Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара және күрделі мүше болып бөлінеді.
Толық мағыналы бір сөзден болған мүшені дара мүше дейміз. Мысалы: Бізде спортшы жастар көп.
Күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен болған мүшені күрделі мүше дейміз.Мысалы: Кешке шейін (күрделі сөз) балықшылар судан екі рет (сөз тіркесі) ау шығарды.
ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕ
БАСТАУЫШ – сөйлемде атау септігінен тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. Сұрақтары: Кім? Не? Кімі? Несі? Кімім? Нем?
БАЯНДАУЫШ – бастауыштың жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіріп, сөйлемді тиянақтап тұрады. Қай сөз табынан болса сол сөз табының сұрағына жауап береді.