Хореоатетоидтар – бұл жоғарғы екі форманың қосарланған түрі. Спастикалық қисық мойындық – бұл мойын бұлшық еттерінің құрысып қалуы, тартылуы, бас бір жаққа қарай ырықсыз түрде қисаяды. Гиперкинезі бар балалардың 90%-де сөйлеу тілінің бұзылулары болады. Ал есту қабілетінің бұзылуы 5-20 % балаларда кездеседі. Мұнда психикалық даму аз мөлшерде ғана бұзылады. Оқу поцесі мен әлеуметтік бейімделуге қимыл-қозғалыс қиындығы мен сөйлеу тілінің кемістігі әсер етеді. Бұл балалар арнайы мектептердегі балалардың 15-20 %-н құрайды. Гиперкинетикалық форма таза түрінде өте сирек кезігеді, көбінесе спастикалық диплегиямен қосарлана жүреді 5. Атоникалық-астатикалық форма 5. Атоникалық-астатикалық форма Аталған форма өте төмен бұлшық ет тонусымен сипатталады. Вертикальдық, көлденең күйдің қалыптасу қиындығы – «астазия» байқалады. Мұндайда балалардың тепе-теңдік реакциялары қалыптаспайды. Қозғалыс координациясы бұзылады, тіктелу рефлекстері жетілмейді. Тепе-теңдік пен қозғалыс координацияларын реттейтін мидың мишық жүйесі зақымданады. Атаксия – қозғалыс координацияларының бұзылуы. Баланың қимыл-қозғалысы үйлесімсіз, тұрпайы болып келеді. Ал мишық атаксиясы мақсатты қимыл-қозғалыстың, жүрістің бұзылуымен сипатталады. Оның бірнеше түрлері бар: – дененің жүріс кезінде немесе тыныштық күйіндегі тепе- теңдігінің бұзылуы; – дисметрия – қимыл-қозғалыстың мақсатпен үйлеспеуі; – интенсиондық, динамикалық тремор – дірілдеу, зорлық қимылдарға жатады; әсіресе, жазу кезінде кедергі келтіреді
Достарыңызбен бөлісу: |