Инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру субъектілері: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, басқару органдарының өкілдері, қоғам және т б



Дата14.12.2021
өлшемі15,57 Kb.
#126696
Байланысты:
Инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру субъектілері


 Инклюзивті білім беру моделі. Инклюзивті білім беру субъектілері: педагогтар, ата-аналар, оқушылар, басқару органдарының өкілдері, қоғам және т.б.

Инклюзивті білім беру- мүгедек пен дамуында сәл бұзушылығы мен ауытқулары бар балалардың дені сау балалармен бірге олардың әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы бірлескен оқыту.

Инклюзивті білім беру дегеніміз – балалардың жынысына, жас ерекшеліктеріне, географиялық тұратын жеріне, қимыл-қозғалыстық және ақыл-есінің жағдайына, әлеуметтік-экономикалық жағдайына қарамастан, сапалы білім алу және өздерінің потенциалдық дамыту мүмкіндігіне ие болу.Инклюзивті оқыту – барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір - бірімен қарым - қатынас жасауға, танып білуге,үйренеді.

Білім берудің бұл түрінде мүмкіндігі шектеулі баланың өз-өзіне сенімі артады, ол маңайындағылар тарапынан өзіне қолдау бар екенін сезінеді,бұл баланың өзін –өзі бағалай білуіне, қоршаған ортасына сүйіспеншілікпен қарауына , өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады, осы сенімділіктерін дамыта түсуде әлеуметтік педагогтың ролі зор.Оқытудың бұл түрі арқылы мүмкіндігі шектеулі бала өз қабілетіне сай , ата- анасынан алшақтамай , яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай , тұрғылықты жерде білім алып, қоғам біте қайнасып, әлеуметтік жағынан бейімделеді. Ата –анасы да баласының дамуы мен тәрбиесіне белсене қатысып , жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.

Сонымен қорыта айтқанда, инклюзивті оқыту- оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға, адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Педогог- ол ұстаз, енді жетіліп келе жатқан жас ұрпаққа дұрыс білім үйретуші. Кез келген мықты адамныңда ұстазы жол нұсқаушысы болады. Баланың дұрыс ойлауына да үлкен үлесін қосатын осы ұстаздардың еңбегі және жас ұрпақтан болашақ үлкен азамат шығаратын фундамент осы маман иелеріне әбден байланысты.

Ата-ана болу- әр бала үшін, екі жақтан демеу беруі, әр қиын кезде қолдау білдіруі өте маңызды. Ең алғашқы былдырлап баланың тілі шыққаннан –ақ бастап өзінің өміріне жауап беретін жасқа дейін , ата-ананың тарбиесі үлкен роль атқарады.

Оқушы- білі алушы, жас ұрпақ. Жас ұрпақтың саналы білімді іздемпаз адамгершілікті, мейірімді, болашаққа деген үлкен нақты мақсат қоя алатын, ел қамын жейтін азамат болуына қоршаған ортаның жайлы болғаны маңызды. Қоршаған орта деген-ең бірінші ата-ана, бауырлар, класстастар, ұстаздар мен араласатын адамдар жатады.



Қоғам- жалпы тұрып жатқан мемілекеттен басап жаныңда жүргендердің бәрі қоғамға жатады. Қоғамныңда адамның өмір сүруіне ықпалы зор.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет