білуі - әкелері мен аталарының әсері екені сөзсіз. Көпті көрген қариялар – отбасының, ауыл-аймақтың үлгі тұтар тұлғасы, тәлім-тәрбие мектебі сияқты. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерінде «балдай татып, судай сіңіп» кетуін, жақсы жар, әдепті келін, аяулы ана болуын армандайды.

Қазақ халқы келіннің келген жерінде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, біріншіден, оның өскен ортасына байланысты десе, екіншіден, келген жеріне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келінге енелері қонақ күту, ас ұстау, бала күту т.б. мәселелерде ақыл-кеңес беріп үйретіп отырады. «Келіннің жақсы болмағы, қайын ененің топырағынан» деп ененің жас келінге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген келін - келін. Жаман ауылға келген келін - келсап болады» деп текке айтпаған.

Үлкенді сыйлау - біздің халқымыздың ежелгі дәстүрі. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннің алдын кесіп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстыруға, тіпті үлкендердің алдында қатты күлмеуге тиіс. Осындай ата дәстүрмізді бүгінгі жастар жадында сақтап жалғастыра білуі қажет.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет