Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың 89% БЦСА бар балалар құрайды.
Тірек-қимыл аппараты зақымданған балалардың 89% БЦСА бар балалар құрайды.
БЦСА – балалардың церебральды сал ауруы, бұл жүйке жүйесінің ауыр науқасы. БЦСА – мидың қозғалыс жүйесінің зақымдануынан пайда болатын және бұлшық ет қызметіне орталық жүйке жүйесі тарапынан бақылаудың болмауымен немесе жеткіліксіз бақылануымен көрініс беретін қимыл-қозғалыстар бұзылуының бір тобы
БЦСА-ғы барлық танымдық психикалық процестердің бірқатар жалпы ерекшеліктері бар:
БЦСА-ғы барлық танымдық психикалық процестердің бірқатар жалпы ерекшеліктері бар:
– церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың барлық танымдық жүйесінің қызметіне кері әсер ететін белсенді ерікті зейін бұзылады, зейін бұзылулары қабылдау, ес, ойлау, қиял және сөйлеу бұзылуларына әкеліп соғады;
– төмен интеллектуалдық қабілеттен және зейін, ес, қабылдау, ойлау кемшіліктерінен, эмоционалдық орнықсыздықтан байқалатын барлық психикалық процестердің тым сарқылғыштығы (церебро-астениялық көріністер) көзге түседі
ЦСА бар балаларда кездесетін психикалық даму тежелуінің 2 варианты бар:
1. Психикалық даму қарқынының уақытша тежелуі. Дер кезінде жүргізілген мақсатты коррекция жұмыстары оны түзете алады.
2. Тұрақты жеңіл интеллектуалдық кемшілік. Бұл балалардың ой-өріс дамуында дұрыс динамика жиі байқалады. Олар материалды меңгере алады. Ой-өріс деңгейі жағынан сау құрбыларын қуып жетуга шамалары келеді.
Ал кемақылдық дәрежесі қабаттасқан гемиплегия мен атоникалық, астатикалық БЦСА түрлерінде көзге түседі.
БЦСА бар балаларға эмоционалдық және ерік-жігер саласының әр түрлі бұзылулары да тән. Балалардың бірінде ол жоғары эмоционалдық қозғыштық, ашушаңдық түрінде кездессе, енді бірінде ұялшақтық, тежелгіштік, көңіл-күйдің ауыспалылығы эмоционалдық реакциялардың инерттілігімен байланысты болады.