Байланысты: Инклюзивті білім беру пәнінен дәрістер
Мектеп директоры: Инклюзивті мәдениетті дамыту және қолдау, инклюзивті құндылықтарды қалыптастыру үшін жағдай жасайды, инклюзивті саясат пен тактиканы қалыптастыруға, педагогикалық ұжымдағы инклюзивті практиканы дамытуға белсенді қатысады, ерекше білім беру қажеттіліктерімен байланысты жұмысты үйлестіруге жауап беретін қызметкерлерге қолдау көрсетудің маңыздылығын түсінеді:
- сүйемелдеу жүйесінің барлық субъектілерінің міндеттерін бөлу және өзара іс-қимылын үйлестіру;
- сүйемелдеу жүйесі субъектілерінің қызметін реттейтін жоспарларды, сүйемелдеу жүйесінің бағдарламаларын, нормативтік құжаттарды бекіту;
- сүйемелдеу жүйесінің қызметін бақылау, ресурстық қамтамасыз ету;
- жұмыс нәтижелері бойынша сүйемелдеу субъектілерін материалдық және моральдық ынталандыруды